Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет120/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   206
    Бұл бет үшін навигация:
  • Надир
МЕРИДИАН (лат. meridianus — жарым күндік, тал түс) 
1) Географиялық (жер) меридиан, жер шарының полюстері арқылы
экваторды тура кӛлденең кесіп ӛтетін сызық. Меридианның бірі 


шартты түрде бастапқы (бірінші, нәлдік) болып алынады да, одан 
бойлықтың шығысқа (шығыс бойлығы) және батысқа (батыс 
бойлығы) қарай есебі жүргізіледі. Халықаралық келісім-шарт 
бәйынша 
бастапқы 
меридиан 
Гринвичтегі 
(Ұлыбритания) 
обсерватория арқылы ӛтетін меридиан деп қабылданды. Меридиан 
кӛлденең сызықтармен бірге градустық торды құрайды. Ол жер 
бетіндегі нүктенің орнын анықтау үшін қажет. 
2) Жердің магниттік меридианы; жердің магниттік ӛрісінің күш 
сызығының жер бетіндегі проекциясы болып табылатын және 
берілген нүктеден ӛтетін сызық. Магниттік меридиан арқылы 
ӛтетін тік жазықтык магниттік меридианның жазықтығы деп 
аталады. Жер бетінің кез келген нүктесіндегі магниттік жазықтық 
пен географиялық меридиан жазықтығы арасындағы бүрыш 
магнитті бүрылу деп аталады. 
3) Геомагниттік меридиан; жер бетін жазықтықпен кесу сызығы. 
Жер бетінің кез келген нүктесі және оңтүстік және солтүстік 
геомагниттік полюстерді қосып түрған түзу сызық арқылы ӛтетін 
сызық. 
4) Аспан меридианы; аспан сферасының зенит пен оңтүстік және 
солтүстік полюстер арқылы ӛтетін, үлкен шеңбері. 
Надир (араб. назир, назар сӛзінен – бірдеңеге қарау, кӛру) –
 зенитке қарама-қарсы орналасқан аспан сферасының нүктесі. 
МЕТАМОРФТЫҚ ТАУ ЖЫНЫСТАРЫ (грек. metamorpho – 
ӛзгеру), метаморфизм әсерінен пайда болады. Егер метаморфизмде 
бастапқы тау жыныстарының химиялық құрамы ӛзгеріске 
ұшырамаса, онда қалыптасқан Метаморфтық тау жыныстарын
метаморфиттер, ал ӛзгеріске түскендерін метасоматиттер деп 
атайды. Метаморфтық тау жыныстары геологиялық қалыптасу 
жағдайына қарай катаклаздық, жапсар-термалық, аймақтық 
және метасоматоздық болады. Катаклаздық Метаморфтық тау 
жыныстары тектоникалық қозғалыстарға байланысты туатын 
қысымның әсерінен қалыптасады. Уатылу дәрежесіне қарай 
олардың тектоникалық  брекчиялар, катаклазиттер, милониттер  
сынды түрлері пайда болады. Жапсар – термалық Метаморфтық 
тау жыныстары интрузиялардың сыртында жылудың әсерінен 
қалыптасады. Онда силикатты тау жыныстары мүйіз тастарға, 
карбонаттылар мәрмәрлерге, кремнийлілер кварциттерге айналады. 
Олардың минералдық құрамы бастапқы тау жыныстарының 
құрамы мен температурасына байланысты әр түрлі болып келеді. 


Аймақтық метаморфизмде жылудың, қысымның, ерітінділердің 
әсерінен тақтатастар,  гнейстер,  гранулиттер,  амфиболиттер, 
мәрмәрлер, кварциттер, мигматиттер, эклогиттер қалыптасады. 
Оларға тақтатастық, сирек шомбал бітім, әркелкі түйірлі құрылым, 
кордиерит, андалузит, силлиманит, кианит, ставролит, омфацит, 
альмандин, пироп сияқты типоморфтық минералдар тән. 
Магмалық және шӛгінді жыныстар жердің терең қабатына түссе 
немесе жаңадан кӛтерілген магмалық ыстық лебіне ұшыраса, олар 
қысым күшінің және ыстық лептің әсерінен әр турлі ӛзгерістерге 
ұшырап, ӛзінің бастапқы құрылыс түрін жоғалтады, сонымен қатар 
олардың минералдық және химиялық құрамы да ӛзгереді. Осындай 
ӛзгерістен пайда болған жыныстарды метаморфтық жыныстар деп 
атайды. Мысалы, ізбестас метаморфтық әсерден кристалданып, 
тығыздалып мраморға айналады. Демек, мрамор — метаморфтық 
жыныс. Сазтастар әсерінен жаншылып, кристалды тақтатасқ а 
айналады. Граниттер мен құмтастар метаморфизм әсерінен 
жаншылып, кристалданып тақталанады, оны гнейс деп атайды. 
Габбро ӛзгергенде онан амфиболит атты жыныс шығады. Қазақстан 
жеріндегі де кембрийлік белдемдерінің кешендері эпидот – 
амфиболиттік, жасыл тастық фациялардың түзілу темп-раларына 
сәйкес орта, жоғарғы қысым жағдайларында пайда болғаны 
анықталған. Бұл кешендер белдеулік (Үлкен Қаратау, ӛлытау) және 
тең ӛлшемді [[[Мақбел]] (Мақпал), Шу, Кӛкшетау кӛтерілімдері
болып бӛлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет