Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет128/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   206
Тӛбешіктер. Біршама жазық алаптарда жеке-дара кӛрініс беретін 
немесе бір-біріне тізбектеле созылатын онша биік емес, бірақ 
баурайлары біршама тік кұлайтын жоталар. 
МҦНАЙ - кӛмірсутектер қоспасы 
болатын, 
жанатын 
майлы 
сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе әлсіз 
жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі; ӛзіндік иісі бар; жерде 
тұнбалық 
қабатында 
орналасады; пайдалы 
қазбалардың ең 
маңызды түрі. 


МҦХИТ (Әлемдік мұхит) - гидросфераның негізгі бӛлігі. Мұхит, 
Дүниежүзілік мұхит (гр.okeanos – мұхит, Жерді қоршап жатқан 
ұлы ӛзен). Жер шарында тӛрт мұхит бар:  Тынық, Атлант, Үнді 
және Солтүстік мұзды. Кейбір ғалымдар Антарктида маңы 
суларын бесінші Оңтүстік мұхиты деп жеке бӛледі. Мұхит 
құрлықтар мен аралдарды қоршап жатқан Жердің тұтас су қабаты. 
Аумағы 361,26 млн. км2, кӛлемі 1340,74 млн. км3, орташа тереңдігі 
3711 м, ең терең жері 11022 м (Тынық мұхиттағы Мариана 
шұңғымасы). Дүниежүзілік Мұхит құрлықтар арқылы 4 бӛлікке 
бӛлінеді: Тынық (50%), Атлант (25%), Үнді (21%) және Солтүстік 
Мұзды Мұхит (4%). Мұхит Солтүстік жарты шардың 61%-ын, 
Оңтүстік жарты шардың 81%-ына жуығын алып жатыр. Мұхиттық 
жарты шардағы судың мӛлшері 91%-ды және құрлықтық жарты 
шардағы мӛлшері 53%-ды құрайды.  Гидрология  режимінде 
Дүниежүзілік Мұхит жеке мұхиттарға, теңіздерге, шығанақтарға, 
қойнаулар мен бұғаздарға ажыратылады; сыртқы шекарасы 
құрлықтың 
жағалық 
сызықтарымен 
айқын 
кескінделіп, 
ішкі шекарасы теңіздермен және оның бӛліктерімен бӛлінеді. 
Кейбір зерттеушілер Дүниежүзілік Мұхитты Бес Мұхитқа бӛледі. 
Оның 
шекарасы
субтропиктік 
және 
субантарктикалық 
конвергенция 
сызығы 
бойымен 
немесе 
Ортамұхиттық жоталардың ендік бӛлігі бойынша ӛтеді. Мұхит түбі 
ауданының басым бӛлігі (73,8%-ы) 3 000 – 6 000 м тереңдікте 
орналасқан. Ол Мұхит қайраңы (шельфi), беткейі, етегі, Мұхит 
түбі, Мұхит шұңғымасына ажыратылады. Қайраң Мұхиттардың 
шетін бойлай құрлықтың су астындағы жалғасы ретінде 200 м 
тереңдікке дейін созылып жатады, ені ондаған метрден бірнеше 
жүздеген км-ге жетеді. Ол Мұхитқа қарай тік кемер 
жасапконтиненттік беткейді құрайды. Қайраң құрлық тұғырының 
тӛменгі шегі ретінде 2 000 – 2 400 м тереңдікке дейін таралады. 
Беткей етегінен абиссаль қазаншұңқырларға қарай ені 200 – 300 км 
болатын континентті етек жалғасады. Мұхиттардың орта тұсынан 
әдетте 
Ортамұхиттық 
жоталар ӛтеді. 
Олардың 
беткейлері 
абиссальды Мұхит қазаншұңқырларына ауысады. Ортамұхиттық 
жоталар ұзындығы 60 000 км болатын біртұтас жүйені құрайды. 
Жоталардың ені 1 000 км, абиссальды қазаншұңқырлардан 2,5 – 3 
км жоғары тұрады. Олардың қырқасы су бетінен орта есеппен 2700 
м тереңдікте ӛтеді. Жоталардың осьтік бӛлігінде тереңдігі 1,5 км, 
ені 20 – 30 км болатын рифті  аңғарлар байқалады. 


Абиссальды қазаншұңқырлардың ені 1000 км-ге жуық, тереңдігі 5 – 
6 км болады. Пассивті шеткі белдем Жер қабығының континентті 
және мұхиттық шекарасын бойлай жатады; ол сейсмикалығы мен 
жанартаулық 
процестердің 
жоқтығымен 
сипатталады, 
континенттен әкелінген ӛте қалың (5 – 7 км) шӛгінді қабаттардан 
тұрады. Активті шеттердің сейсмикалығы жоғары. Оған Мұхит 
табанын 
жанартаулық 
аралдық 
доғадан 
бӛліп 
тұратын 
терең шұңғымалар (тереңд. 7 – 8 км) ұштасқан. Мұхит түбін негізгі 
екі геологиялық кешен құрайды: беті шӛгінді қаптамамен жабылған 
 базальтті  және оған жақын магмалық жыныстардан тұратын 
іргетас жатыр. Мұхиттың геологиялық тарихын зерттеушілер 
Мұхитты бастапқы, ӛтпелі және қазіргі даму кезеңдеріне 
ажыратады. Геологияға дейінгі кезеңді (3,5 млрд. жыл бұрын) 
қамтыған гипотетик. бастапқы сатысында жер қойнауынан негізгі 
су массасының шығуы, қышқыл ӛнімдердің газсыздануы және 
мұхит түбі жыныстарымен іс-әрекетке түсіп бейтараптануымен 
байланысты. Ӛтпелі кезеңнің ұзақтығы 2 млрд. жылды құрайды (3,5 
– 1,7 млрд. жыл бұрын). Бұл кезеңде ӛмір пайда болып 
дамыды;фотосинтез нәтижесінде оттек бӛлініп, мӛлшері ұлғайды. 
Мұхит суының құрамы тұрақталып, тұздылығы шамалы ғана 
ӛзгеріске ұшырады. Қазіргі кезең бұдан 1,7 млрд. жыл бұрын 
басталып, әлі жалғасуда. Мұхиттардың негізгі гидрологиялық 
сипаттамасына
температура, 
 тұздылық  
және 
 ағыстың 
жылдамдығы жатады. Мұхит ӛте кӛп мӛлшерде күн жылуы 
мен ылғалды жинақтаушы орасан зор аккумулятор. Мұхит бетінің 1 
см қалыңдықтағы суына күн энергиясының 94% жұтылады. 
Осының нәтижесінде Жер бетіндегі температурасының шұғыл 
ауытқуы бәсеңдейді және шалғай жатқан аудандар ылғалданып, 
тіршіліктің дамуына қолайлы жағдай туады. Мұхиттың беткі 
суының жылдық орташа температурасы 17,5°С. Ашық Мұхитта 
температураның жоғарғы кӛрсеткіші экватор бойында (28°С), ең 
жоғарғы 
температура 
(34°С) 
тамыз 
айында 
 Парсы 
шығанағында тіркелген. Құрлықтың әсерінен су температурасы
солтүстікжарты шарда  оңтүстік  жарты шарға қарағанда жоғары 
болады, ал экватордан полюстерге қарай біртіндеп –1,5–1,9°С-қа 
тӛмендейді. 30° с. е. бойында қыста 17 – 18°С, жазда 25°С; 60° 
ендікте қыста 0°С-тан тӛмен, жазда 10°С, полюс маңындағы 
температура 1,9°С. Мұхиттүбіндегі су температурасы 1,4 – 1,8°С, 
полюстік аймақтарда 0ӘС-тан тӛмен болады, ең суық температура 


–2°С (полюсте  мұзастында). Судың химиялық сапасы, физикалық, 
химиялық 
қасиеті 
жағынан 
бірдей 
болғанымен 
оның гидрологиялық, геохимиялық режимі әр түрлі. Мұхит суы 
концентрациясы 35 г/л болатын тұз ерітіндісінен тұрады, 
сондықтан орташа тұздылығы S – 35,00ү, максимальды тұзд. 39 – 
42ү (тропиктік теңіздерде).  Тұз массасының құрамы құрлықтан 
келетін жауын-шашынмен,  атмосферамен 1022 г еріген тұз бар. 
Оның құрамында Na+, Mg2+, K+, Ca2+,Cl-, иондары кездеседі. 
Мұхит суында атмосферадан келетін және су қабатында пайда 
болатын түрлі

алмасу процесі және түпкі шӛгінділермен, теңіз 
организмдерінің ӛмір сүру қабілетімен реттеліп отырады. Мұхитта 
барлығы 5 газдардың (О2, СО2 т.б.) ерітінділері де болады. Мұхит 
суының химиялық құрамы: хлор 88,7, сульфат 10,8, карбонат 0,3, 
басқа қосылыстар 0,2. Мұхит суының орташа тұздылығы S – 
35,00‰, максимальды тұздылығы 39 – 42‰ (тропиктік теңіздерде). 
Тұздылықтың маусымдық ауытқуы 100 – 150 м тереңдікте 
байқалады. Мұхит суында тұздардан басқа еріген газдар да 
кездеседі: азот, оттек, кӛмірқышқылы, т.б. Мұхиттағы тіршіліктің 
дамуында атмосферадан ӛтетін және балдырлардың фотосинтезі 
кезінде түзілетін оттектің маңызы ӛте зор. Терең қабаттарда оттек 
мӛлшері 2,5 – 3 мг/л-ге дейін кемиді, кейбір аудандарда 0-ге тең 
болады. Мұхиттың 150 – 200 м тереңдіктегі су қабатының 
айналымы Мұхит бетіндегі басым желдерге тәуелді; ал одан 
тӛменгі қабатында тығыздығына байланысты болады. Су 
айналымының негізгі элементіне субтропиктік  ендіктерде
антициклондық айналым және жоғарғы ендіктерде циклондық 
айналым жатады. Оның орталық құрлықтардың батыс жағалауында 
орналасқан (Гольфстрим, Куросиоағыстары). Антарктикада беткі 
судың горизонталь жылдамдығы 5 – 10 см/с болатын қуатты  
циркумполюсті ағыс байқалады, ол теңіз түбіне дейін жетеді. 
Тереңдеген 
сайын ағыс жылдамдықтары 
кеми 
түседі 
(тек экватор маңындағы 
беткі 
қарсы 
ағыстан 
басқа). 
Температураның, 
тұздылықтың, 
химиялық 
элементтердің, 
органикалық дүниенің негізгі таралу заңдылықтары географиялық 
белдемдердің ауысу шекаралары маңында байқалады. Белдемдер 
арасындағы шекара, кӛбінесе, мұхиттық шеп түрінде айқын 
ажыратылады. Тереңдеген сайын (500 м-ден тӛмен) белдемдердің 
саны азайып, білінбей кетеді. Мұхит түбінде  терригенді,  биогенді, 
 хемогенді, 
 жанартаутекті 
және
эдафогенді  
шӛгінділер 


жинақталады. Шӛгінділер климаттық,  тік, циркумконтинентті 
және тектоникалық белдемділікпен тарайды. Мұхит түбінің беткі 
қабатының басым бӛлігін (40%-ға дейін) биогенді шӛгінділер 
жауып жатыр. Терригенді шӛгінділерге 20%, терең сулы пелаг. саз 
26%-ды құрайды, қалғаны – аралас шӛгінділер. Терригенді 
шӛгінділердің құрамы алюмосиликатты, сынықты, сынықты-сазды, 
сазды; ол теңіздерде және мұхиттың континентке таяу ауданында 
әртүрлі тереңдікте тараған. Биогенді әктасты және шақпақтасты 
шӛгінділер 
қаңқа 
қалдықтарынан 
және 
планктонды, 
бентосты организмдердің қабыршағынан 
түзілген. 
Хемогенді 
шӛгінділер ашық Мұхиттарда кездеседі, темір-марганецті  
конкрециялар 
мен 
қабықшалардан,
смектитті, 
темірлі 
шӛгінділерден тұрады. Жанартаутекті шӛгінділер жер беті және су 
асты жанартау атқылауларының кесекті ӛнімдерінен түзілген; ол 
доғалдық аралдарда кең таралған. Эдафогенді түзілімдер 
тектоникалық ӛнімдердің уатылуынан және су түбіндегі байырғы 
таужыныстардың 
(базальтты, 
габброидты, 
т.б.) 
су 
асты 
шайылуынан пайда болған. Мұхит суларында Д.Менделеев 
кестесінің 70-тен астам элементі еріген күйінде кездеседі; судың 1 
км3-інде 36 млн. түрлі заттар бар. Мұхит қойнауында әр 
түрлі қатты, сұйық, газ тәрізді минералды шикізат  қорлары, 
 мұнай  мен газ, сирек металдар, қалайы, алтын, алмас 
шашылымдары,
темір 

марганецті  
конкрециялар 
мен 
қабықшалар, сульфид, фосфорит және құрылыс материалдары 
алабы тараған. Мұнай мен газдың қоры 300 – 350 млрд.(қойнау 
қайраңында 184 млрд.) деп болжанады.  АҚШ жағалауы 
мен Мексикашығанағында, Солтүстік Парсы шығанағы және 
оңтүстік-Шығыс Азия, Баренц, Беринг теңіздерінің 
қайраңдары 
дүние жүзінің аса ірі мұнайлы-газды аудандары саналады. Мұхит 
мұнайын 40 шақты ел ӛндіріп, 40-тай ел барлау жұмыстарымен 
айналысуда. Теңіздегі элементтер (алтын,  платина, алмас, 
 касситерит,  циркон, монацит, титан, ильменит, рутил, т.б.) 
жағалық қайраңда шӛгінділердің толқындармен қарқынды 
шайылуынан қалыптасады.  Индонезия, Таиланд, Малайзия 
 жағалауларында  қалайы, Аляска және солтүстік Американың  
Тынықмұхиттық жағалауында алтын, оңтүстік-Батыс Африка  
(Намибия) жағалауында құрамында алмас бар шӛгінділер, сирек 
металды 
шашылымдар 
 Австралия,
Үндістан,
Бразилия  
жағалауында кездеседі. Дүние жүзінің кӛптеген елдерінің 


жағалауларында
құрылыс материалдары – құм, 
 қиыршықтас,
маржанды әктас, моллюскалар, бақалшақтар ӛндіріледі. 
Тірі 
организмдер  бүкіл Мұхит қабаттарында тіршілік етеді.
Органикалық  
дүниесі 
бентос 
(түпкі 
тұрғындар),
планктон (пассивті жүзушілер) және нектонға (активті жүзушілер) 
бӛлінеді. Ӛсімдік дүниесінің 10 мың түрі бар, олар, негізінен
жарық жақсы түсетін 200 – 300 м тереңдіктегі қабаттарда 
таралған. Жануарлар дүниесі түрлерінің саны 150 мыңдай. 
Мұхитта планетадағы тіршілік иелерінің 4/5-і мекендейді. 
Түрлердің саны экваторлық аймақтан полюстерге және тереңдікке 
қарай кеми береді. Мұхит құрамында белок мӛлшері кӛп азық-түлік 
ӛнімдерінің (балық, моллюскілер, бақалшақтар, сүт қоректілер,
балдырлар, т.б.) маңызды кӛзі, ол адамдарға қажетті белоктың 20%-
ын береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет