Бураева жанат бауыржановна бoлaшaқ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет6/67
Дата16.01.2023
өлшемі3,52 Mb.
#61524
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
dis Креативт3к ойлау

Зерттеудің жетекші идеясы: болашақ информатика мұғалімдерінің 
педагогикалық креативтілігінің ағылшын тілінде меңгерілетін пәндерді 
оқытуда қалыптасуы рухани жаңғыру мен тӛртінші ӛнеркәсіптік революция 
жағдайындағы кәсіби маманға қойылатын талаптарға сәйкес мемлекетте 
креативті, зияткер әрі бәсекеге қабілетті педагог мамандардың даярлануына 
ықпал етеді.
Зepттeудің әдicнaмaлық жәнe тeopиялық нeгіздepі: тұлға дамуы 
туралы жалпы теориялар жүйесі, білім берудің әлеуметтік-философиялық 
негіздері; заманауи дидактиканың қағидаттары; білім берудегі тұлғалық-
бағдарлық психологиялық теориялар; таным теориясы, жоғары білім беру 
жүйесіндегі 
қағидалар, 
шығармашылық 
теориясының 
қағидалары, 
креативтілік, педагогикалық креативтілік туралы теориялық тұжырымдар 
табылады. 
Зерттеу 
көздері: 
отандық 
және 
шет 
елдік 
ғалымдардың 
шығармашылық, креативтілік, педагогикалық креативтілікті қалыптастыру 
мәселесі қарастырылған философиялық, психологиялық-педагогикалық 
ірегіл ғылыми зерттеулері мен озық тәжірибелері; Қазақстан Республикасы 
«Білім туралы» Заңдары, Қазақстан Республикасы жалпыға міндетті білім 
және жоғары білім берудің мемлекеттік стандарттары, Қазақстан 
Республикасының Білім беруді және ғылымды дамытуға арналған 
мемлекеттік 
бағдарламалар, 
«Педагог 
мәртебесі» 
туралы 
заңы, 
Педагогтің кәсіби стандарты, 
ғылыми 
педагогикалық 
басылымдар; 
докторанттың ғылыми-ізденушілік және практикалық тәжірибесі. 
Зepттeудiң кeзeңдepi:
Бірінші кезеңде (2017-2018 жж.) – болашақ информатика 
мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру проблемасы 
бойныша теориялық ақпараттар жиналып, талданды, аталған проблема 
бойныша түрлі ғылым салаларында жүргізілген іргелі зерттеулердің 
нәтижелері зерделенді. Зерттеудің ғылыми аппараты негізделіп, анықталды. 
Жоғары білім беру ұйымдарының озық тәжірибелері жинақталып
қорытындыланды, тәжірибелік-эксперименттің жоспары даярланды.  
Екінші кезеңде (2018-2019 жж.) - шығармашылық, креативтілік, 
педагогикалық креативтілік түсініктерін жан-жақты талдау арқылы 
педагогикалық креативтілік ұғымының мәні нақтыланды. Болашақ 
информатика мұғалімінің педагогикалық креативтілігінің құраушылары
ӛлшемдері, кӛрсеткіштері нақыталып, оларға сәйкес деңгейлері белгіленді. 
Болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін 
ағылшын тілінде меңгерілетін пәндерді оқытуда қалыптастыруды үдерісінің 
қызметтік-үдерістік моделі жасалды. Болашақ информатика мұғалімдерінің 
педагогикалық креативтілігінің ағылшын тілінде меңгерілетін пәндерді 
оқытуда қалыптасуының деңгейін анықтаудың диагностикалық әдістемесі 
(әдістемелер, сауалнамалар мен анкеталық сұрақтар, тест түрлері т.б.) 


10 
іріктелді. Модельдің тиімділігін тексеру оқыту үдерісінде қолданылатын 
элективтік курс бағдарламасы, оқу-әдістемелік құралдар жасалды. Анықтау, 
қалыптастыру эксперименттері іске асырылып, аралық кесінділер алынды.
Үшінші кезеңде (2019-2020 жж.) – диссертацияның мазмұны бойынша 
ғылыми мақалаларда жарияланды және халықаралық конференцияларда, 
семинарларда талқыланды. Тәжірибелік-эксперимент жұмысы бойынша 
қорытынды нәтижелерге талдау жасалып, статистикалық ӛңдеу жұмыстары 
іске асырылды, қорытынды жасалды. Нәтижелер диссертацияның мазмұнына 
еңгізіліп, тиісті тұжырымдар жасалып, ұсыныстар берілді. Әдебиеттер 
жүйеленіп, диссертация талап бойынша рәсімделді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет