Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет48/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   206
ГЕОМОРФОЛОГИЯ (гео... және morphe — пішін және logos — 
ілім) — құрлық бетінің, мұхиттар мен теңіздер түбінің, жер 
бедерлерінің пішінін, құрылысын зерттейтін ғылым. Жалпы 
аймақтық, құрылымдық, динамикалық, теңіз және инж. 
Геоморфология болып бӛлінеді. Геоморфология Жердің пайда 
болуын, 
жасын, 
құрылымдық 
ерекшелігін, 
дамуы 
мен 
элементтерінің жер бетінде таралуын, сыртқы және ішкі 
процестердің, сонымен қатар, жер бетінің қалыптасуындағы 
антропогендік факторларды зерттейді. Жалпы және арнайы 
геоморфол. карталар жасау үшін экспедициялық зерттеулер мен 
геоморфол. 
түсірімдер 
жасалынады. 
Қазіргі 
кезде 
геоморфологиялық процестерді зерттеуде стационарлық және 
тәжірибелік әдістер, Жер бетін әуеден (аэрофототүсірім) және 
ғарыштан түсіру, теңіз (мұхит) түбін эхолотпен анықтау сияқты 
әдістерді қолданады. Геоморфология ғылымы  гляциология, 
тектоника, тӛрттік геология,  вулканология,  спелеология, т.б. геогр. 
және геол. ғылымдармен тығыз байланыста. Г-ның деректері кен 
байлықтарын іздеуде, жолдар мен әр түрлі құрылыстарды 
 салғанда, эрозия, дефляция, сырғыма, сел, қар кӛшкіндері сияқты 
табиғат құбылыстарының алдын алу кезінде пайдаланылады. 
Қазақстанның жер бедері жӛніндегі мақалалар ғыл. әдебиеттерде 19 
ғ-дың орта кездерінде пайда болды. Жер бедерін зерттеуді кезінде 
Ш. Уәлиханов пен П.П. Семенов-Тян-Шанский бастаған. Олар 
алғаш 
рет 
Іле 
 Алатауының 
орографиясын 
сипаттаған. Қазақстан геоморфологиясын зерттеуге Н.Г. Кассин, 
Г.М. Медоев, Н.Н. Костенко, т.б. ғалымдар елеулі үлес қосты. 1943 
ж. И.П. 
Герасимов ―Қазақстангеоморфологиясының 
қазіргі 
проблемалары‖ атты кітапты жариялады. Таулы аудандарды 
зерттеу нәтижесінде 1945 ж. ―Оңт.-шығыс Қазақстан тауларының 
геоморфологиялық картасы‖ басылып шықты. Республикада Г-ның 
қалыптасуы мен одан әрі дамуына Қазақстан ҒА-ның Қ.И. Сәтбаев 
атынд. Геол. ғылымдар ин-тында Геоморфология және тӛрттік 
геология бӛлімінің ұйымдастырылуы (1946) ықпал етті. Бұл 
бӛлімде жалпы және аймақтық Г-ның кӛптеген теориялық 
мәселелері 
шешілді. 
Бүкіл 
Қазақстан 
жер 
бедерінің 
морфологиясын, түзілуін, жасын кӛрсететін геоморфол. карталар 
жасалды; тӛрттік шӛгінділер мен неотектоника, жер бедерін түзуші 


процестер (карстық, эолдық, дефляциялық, антропогендік, т.б.) 
зерттелді. Кен байлықтарының қалыптасу жағдайларын анықтау
мұнайлы-газды құрылымдарды іздеуге байланысты кӛптеген 
қолданбалы 
геоморфол. 
зерттеулер 
атқарылды. 
З.А. 
Сваричевскаяның ―Орта Азия мен Қазақстан геоморфологиясы‖ 
(1965) және М. Жандаевтың ―Іле Алатауының геоморфологиясы 
және ӛзен аңғарларының қалыптасу проблемалары‖ (1972) атты 
монографиялары Қазақстанның геоморфол. жағдайын анықтаудағы 
маңызды 
қорытындылар 
болып 
табылды. 
Қазақстанның 
Геоморфология ғылымына одан кейінгі жылдары Ә.Сәрсеков, 
 Е.Нұрмәмбетов, 
Е.Тапалов, 
 Б.Әубәкіров, Ж. 
Дүйсебаев, А.Медеу, Л.Веселова, С.Құсайынов, т.б. кӛп үлес қосты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет