Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет124/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   206
 
МИКРОКЛИМАТОЛОГИЯ 

микроклиматты 
зерттейтін 
(атмосфераның 
ең тӛменгі кабаттарындағы температураны, 
ылғалдылықты және желдің вертикаль кескінін анықтау, атмосфера 
режіміне микротопографияның, экспозицияның және ӛсімдіктердің 
әсерін талдау) климатологияның бӛлімі. 
МИНЕРАЛ (ескі лат. mіnera – кентас кесегі) – химиялық құрамы 
және физикалық қасиеттері бір текті табиғи дене. Ол жер бетіндегі 
немесе жердің (ғарыш денелерінің) қойнауындағы физикалық - 
химиялық процестерге байланысты пайда болып, тау жыныстарын,


кентастар мен метеориттерді, т.б. құрайды. Минерал негізінен 
қаттыденелер. Олар кристалды  (пирит, галенит), аморфты 
(опал, лимонит) 
және метамикты(сырты кристалл тәрізді, 
ішкі 
құрылысы аморфты, шыныға ұқсас) болып жіктеледі. Әр Минерал 
ӛзіне тән құрамды, кристалды құрылымы бар табиғи қосынды. 
Жекелегенкристалдар, дәндер  және басқа денелер Минералдық 
 индивид  деп, ал Минералдық индивидтердің бірігіп түзілгендері 
минералдық агрегаттар деп аталады. Табиғатта зерттелген Минерал 
түрлері 2,5 мыңға жуық, жыл сайын 30-ға жақын жаңа Минерал 
түрлері анықталады. Минералдардың кӛпшілігінде ионды құрылым 
кездеседі (кристалдық химия). Ковалентті  және интерметалдық  
құрылымдар аз кездеседі. Минерал құрауға Менделеев  
кестесіндегі
инертті  
(асыл)
газдар  
мен
ураннан  
соңғыэлементтердің  бәрі қатысады. Олардың кейбіреуі Минерал 
құрауда басты орын алады, ал құрылымы мен қасиеттері 
басты элементтерге ұқсастары (Pd,  Ge,  Іn,  Cd,  Ga,  Tl,  Se,  І,  Br,
Re,  Rb) Минералдардың құрамында изоморфтық қоспалар түрінде 
кездеседі. Изоморфтыққоспалар 
Минералдардың 
химиялық 
қасиеттерін ӛзгертеді. Табиғаттасиликаттар (Минералдың жалпы 
санының 25%-ы),  сульфидтер  (13%), фосфаттар  мен  ванадаттар  
(18%), тотықтар мен гидрототықтар (12%), түрлі табиғи химиялық 
қосылыстардың (32%) Минералдары бар. Жер қыртысының 92%-ы
силикаттардан,
тотықтардан,
гидрототықтардан 
тұрады. 
Химиялық құрамы жағынан Минералдар таза элементтер  және 
күрделі қосылыстар болып 
бӛлінеді. 
Минерал 
 кристалдары  
жайаниондардан  (S
2–
, O
2–
, OH

, Cl

, т.б.),  аниондық  радикалдардан 
[CO
3
]
2–

[SіO
4
]
4–

[PO
4
]
3–

т.б. 
құралады. 
Минералдарды 
[[[кристал|кристалды]] 
химиялық 
жіктеу,
құрылысының  
ерекшеліктеріне негізделген. Құрылымы бір типтес Минералдар 
құрамының изоморфизмпроцестерінен ӛзгеруі оларды құраушы
атомдардың,  иондардың атомдық  (иондық)  радиустарына,
кристалдық - химиялық сандарына, химиялық байланыс түрлеріне 
байланысты 
болады. 
Минерал
морфологиясы оның 
ішкі, 
құрылысына, пайда болу, қалыптасу жағдайларына қарай 
анықталады. Мысасылы, Қарағанды ӛңірінің талшықты родуситі –
 сұйық, ал бұршақ  сияқты  тығыз,  борпылдақ родуситі – қою  
коллоид  ерітінділерінің  кристалд ануынан  түзілген. Жеке 
Минералдар сыңарларының ӛлшемі әр түрлі болады. Тарбағатай  
пегматиттерінен табылған кварц кристалдарының ұзындығы 



метр, салмағы 72 тонна, қырларының ені 1 метрге жетеді. 
Кейбір коллоидтық Минералдардың  кӛлемі бірнеше м

болады.
Табиғаттағы  Минералдар сырт пішініне қарай кӛбіне  дендриттер, 
оолиттер, сферолиттер, секрециялар, конкрециялар, дән, топырақ с
ияқты массалар, сталактиттер, сталагмиттер түрінде 
кездеседі. 
Минералдардың физикалық қасиеттері кристалдық құрылымына 
және химиялық құрамына байланысты. Тығыздығына байланысты 
Минералдар жеңіл (2500 кг/м
3
дейін), орташа (2500 – 4000 кг/м
3
), 
ауыр (4000 – 8000 кг/м
3
) және ӛте ауыр (8000 кг/м
3
-тен жоғары) 
болып жіктеледі. Мӛлдірлік қасиетіне байланысты мӛлдір (тау 
хрусталі), шала мӛлдір (сфалерит), мӛлдір емес (магнетит) болып 
ажыратылады. Минералдар жаралу, ӛсу, ӛзгеру сатыларынан 
(Минералдар онтогениясы) 
ӛтеді. 
Минерал 
 магмалық 
 балқымаларда, 
ерітінділерде, 
 газдарда  
түзіледі. 
Белгілі 
 процестерден кейін бірнеше Минералдың топталуы Минералдар
парагенезисі деп 
аталады. 
Пайда 
болған 
Минералдар
ассоциациялары парагенетикалық талдау негізінде жасалған әр 
түрлі физикалық - химиялық диаграммалар бойынша анықталады. 
Табиғи реакцияларда түзілетін Минерал ӛзін қоршаған ортамен, 
ортаның фазалық қалпымен және физикалық - химиялық 
параметрлермен 
тығыз 
байланысты. 
Бұл 
жағдайлар 
Минералдардың құрамы мен түрлі қасиеттеріне әсер етіп, 
оғантипоморфтық белгілер (Минералдардың  кристаллографиялық  
ерекшеліктері, агрегаттарының сипаты, жеке сыңарларының 
ӛлшемі, кейбір физикалық - химиялық қасиеттер) береді. 
Минералдар экзогендік, эндогендік, метаморфогендік процестерде 
пайда болады. Минералдардың генезисін анықтау үшін олардың 
түзілу
процестерінің  
химизмін, 
пайда 
болған 
ортаның фазалық қалпын, жүйенің физикалық - химиялық 
параметрлерін, түзілу, ӛсу, даму жолдарын, оны құраған заттардың 
түп негізін білу керек. Бұл аталғандарды анықтаудың басты 
жолдары: 
а) 
геологиялық 
жағдайларды 
зерттеу; 
ә) типоморфтық белгілерді анықтау; б) парагенетиканы талдау; 
в)онтогенды 
талдау; 
г) газ бен сұйық қосындысын 
зерттеу; 
ғ) табиғи реакциялардың термодинамикалық шамаларын есептеу; 
д) 
әр 
түрлі 
геотермометрлер 
мен
газобарометрлер  
арқылы термодинамикалық параметрлерді анықтау; е) теңдеулердің 
физикалық - химиялық жүйесін зерттеу; ж) табиғатта түзілу 
жолдарын тәжірибемен қайталау; з) изотоптық құрамын анықтау. 


Минералдардың ӛндірісте қолданылуы олардың түрлі бағалы 
қасиеттеріне негізделген. Ӛте қатты Минералдар (алмас, корунд, 
 гранат, т.б.)  абразивтер ретінде,пьезоэлементтік қасиеті  барлары
радиоэлектроникада  қолданылады; қатты әдемі түстілерінен 
зергерлік бұйымдар жасалады. Минералдардың физикалық 
қасиеттері 
олардың 
кендерін 
іздеуге, кентастарды байытуға 
мүмкіншілік береді.  Қазақстанда  кездесетін Минералдардан
Менделеев  кестесіндегі элементтердің 60-тан астамы ӛндіріледі.
Қазақстанның әр жерінен жиналған Минералдардың таңдаулы 
коллекциялары Қазақстанның геологиялық 
мұражайларына 
қойылған. Бандунгтегі  (Индонезия) геологиялық мекеменің 
мұражайында Семізбұғы кенінің корунд Минералы сақтаулы; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет