Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет126/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   206
МҦҒАЛЖАР ТАУЫ – Оралдың оңтүстік жалғасы, Ақтӛбе облысы 
аумағында Солтүстіктен оңтүстікке қарай 400 км-ге созылып 
жатыр. Ені 200 км-дей. Орташа биіктігі 300 м, ең биік жері – 
Үлкен Боқтыбай тауы (657 м). Солтүстігінде жіңішке бұйрат 
түрінде басталып, әрі қарай бір-біріне жарыса орналасқан екі қатар 
тізбекке бӛлінеді. Олардың арасын беті сәл белесті ойыс бӛледі (ені 
15 – 20 км). Жоталар кей жерлерде бір-бірімен тӛбелер жүйесі 
арқылы жалғасады. Аралық ӛңірде девон мен тас кӛмір  дәуірінің
құмтас  пен әктасжыныстары таралған. Жоталар кембрийге дейінгі 
және палеозойлық кварцит, кристалдық тақтатас, гнейс, гранит, т.б. 
жыныстардан құралған. Батыс Мұғалжар, немесе Бас жота бір-
бірімен тіркесіп, меридиан бағытында созылатын жеке қырқалар 
тізбегін түзеді. Оңтүстік бӛлігі биік және қатты тілімденген. 
Шығыс Мұғалжар тауы аласа, тӛбесі тегіс шоқылар тізбегі түрінде. 
Солүстік бӛлігі айқын тау сипатында, оңтүстікке қарай бірте-бірте 
аласара береді де маңайындағы жазықтан аз-ақ кӛтеріліп тұратын 
аласа тӛбеге айналып кетеді. Мұғалжар тауы 48Ә с. е. маңында 
аяқталады, одан оңтүстікте абс. биіктігі 250 м-ден аспайды. 
Мұғалжар тауы Ырғыз ӛзенінің салалары арасындағы суайрықты 
құрайды. Солтүстікке қарай Ор ӛзені ағып шығады. Климаты тым 
континентті, қысы суық, қар жамылғысы жұқа. Қаңтардың 
ортасында температурасы –15 – 18ӘС. Жазы ыстық, құрғақ, 
шілденің орташа температурасы 21 – 25ӘС. Жылдық жауын-
шашын мӛлшері 200 – 250 мм. Солтүстік бӛлігінің қиыршықты 
тастақ даласында боз, бетеге, сұлыбас ӛскен. Оңтүстікке қарай 
астық тұқымдасты жусанды шӛлейтке ауысады (бетеге, жусан, т.б.). 
Жыраларда 
анда-санда қайың, кӛктерек, 
тал,мойыл кездеседі. 
Қатты тау жыныстары жер бетіне шығып жататындықтан ӛңір егін 
егуге қолайсыз. Егіншілікке пайдалануға жарамды жерлер тек 
аңғарларда ғана кездеседі. Жер асты суының қоры мол. Мұғалжар 
тауы қойнауында мыс,  никель,  марганец, сирек металдардың,
фосфорит  және тас кӛмірдің кен орындары барланған. Олардың 
кейбіреулері (никель, фосфорит, т.б.) ӛндірілуде. 


МҦЗБЕЛ, аласа жон, Нұранын  сол жағалауында, Астана 
қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 80 км жерде. Оңтүстік-батыстан 
солтүстік-шығысқа қарай 60 км-ге созылған, ені 10-15 км. Шығыс 
жағы биігірек (500 м). Алқап кӛлдің аллювилік шӛгінділерімен 
жабылған тӛменгі карбон жыныстарынан түзілген жазық учаске 
болып табылады. Қызыл қоңыр топырағында бетеге, селеу т. б. 
ӛседі. Мұзбел, тау, Ұлытау  тау жүйесінің онтүстік - шығыс 
бӛлігіңде. Борсеңгір ауылының онтүстігінде 12 км жерде. 
Солтүстік - батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Маңдайқақ және 
Сарысу ӛзеңдері аңғарлары арасында 15 км-ге созылып жатыр, ені 
4 км. Абс. биіктігі 410 м. Беткейлері жайдақтау тегіс келген ұсак 
шоқылы жотадан тұрады. Девон жүйесінің тем. бӛлігі 
жыныстарынан түзілген. Сортандау қоңыртопырақ жамылғысыңда 
жусан, 
бетеге, 
кекпек, 
бұйырғын, 
бұталар 
еседі. 
Мал 
жайылымдығына 
пайдаланылады. 
Мҧзтау (Айсберг
ағылшынша iceberg, ice — мұз, berg — тау) — мұхит  пен
теңіздерде  жүзіп жүретін немесе қайырлап шӛккен аса 
ірі мұз кесегі, басқаша айтқанда мұздықтардан бӛлінген ірі 
шойтасты мұздар. Мұзтаулар (ағылшынша іceberg, голландша 
іjsberg; іce, іjs – мұз, berg – тау деген мағынаны білдіреді) мұздық 
шетінің сынып (судың гидростатикалық қысымының, лықсудың, 
ағыстың, желдің әсерінен) суға түсуінен пайда болады. 
Олар мұхиттар мен теңіздерде қалқып жүреді немесе теңіздің таяз 
жері – қайырда шӛгіп жатады. Мұзтаулар, әсіресе Солтүстік жарты 
шардағы – Гренландия, Канаданың Арктикалық топаралдары 
жағаларында, Оңтүстікте – Антарктида жағасында жиі кездеседі. 
Мұз бен судың тығыздығына байланысты мұзтаулар кӛлемінің 83 – 
90%-ы судың астында болады, қалған бӛлігі су бетінде орта 
есеппен 70 м (Арктикада) – 100 м-ге (Антарктикада) дейін кӛтеріліп 
тұрады, ал ұзындығы бірнеше ондаған км-ге жетеді. Гренландия 
мұзтаулары Шығыс Гренландия және Лабрадор ағыстары арқылы 
40 
– 
50° 
солтүстік 
ендікке 
дейін, 
ал 
кейбір 
жағдайларда Бермуд,Азор аралдарына 
дейін 
жүзіп 
барады; 
Антарктида мұзтаулары 45 – 60° оңтүстік ендікке дейін жетеді. 
1894 ж. мұзтаулардың 26° оңтүстік ендіктегі тропиктік белдеуден 
де байқалғаны тіркелген. Мұзтауларға кӛптеген кемелер 
соқтығысып, апатқа ұшыраған (мысалы, 1912 ж. ―Титаник‖, 1959 ж. 
―Хедтофт‖). Полярлық аймақтардағы материктік мұздықтардың 
жылжып теңізге жеткен шеттерінің омырылып бӛлінуінен пайда 


болады (Антрактида менГрендландия мұздықтары және басқалар). 
Олардың кӛлемінің 90%-ға дейінгі бӛлігі су астында болады. Су 
үстіндегі бӛлігі су бетінен 70-100 м кӛтеріледі. Теңіз ағыстары 
мұзтауды тӛмен ендіктерге алып кетеді. Мұзтау онда біртіндеп еру 
барысыңда жойылады. 
МҦЗ — Н
2
О. Судың қатты түрі. Химиялық құрамы: О 88,8%, Н 
11,2%; кейде оның құрамында газ немесе қатты зат қоспалары 
болады. Қаттылығы 1,5 меншікті салмағы 0,917. Сингониясы 
гексагондық; дигексагондық-дипирамида. Кристалдық ішкі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет