Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет125/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   206
МИНЕРАЛДЫҚ 
ЗАТТАР - 
басқаша 
күлді элементтер деп 
аталады, себебі ӛнімді жандырған соң күл түрінде қалады. Күлді 
элементтер 
адам 
организмі 
үшін 
маңызды 
орын 
алады: ткань құрамына кіреді, зат алмасуға, ферменттерді,
гормондарды, 
ас 
қорыту 
сӛлін 
түзуге 
қатысады.
Организмде тазалық дәрежесін сипаттайды. белгілі бір элементтің 
жетіспеуі немесе болмауы ауруға әкеліп соғады. Адам организміне 
тәулігіне 20—30 г күлді элемент қажет. Ӛнімдерде құрамына 
байланысты 
МОНТМОРИЛЛОНИТ (Францияның Вьенна департаментіндегі 
Монтморийон  қаласының атынан шыққан) – силикаттар 
класының минералы. Химиялық құрамы: (Na, K, Ca) (Al, Fe, Mg) 
[(Sі, Al)
4
O
10
] (OH)
2
*nH
2
O. Минералдың құрылымы үш қабатты 
пакеттен (текшеден) тұрады. Оның екі қабаты кремний-оттекті 
тетраэдрден 
құралған, 
олардың 
арасындағы 
алюминий 
катиондарынан тұратын үшінші октаэдрлі қабаты кристалдың 
тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Пакет (текше) араларын су 
молекулалары Ca
2
+, Mg
2
+, Na+, K+, т.б. алмасу катиондары 
толтырады.  Алюминийдің Fe
3
+, Cr
3
+, Ca
2
+, Mg
2
+, Zn
2
+, Cu
2
+, Lі+, 
т.б. катиондарымен алмасуынан. Монт мориллониттің  нонтронит,
керолит, хризоколла,бейделлит, сапонит, т.б. кӛптеген түрлері 
түзіледі. Монтмориллонит жасырын кристалды, топырақ тәрізді, 
тығыз массалы агрегаттар құрайды және ұсақ қабыршақтар түрінде 
кездеседі. Магмалық жыныстардың, 
олардың 
туфтарының,
кальцийлі, темірлі шӛгінді жыныстардың жер бетінде, құрғақ 
климат жағдайында, сілтілік ортада үгілуінен, сазды жыныстардың 
шайылып екінші жерге тұнуынан пайда болады. Түсі ақшыл сұр, 


кӛкшіл ақ, қызғылт, кейде жасыл; Моос шкаласы бойынша қатт. 1 – 
2,5; тығыздығы 1,8 г/см
3
. Кавказ  таулары,  Қырым  түбегі,
Түрікменстан, АҚШ, Жапония,
Франция, т.б. елдерде 
Монтмориллониттің 
бірнеше 
кендері 
бар. Мұнай ӛнімдерін 
тазарту, сабын  қайнату, резина, қағаз, құрылыс материалдарын, 
тамақ ӛнімдерін тазарту, т.б. үшін қолданылады 
МУССОН (фр. mousson, араб.: маусым – жыл мезгілі), жер бетіне 
таяу тропосфераның тӛменгі қабатындағы ауа массаларының жыл 
мезгілдеріне қарай алмасатын маусымдық ағысы. Маусым ауысуы 
кезінде желдің басым бағыты 120 – 180º-қа ӛзгеріп тұрады. 
Муссонның пайда болуының басты себебі — күрлық пен мүхиттың 
біркелкі 
ысымауы. 
Атмосферадациклонды, 
антициклонды 
аймақтардың түзілуі, құрлық пен теңіздің әркелкі жылынып, 
суынуы, олардың арасындағы қысым айырмашылығы, жылу 
режимінің ӛзгеруі салдарынан ауа жылына екі рет орын ауыстырып 
ығысады. Жаздық ылғалды (мұхиттық) муссон мұхиттан салқын, 
ылғалды ауа әкелсе, қысқы (континенттік) муссон құрлықтан 
мұхитқа суық, құрғақ ауа тасымалдайды. Муссондар тропиктік
және тропиктік емес деп бӛлінеді. Тропиктік муссонның бағыты 
және жылдамдығы жоғары, әсері күшті; олар Оңтүстік және 
Оңтүстік-Шығыс Азияға тән, онда ылғалды мезгілде бірнеше 
мыңдаған мм жауын-шашын түседі. Тропиктік емес муссон Шығыс 
Азияға тән. Мұнда муссонның әсері шамалы. Қысқы құрғақ муссон 
Сібірдің ӛте суық ауасын Тынық мұхиттың жағалауына әкеледі; 
Жазғы ылғалды муссон мұхит жағалауына мол жауын-шашын 
апарады. Муссон атмосфераның жалпы айналымы жүйесінде 
маңызды орын алады және муссонды климат бар елдер 
экономикасының дамуына елеулі әсер етеді. Муссондар циклондар 
мен антициклондар неғұрлым тұрақты болатын және олар маусым 
бойынша күрт айырмашылық жасайтын аудандарда қалыптасады. 
Муссондарды тропиктік және тропиктік (экваторлык; )муссондар 
деп жалпы екі топка беледі. Тропиктік емес муссондар жылдың бір 
мезгілінде құрлық пен мұхиттың жылынуының әркелкі болуына 
байланысты туындайды. Олар, негізінен, солтүстік жарты шарда 
айқынырақ байқалады. Мұнда материктердід шығыс жағалаулары 
коңыржай және субтропиктік ендіктерде муссондық циркуляция 
ықпалында болады. Ӛйткені бұл аудандарда батыс желдерінің әсері 
азаяды, сондықтан құрлық пен кӛршілес орналаскан мұхит айдыны 
арасындағы температура мен қысым айырмашылығы маусымдық 


тұрақты желдердің (муссондардың) пайда болуына жағдай 
жасайды. Қоңыржай ендіктерде батыс желдерінін багытына 
қарама-қарсы соғатын жазғы муссондар құрлыққа жауын-шашын 
әкеліп, ауа температурасын едәуір тӛмендетеді. Ең тұрақты және 
айқын байқалатын муссондар тропиктік ендіктерде пайда болады. 
Тынық және Атлант мұхиттарының тропиктік ендіктерінде жыл 
бойы пассаттар басым келеді. Сондықтан тропиктік муссондар 
тек Тынық мұхиттың батыс бӛлігі мен оған кӛршілес Шығыс Азия 
мен Индонезия жағалауларында ғана айкын байқалады. Муссондық 
циркуляция Үнді мұхиты алабының тропиктік ендіктерде жатқан 
үлкен кеңістіктерін қамтиды. Бұл Үнді мұхитының екі ірі 
құрлыктың аралығындағы орнымен және екі жарты шарда 
орналасуымен түсіндіріледі. Тропиктік (экваторлық) муссондардың 
пайда болуына субтропиктік антицикпондар мен экваторлық тӛмен 
қысымды алаптың жыл мезгілдеріне қарай орын ӛзгертуі тікелей 
әсер етеді. Шілдеде экваторлық тӛмен қысымды алап солтүстік 
жарты шардың неғұрлым жоғары ендіктеріне қарай, ал қаңтарда, 
керісінше оңтүстік жарты шарға қарай ығысып, орын ауыстырады. 
Субтропиктік антициклондар да осы бағытта ығысады. Экваторға 
кӛршілес аймақтарда қоқымдық орталықтардың жыл мезгілдеріне 
қарай күрт орын ауыстыруына байланысты басым желдердің де 
бағыты ӛзгереді. Тропиктік муссондарға екі жарты шардың жыл 
ішінде біркелкі жылынбауы да себепші болады. Шығыс бағыттан 
соғатын қысқы, муссон пассаттардың бағытына сәйкес келеді. 
Қысқы муссон кезінде ауаның материктен мұхитқа бағытталуы 
құрғақ кезеңнің осы мерзімге сәйкес келуіне себепші болады. 
Бағыты пассаттарға қарама-қарсы болатын жазгы муссон кезінде 
ауа мұхиттан материкке бағытталады, сондықтан жаңбырлы кезең, 
негізінен, жаз мезгіліне сәйкес келеді. Жалпы алганда, Жер 
шарында жылына орташа есеппен 70-ке жуық тропиктік циклондар 
пайда болады. Тропиктік циклондардың қайталану максимумы сол 
жарты шардың жазы мен күзіне сәйкес келеді. Оңтүстік Азияда 
циклондар кӛктем мен күзде байқалады. Желдері тұрақты соғады. 
Тропиктік белдеудің шығыс жағалауы климаттық жағдайдың 
біршама қолайлылығымен ерекшеленеді. Жағалау бойымен жылы 
ағыстардың 
ӛтуіне 
байланысты 
батыспен 
салыстырғанда 
температура 
біршама 
жоғары, 
жауын-шашын 
мол. 
Тау 
беткейлерінде жылына 1500—2000 мм жауын-шашын түседі. 
Субтропиктік белдеудің жазы тропиктік белдеуге ӛте ұқсас, 


антидиклондың режім басым болады. Тропиктік белдеуге қарағанда 
субтропиктер күн жылуын 20%-дай аз алады (2 1 00 -102 — 25 20 -
102Дж/см2-ге дейін), сондықтан климаттың маусымдық сипаты 
айкынырақ байқалады. Қыс кезінде циклондық әрекеттер жиі 
қайталанады. Белдеу бойынша батыстан шығысқа жүрген сайын 
климаттың ішкі айырмашылықтары күшейеді. Батыс жағалық 
бӛліктерге жазы құрғақ, қысы ылғалды болатын субтропиктік 
жерортатеңіздік климат сипаты тән. Құрлық ішіне енген сайын 
климат континентті сипат алады (мұндай климат жағдайлары тән 
болатын ірі шӛлдерді картадан табыңдар). Материктердід батыс 
жағалауында 
климат 
муссондық 
сипатка 
ауысады. 
Қыс 
салыстырмалы түрде суық әрі құрғақ, ал жаз ыстық, ылғалды. 
Қоңыржай белдеулерде жыл бойы қоңыржай ауа массалары мен 
батыс 
желдері 
басым 
болады, 
тропиктік 
белдеулермен 
салыстырғанда едәуір салқын, жыл мезгілдері айкын байқалады (ол 
неліктен?). Қоңыржай климаттық белдеу әсіресе солтүстік жарты 
шарда ӛте кӛлемді болады, сондықтан радиациялық баланс 
солтүстігінде 1260-102 Дж/см2-ден оңтүстігінде 2100102 Дж/см2-ге 
дейін жоғарылайды. Температура белдеу ішінде солтүстіктен 
оңтүстікке және батыстан шығысқа қарай ӛзгереді. Әсіресе қысқы 
температура құрлықтың ішкі аудандарында антициклондық режім 
әсерінен күрт тӛмендейді. Мұның әсерінен Еуразияда солтустік 
жарты шардың суықтық полюсі орналасқан (карта бойынша оның 
орны мен температуралық кӛрсеткіштерін анықтаңдар). Жауын-
шашынның жылдық мӛлшері, жалпы алғанда, біршама мол 
болғанымен, белдеу ішінде әркелкі таралады. Материктердің 
батысында ылғал мол, бұл мұхиттардағы ылғалды ауа 
массаларының 
батыс 
желдер 
арқылы 
тасымалдануымен 
байланысты. Шығысқа қарай ауа ылғалынан айырылып, 
континенттік сипат алады, жауын-шашьш күрт азаяды. Ал 
материктердің шығыс жағалауларында мұхиттардың ықпалының 
күшеюіне байланысты жауын-шашын мӛлшері артады. Белдеуде 
батыстан шығысқа қарай мынадай климат сипаттары айқын 
ажыратылады: қоңыржай теңіздік, қоңыржай контипенттік, 
континенттік, шұғыл континенттік, муссондық. Субарктикалық 
және субантарктикалық белдеулер екі жарты шардың поляр маңы 
аудандарын алып жатыр. Мұнда жылдық радиациялық баланс 630-
102 Дж/см2-ден 924-102 Дж/см2-ге дейін ӛзгереді. Жазда 
коңыржай, қыста арктикалық және антарктикалық ауа массалары 


басым болады. Жазы салыстырмалы түрде жылы, бірақ қысқа 
болады, қысы ӛте қатал. Жылдың температуралық амплитуда аса 
үлкен емес. Жауын-шашынның жылдық мӛлшері 200 мм-ден аз, 
кӛбінесе қатты күйде түседі. Арктикалық және антарктикалық 
белдеулер екіжартышардың полюс маңын алып жатыр. Бұл 
белдеулерде радиациялық баланс 294 -102 Дж/см2 шамасында. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет