1
БОЛАШАҚ
ИНФОРМАТИКА
МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
КРЕАТИВТІЛІГІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
МӘСЕЛЕСІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТАРИХИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ
ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1
Педагогикалық
креативтілік:
тарихы,
тұғырлары,
ұстанымдары, әдістері, зерттеу нәтижелері
Болашақ информатика мұғалімінің кәсіби қызметі негізгі теориялық
білімге негізделген практикалық дағдылардың жиынтығын кешенді түрде
ӛзгермелі жағдайда пайдалануды, жеке және кәсіби мәселелерді кӛру мен
оларды шешу жолдарын түсінуді, рефлексия қабілетін, алуан түрлі жоспарлы
және кездейсоқ пайда болатын кәсіби жағдайларда тың әрі тиімді шешімдер
қабылдауды қамтиды. Бүгінгі күні қоғамға кәсіби дайындығы бар мұғалім
ғана емес, сонымен қатар креативті тұлға ретінде қалыптасқан информатика
мұғалімі қажет.
Соңғы жылдары отандық педагогика мен психологияда білім алушылар
мен болашақ мамандардың креативтілігін қалыптастыру мәселесін
зерделеуге баса назар аударылуда. Оны зерттеудің ӛзектілігі қазіргі
Қазақстан Республикасының әлеуметтік жағдайындағы ӛзгерістермен
анықталады. Сонымен қатар, болашақ мамандардың жаңа тәжірибеге
ашықтық,
коммуникативтілік,
кооперация,
креативтілік
сияқты
кӛрсеткіштеріне қойылатын талаптар жоғарылауы байқалуда.
Бұл мәселе болашақ информатика мұғалімінің педагогикалық
креативтілігін ағылшын тілінде меңгерілетін пәндерді оқытуда қалыптастыру
және дамыту үдерісін кешенді іске асыруды талап етеді. Осы орайда,
болашақ мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің құрылымын қарастыру
маңызды.
Академик Б.Т. Лихачевтің түсіндірмесінде педагогикалық іс-әрекеттің
құрылымы келесідей ұсынылған [55]: мұғалімнің қажеттіліктерін, әлеуметтік
даму тенденцияларын, адамға қойылатын негізгі талаптарды білуі (яғни
мұғалім қоғам үшін қандай адамды тәрбиелеуі қажеттілігін білуі тиіс); жас
ұрпаққа жалпыланған түрде берілетін ӛндіріс, мәдениет, қоғамдық
қатынастар саласында адам жинаған әртүрлі ғылыми білім, дағдылар,
іскерліктер. Осы негіздерді игеру нәтижесінде адам ӛмірге саналы
кӛзқарасты – дүниетанымды қалыптастырады; педагогикалық білімнің ӛзі,
білім беру тәжірибесі, шеберлік, түйсігі; педагогикалық қызметтің
тасымалдаушысының ең жоғары азаматтық, моральдық, эстетикалық,
экологиялық және басқа мәдениеті.
В.А.Сластенин
педагогикалық
қызметке
кәсіби
дайындығын
«мұғалімге кәсіби түрде қойылатын талаптардың жиынтығы» деп анықтады
[56].
Бұл жағдайда педагогикалық дағдылар жалпыдан жекеге дейін
құрылған келесідей тӛрт топқа біріктірілген: - оқыту мен тәрбиелеу
үдерісінің мазмұнын нақты педагогикалық міндеттерге «аудару» мүмкіндігі:
14
жеке тұлға мен ұжымды олардың жаңа білімді белсенді игеруге дайындығын
анықтау үшін зерттеу және осы негізде топ пен жеке білім алушылардың
дамуын жобалау; білім беру, тәрбиелік және дамытушылық міндеттер
кешенін бӛлу, оларды нақтылау және басым міндеттерді анықтау; -
логикалық аяқталған педагогикалық жүйені құру және қозғалысқа келтіру
білігі: білім беру-тәрбие міндеттерін кешенді жоспарлау; білім беру
үдерісінің мазмұнын негізді іріктеу; оны ұйымдастырудың нысандарын,
әдістері мен құралдарын оңтайлы таңдау; - оқыту мен тәрбиелеудің
құраушылары мен факторлары арасындағы ӛзара байланысты айқындау,
оларды іске қосу іскерлігі: қажетті жағдайлар жасау (материалдық,
моральдық-психологиялық, ұйымдастырушылық, гигиеналық және т.б.);
білім алушының жеке басын жандандыру; бірлескен қызметті ұйымдастыру
және дамыту; мектептің қоршаған ортамен байланысын қамтамасыз ету,
сыртқы бағдарламаланбайтын әсерлерді реттеу; -педагогикалық іс-әрекеттің
нәтижелерін есепке алу және бағалау дағдылары: үстем және бағынышты
міндеттердің жаңа кешенін анықтау.
Н.В. Кузьмина педагогикалық іс-әрекет мәселесін дамыта мұғалімнің
іс-әрекетінің құрылымының бес құраушысын жіктеді [57]:
1. Гностикалық құраушы - педагогтың білім саласына жатады. Бұл тек
ӛз пәнін білу туралы ғана емес, сонымен қатар педагогикалық қарым-қатынас
тәсілдерін, білім алушылардың психологиялық ерекшеліктерін, сонымен
қатар ӛзін-ӛзі тану (жеке тұлға және іс-әрекет) туралы.
2. Жобалау құраушысы - оқыту мен тәрбиелеудің перспективалық
міндеттері туралы, сондай-ақ оларға қол жеткізудің стратегиялары мен
тәсілдері туралы түсініктерді қамтиды.
3. Конструктивті құраушы - бұл оқыту мен тәрбиелеудің жақын
мақсаттары (сабақ, сабақ циклі) негізінде мұғалімнің ӛз іс-әрекеті мен білім
алушылардың белсенділігін жобалаудың ерекшеліктері.
4. Коммуникативті құраушы - мұғалімнің коммуникативті іс-әрекетінің
ерекшеліктері, оның білім алушылармен ӛзара әрекеттесуінің ерекшелігі.
Коммуникацияның дидактикалық (тәрбиелік және білім беру) мақсаттарға
қол жеткізуге бағытталған педагогикалық іс-әрекеттің тиімділігімен
байланысына баса назар аударылады.
5. Ұйымдастырушылық құраушы - бұл шеберлікті мұғалімнің жеке
қызметін ұйымдастыру, сондай-ақ білім алушылардың белсенділігі.
Бұл модельдің барлық құраушылары мұғалімнің тиісті дағдылары
жүйесі арқылы сипатталады. Ұсынылған құраушылар бір-бірімен
байланысты әрі бір-бірімен қиылысады.
А.K.Маркованың
зерттеулерінде
[58]
мұғалімнің
ӛзіндік
тұжырымдамасы ұсынылып, мұғалім еңбегінің құрылымы келесі
құраушылар арқылы кӛрсетілген:
1) кәсіби психологиялық және педагогикалық білім;
2) кәсіби педагогикалық шеберлік;
3) мұғалімнің кәсіби психологиялық ұстанымдары;
15
4) кәсіби білім мен дағдыларды игеруді қамтамасыз ететін жеке
ерекшеліктер.
Мұғалімнің жұмысының психологиялық тұжырымдамасына сәйкес
Л.М.Митина ұсынған педагогикалық қызметтің құрылымы [59]:
1. Педагогикалық мақсаттар мен міндеттер. Педагогикалық қызметтің
әр сәтінде мұғалім мақсаттар мен міндеттер құрылымымен айналысады,
олардың ауқымы жалпы мақсаттарды (мектептің, білім беру жүйесінің,
қоғамның мақсаттары) және жедел міндеттерді қамтиды.
2. Қойылған міндеттерді шешудің педагогикалық құралдары мен
тәсілдері. Педагогикалық ықпалдың құралдары мен әдістерін таңдауда,
мұғалім ең алдымен келесілерге бағдарлануы тиіс:
а) білім алушыға педагогикалық үдерістің орталық нысаны ретінде, әр
білім алушының адамгершілік, эмоционалды, зияткерлік дамуын
ынталандыруға, оның психикалық дамуының жаңа деңгейлерін жобалауға;
б) ӛзін-ӛзі жүзеге асырудың, ӛзін-ӛзі танытудың, балалармен жұмыс
істеуде жеке мүмкіндіктер мен қабілеттердің кӛріністерінің педагогикалық
тәсілдерін таңдау және қолдану;
в) білім алушылармен және олардың бір-бірімен ӛзара іс-қимылдың
әдістерін, ұйымдастыру нысандарын таңдау және қолдану; оқу үдерісін
жеңілдететін жағдайлар жасау, балалармен қарым-қатынаста жылы және
достық қарым-қатынас іске асыру;
г) оқу материалының мазмұнын іріктеуге және ӛңдеуге, қосымша
иллюстрациялық, ақпараттық материалдарды іріктеуге.
3. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетін талдау және бағалау
(мұғалімнің қызметінде жоспарланған және іске асырылған салыстырмалы
талдау).
Мұғалімнің
кәсіби
қалыптасуы
креативтіліктің
дамуымен,
педагогикалық қызметтің сыртқы жағдайларына бейімделу қабілетімен
тікелей байланысты [60]. Осы орайда, педагогикалық креативтілікті
қалыптастыру мәселесінің ғылыми әдебиеттердегі зерделену жайын аталған
түсініктің негізі болатын креативтілік ұғымының мәнін анықтаудан
бастаймыз. Шығармашылық мәселесі бойынша қазіргі зерттеулерде
креативтілік («латын тілінен, creatio - жасау») зияткерлік және
интеллектуалдық (жеке, әлеуметтік) факторларды қамтитын кӛп ӛлшемді
құбылыс ретінде танылады [61] (кесте 1).
Қазіргі
психологияда
креативтілік
дарындылықтың
құрамдас
бӛліктерінің бірін білдіреді. Атап айтқанда, адамның шығармашылық
қабілеттері, олар стандартты ойлау жүйесінен басқа жаңа идеяларды
қабылдауға және жасауға дайындығы арқылы айқындалады [62].
Креативтілік ˗ дәстүрлі немесе қалыпты ойлау үлгілерінен сәйкес емес
жаңа идеяларды ойлап шығаруға дайындығын кӛрсеткіші болатын
16
Кесте 1. Креативтілік туралы ғалымдардың анықтамалары
Автор
Креативтілік дегеніміз -
Маккелар
жаңа тәсілдер арқылы санадағы түрлі түсініктерді қосу,
қорытындылау қабілеті.
Д. Симпсон
адамның стереотиптік ойлау тәсілдерінен бас тарту қабілеті
Д. Гилфорд
шығармашылық қабілеті кӛп ӛлшемді және тәуекелге
қабілеттілік, дивергентті ойлау, икемділік пен ойлау жылдамдығы,
бай қиял, екіұштылықты қабылдау, жоғары эстетикалық
құндылықтар, дамыған түйсігі бар.
Э. Торренс
кемшіліктерді, білімдегі олқылықтарды, жетіспейтін
құраушыларды, үйлесімсіздікті және т.б. қабылдауды күшейту
мүмкіндігі.
Дж. Рензулли
жеке мінез-құлық ерекшелігі, ӛнімді алудың бастапқы
тәсілдерінде, мәселені әртүрлі кӛзқарастардан шешудің жаңа
тәсілдерінде кӛрінеді.
С. Медник
пайдалы және кейбір арнайы талаптарға жауап беретін
құраушыларды жаңа комбинацияларға қайта құру үдерісі
Ф. Бэррон
тәжірибеге жаңа нәрсе әкелу мүмкіндігі
М. Уоллах
жаңа мәселелерді шешу немесе қою жағдайында түпнұсқа
идеяларды қалыптастыру мүмкіндігі.
X. Гейвин
стандартты емес тәсілмен құнды нәтиже алу мүмкіндігі.
Э. де Боно
белгілі бір құндылыққа ие қазіргі жағдайда бұрын болмаған
ӛнімді жасау.
М. Чиксентмихайи
биологиялық эволюция жүретін генетикалық ӛзгерістер
үдерісінің мәдени баламасы.
А. Ротенберг,
К. Хаусман
оң нәтижелерге әкелетін стандартты емес ойлау.
К. Финдлэй,
К. Лумсден
белгісіздік жағдайында мәселелерді шешу мүмкіндігі.
М. Шоу,
М. Ранко
маңызды құрамдас бӛлігі шығармашылық мінез-құлықты
ынталандыратын эмоционалды күй болып табылатын қабілет.
М. Боден
жеке тұлғаның қызықты нәтижелерге әкелетін қолданыстағы
тұжырымдамалардан идеялар қалыптастыру қабілеті.
Р. Дилтс
қоршаған ортадағы белгісіздікке, ӛзгергіштікке және ӛзгерістерге
толы «икемділікті үнемі арттыру үдерісі».
К. Мишуру
жаңалығы бар және ол орналасқан контекстке сәйкес келетін
ӛнімді құру мүмкіндігі.
С.И. Макшанов,
Н.Ю. Хрящева
конструктивті, стандартты емес ойлау мен мінез-құлық, сондайақ
ӛзінің тәжірибесін түсіну мен дамытуға қабілеттілік.
Р. Арнхейм
бұл білім, әрекет және тілектердің толық ашылуы.
В.В. Мороз,
шығармашылық дарындылық деңгейі, тұлғаның салыстырмалы
түрде тұрақты сипаттамасын құрайтын шығармашылық қабілеті;
жаңа тәсілдер мен жаңа ӛнімдерді іздеу қажеттілігіне бейімделу
қабілеті.
Е.П. Ильин
стереотиптік ойлау тәсілдерінен бас тартқан кезде
шығармашылық, ақпаратты ӛзгерту мүмкіндігі.
М.А. Холодная
реттелмейтін қызмет жағдайларында кӛптеген түпнұсқа
идеяларды қалыптастыру мүмкіндігі.
М.К. Голованивская
ерекше идеяларды қалыптастыру, дәстүрлі ойлау сызығынан
ауытқу, проблемалық жағдайларды шешуде интеллектуалды
17
серпінді тез және тиімді жүзеге асыру.
В.С. Секованов
ақпараттық қоғам қоятын міндеттердің кең шеңберін стандартты
емес шешу, іс-әрекет нәтижелерін болжау қабілеттілігі.
А.А. Власова,
К.А. Юнусов
жаңа технологиялар мен ӛнімдерді іздеу қажеттілігіне бейімделу
қабілеті, олардың негізгі қасиеттері олардың ӛзіндік ерекшелігі,
тәуелсіздігі, тапсырманың жеткіліктілігі және пайдалануға
жарамдылығы, сонымен қатар ағымдық мезетке сәйкестігі.
С.Л. Марков
жеке шығармашылық қабілеттің кӛрінісі, адамның таланты,
теңдесі жоқ жаңа идеяларды құру және оларды ӛмірде қолдану
мүмкіндігі.
Е.В. Гетманская
әр адамға белгілі бір дәрежеде тән оның ӛсуін қамтамасыз ететін
жеке тұлғаның әлеуеті; адамның әлеуметтік табиғатының ӛнімі
және шындықты ӛзгертетін ерекше құрал ретінде.
В.Н. Дружинин
адам психикасының кіріктірілген сипаттамасы, бұл жеке іс-
әрекеттегі ӛнімді ӛзгерістерді жүзеге асыруға және адамның
зерттеу қызметіне деген қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік
береді.
Т.А. Барышева
жасампаздық үдеріс, ӛнімді нәтиже және оның тұлғалық кәсіби
ӛзін-ӛзі ӛзектілендірудегі жеке санат.
А. Ребер
<... > шешімдерге, идеяларға, түсінуге, кӛркемдік формаларды,
теорияларды немесе бірегей және жаңа ӛнімдерді жасауға әкелетін
ақыл-ой үдерістеріне қатысты қолданылады.
Н.Ф. Вишнякова
ӛзін-ӛзі ӛзектілендіру үдерісінде маманның шығармашылық
толысуының жасампаздық кӛзі.
В.Н. Козленко
әр адамға тән табиғи зерттеу іс-әрекетіне деген қажеттілік.
Т.А.Барышева,
Ю.А. Жигалов
шығармашылықтың мотивациялық-қажеттілік аспектісі
.(«шығармашылықтың субъективті детерминанты»).
Л.Б.Ермолаева- Томина тұрақтылықпен сипатталатын жеке сапа.
В.Г. Рындак
ойлаудың интеллектуалдық белсенділігінің жоғары деңгейі; жеке
тұлғаның салыстырмалы түрде тұрақты сипаттамасын құрайтын
жеке тұлғаның ӛнімді - шығармашылық деңгейі, шығармашылық
дарындылығы, шығармашылық қабілеті.
А.М. Новиков
жеке тұлғаның ӛнімді (шығармашылық) іс-әрекетке қабілеттілігі,
жеке қасиеті, оның бейімділігімен және оны құруға дайындығымен
кӛрінеді, яғни, ӛз қызметінің нақты әлеуметтік маңызды жаңа
ӛнімдерін жасау.
И.М. Кыштымова
мәдениет арқылы жеке мағынаны жүзеге асыруда кӛрінетін жеке
қасиет, екі компонентті бӛлектеу кезінде: жеке мағынасы мен
танымдық дағдылары.
Ю. И. Салов
Ю. С. Тюнников
адамның ойлау, сезім, қарым-қатынас, жекелеген қызмет
түрлерінде кӛрінуі мүмкін шығармашылық мүмкіндіктері
(қабілеттері), жеке тұлғаны тұтастай немесе оның жеке жақтарын,
қызмет ӛнімдерін, оларды құру үдерісі.
П.Ш. Маханова
Ж.Қыдырбаева
шығармашылықтың
субъективті
детерминанты,
жүйелі
(кӛпӛлшемді, кӛпдеңгейлі) психикалық құрылым.
шығармашылық мүмкіндіктер, қабілеттілік, сонымен қатар статикалық
жүйелер ішінде туындайтын мәселелерді шеше білу мүмкіндігі [63].
18
1-кестеде келтірілген «креативтілік» ұғымының анықтамаларына
жасалған талдау оның пәнаралық және кӛп ӛлшемді құбылыс ретінде
қарастырылатындығын кӛрсетті.
Креативтіліктің
зерттеушілер
ұсынған
түсіндірмелері
ақыл-ой
әрекеттерімен байланысты - түсіну, білу, түсіну, идеяларды қалыптастыру,
ашу, стереотипті ойлаудан бас тарту, сондай-ақ сенсорлық қабылдау мен
ерік-жігермен әрекет ету, таңдану, тәуекелге бару, нәтижеге қол жеткізу,
жаңасын жасауды негізге алады.
Сонымен, зерттеушілердің түсінігіндегі креативтілік - бұл белгілі бір
жағдайларда кӛрінетін туа біткен сапа, ол стандартты ойлаудан бас тарту
және жаңа және пайдалы нәрсені жасауға ұмтылу арқылы қоршаған
шындықтың ӛзгеруіне жауап беру қабілетімен, ішкі және сыртқы
кедергілерді жеңуге, белгісіздікке тӛзімділікпен және т.б. байланысты.
Демек, креативтілік – кӛп қырлы термин. Креативтілікті кең және тар
мағынасында қарастыруға болады. Кең мағынада, креативтілік тұлғаның
шығармашылық қабілеті болса, тар мағынада, адамның күнделікті ӛмірлік
жағдайында туындаған мәселелерді ерекше шеше білу, не болмаса әрекет
барысында жаңа идеяларды ойлап табу т.с.с. қабілеттерді атап айтуға болады
[64, 65].
Зерттеушілер ұсынған креативтіліктің анықтамаларын зерделеу мен
талдау негізінде қарастырылып отырған құбылысты түсінудің кең
семантикалық ӛрісін ұсынады және креативтілік туралы жалпылама
қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Біздің тұжырымдауымызша
« креативтілік - адамның шығармашылық белсенділігімен, жаңа ӛнімнің
Достарыңызбен бөлісу: |