Дамира Өмірзаққызы Ибрагим адамзаттың асыл тәЖІ


"Оған кейбір аяттарымызды (мұғжизаларымызды) көрсетейік деп



Pdf көрінісі
бет105/273
Дата14.01.2023
өлшемі3,14 Mb.
#61296
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   273
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

"Оған кейбір аяттарымызды (мұғжизаларымызды) көрсетейік деп 
Құлы (Хазіреті Мұхаммедті) бір түнде Харам мешітінен (алып) 
айналасын берекетке толтырған Ақса мешітіне дейін жеткізген Аллаһ 
Тағала кемшілік атаулыдан пәк. Күмәнсіз Ол (Аллаһ Тағала) бар 
нәрсені естуші, бар нәрсені көруші". Осы аятта Исра мен Миғраж 
муғжизасының тылсымына, яғни сүйікті Пайғамбарымызға Аллаһ Тағаланың 
құдіретін сипаттайтын таңғажайыптардың көрсетілуіне меңзелген. 
Исра және Миғраж муғжизасы құпияға толы. Аллаһ Тағаланың 
құдіретімен бұл муғжиза барысында Хазіреті Мұхаммед уақыт пен кеңістік 
ұғымынан сыйырылған, яки адам ақылына сыймайтын таңғажайыптарға куә 
болған. Аталмыш муғжиза жайын сахабалар пайғамбардан естіген күйінше 
ауыздан ауызға ақтарған. 
Бес уақыт намаздың парыз болуы 
Пайғамбарымыз (с.а.у.) Миғраж түні бірқатар иләһи сый-құрметке ие 
болып, ілтипат көрді. Иман ақиқаттарын көзімен көріп, періштелерді, 
жәннатты, ақыретті тамашалап, тіл жетпес көркемдіктердің куәгері болды. 
Осы түні берілген ең маңызды сый: Бақара сүресінің соңғы аяттары 
(Амәнар-расулу), Аллаһқа ортақ қоспаған құлдың жәннатқа кіретіндігі 
жайлы сүйінші хабар және бес уақыт намаз. 
Муминдерге күніне бес мәрте намаз оқу сол кезден бастап парыз. Бұл - 
Миғраждың үлкен сыйы. 
Пайғамбарымыздың Исра және Миғраж муғжизасын мүшріктерге 
баяндауы 
Жебірейіл періштенің бастауымен пыраққа мініп көк жүзіне көтеріліп, 
теңдессіз құрметке - Аллаһ Тағаланың баянына тікелей куә болған соң сол 
түні-ақ Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) Қағбаға қайта оралады. Көңілін кернеген 


167
шаттық ақиқатты, Миғраж сапарын құрайыштарға тезірек жеткізуге 
итермеледі. Алдымен ет жақындарына басынан өткергендерін айтып, сонан 
соң жалпы жұртқа баяндамақ болады. Бірақ Әбу Тәліптің қызы Үммүхани 
алдын орағытып: 
"Айта көрме, оларға. Халық сенбегенімен қоймай, сені өтірікші деп 
ренжітеді", - деп жанашырлық білдіреді. 
Бірақ Мұхаммед (с.а.у.) қалың қауымға шындықты жеткізгенше 
асықты. Халықтың алдына шығып Миғраждан хабардар етті. Оның 
айтқандарын аңтарыла тыңдаған халық жан-жақтан қаумалап: 
"Уа, Мұхаммед (с.а.у.)! Бізді кімге санайсың? Егер осы айтқандарың 
рас болса, дәлелің қане? Біз бұрын-соңды мұндай сұмдықты естіген емеспіз", 
- деп шулады. 
Аллаһ Елшісі: 
"Дәлелдерім мынау, құлақ қойып тыңдаңдар. Пәлен рудың түйе іздеген 
жоқшыларын пәлен жерде жолықтырдым. Олардың түйелерін қай жерде 
көргенімді айтып, өзім Шамға қарай бет түзедім. 
Қайтар жолда Дабханан деген жерде пәлен руды тәтті ұйқы құшағында 
көрдім. Солардың аузы жабық тұрған су құйған шелегін ашып, ішіндегі суды 
іштім де, қайтадан дәл сөйтіп жауып кеттім. 
Тағы бір айғақ Тәнғим жотасында бір топ құрайышты көрдім. Ең алда 
қара түйе келеді. Үстінде бір қара, бір ала қап бар", - деді. 
Халық сөздің ақырын күтпестен биік төбеге қарай лап қойды. 
Шынында да Меккеге жақындап қалған бір топ құрайышты көрді. 
Алдарында екі қап артылған түйелері бар екен. Онан кейін келгендердің су 
құйған бақырашын ашқызып көріп, тағы да таң қалысты. 
Басқа дәлелдерді де зерттеп, сұрастырып, нақтылады. Соның бәріне 
көздері жеткенімен көңіл көздерінің көр соқырлығы олардың иман келтіруіне 
кедергі келтірді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет