Бураева жанат бауыржановна бoлaшaқ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет14/67
Дата16.01.2023
өлшемі3,52 Mb.
#61524
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   67
Байланысты:
dis Креативт3к ойлау

1.2 
Болашақ 
информатика 
мұғалімдерінің 
педагогикалық 
креативтілігін қалыптастырудың отандық және шетелдік тәжірибесі 
 
Қазіргі кезеңде әлем бойынша жоғары білім беру ұйымдарында 
креативті оқытуды енгізуде белсенді жұмыстар, кешенді іс-шаралар жүзеге 
асырылуда. Бұл әрбір елдің мәдени-экономикалық жағынан ең мықты елге 
айналуға ұмтылыс жасау стратегияларымен, креативтілік мәселесін 
зерттеудің ұзақ әрі бай тарихымен және креативтік дағдыларды үйретудің 
кең бағдарымен байланысты.
Білім кӛлемінің ұдайы ӛсуі мұғалімді бастапқыда бір саладағы пәндерді 
меңгеруі қажеттілігіне ұмтылдырады, әрі оның басқа саладағы пәндерді 
игеруінің маңыздылығын айқындайды [95]. 
Шетелдік және отандық педагогикалық креативтілікті қалыптастыру 
тәжірибелерін зерделеу отандық жоғары білім беру жүйесін жақсартуға 
кӛмектесетін бағыттарды 
және оларды 
жетілдірудің 
бастамашыл 
бағдарларын, 
болашақ 
информатика 
мұғалімінің 
педагогикалық 
креативтілігін қалыптастырудың тиімді қызметтік-үдерістік моделін құруға 
ықпал етеді.
АҚШ. Троя университеті, Алабама (Troy University) дарынды білім 
алушылардың анықтауға және олардың білім беру бағдарламаларын 
(Creativity) тиісті түрде түзетуге қабілетті әрі қарай ӛзін-ӛзі тәрбиелеуге 
бағытталған жоғары білікті мұғалімдерді даярлау курсын ұсынады. 1999 
жылы АҚШ-та шыққан «Креативтілік» энциклопедиясында американдық 
білім алушылардың креативтілігін дамытудың негізгі тәсілдері кӛрсетілген 
[96]. 1954 жылы А.Осборн құрған, Креативтік білім беру қоры (CEF) жүзеге 
асырған және осы күнге дейін белсенді жұмыс істейтін осы елдегі креативтік 
қабілеттерді дамытудың ұзақ мерзімді жобаларының бірі. 


31 
АҚШ-та білім берудегі креативтілікті дамыту стратегиясы туралы 
ӛзіндік кӛзқарас бар. Бұл стратегияның негізгі бағыты барлық білім беру 
деңгейлерінде ӛнер мен гуманитарлық ғылымдарды оқытуды кеңейту болып 
табылады. «Гуманитарлық ғылымдар» ұғымының кӛптеген анықтамалары 
бар екенін ескере отырып, ұлттық ӛнер және гуманитарлық ғылымдар 
Қорының 1965 жылғы актісінде келтірілген тұжырым осы бағытты жүзеге 
асырудың бағдарына таңдалды: «Гуманитарлық ғылымдар» термині келесі 
білім салаларын қамтиды, әрі олармен шектелмейді: тілдер, лингвистика; 
әдебиет; тарих; құқықтану; философия; археология; салыстырмалы дінтану; 
этика; тарих және ӛнер теориясы; гуманистік мазмұны бар және гуманистік 
әдістермен жұмыс істейтін әлеуметтік ғылымдардың аспектілері...» [97]. Егер 
білім беру бағдарламаларын гуманитарлық мазмұнмен қанықтыруды енді 
инновациялық нәрсе деп санауға болмайтын болса, онда оларға бейнелеу 
және орындаушылық ӛнер түрлерінің негіздерін игеруді енгізу, сӛзсіз, білім 
берудегі креативтілікті дамытудағы маңызды қадам болып табылады. 
Ұлттық гуманитарлық білім беру қауымдастығы әзірлеген және 
насихаттайтын бұл бағдарлама «Креативті ойлау, тиімді қарым-қатынас және 
командадағы жұмыс бүгін оқу, жазу және есептеудегі дәстүрлі дағдылармен 
қатар еңбекке қабілетті халыққа қажетті құзырет ретінде қарастырылуы тиіс» 
деген тұжырымға негізделген. Ӛнер және гуманитарлық ғылымдар 
саласындағы білім мәдени құзыреттілікті дамытады, ол ӛзгені қабылдау 
немесе ӛнер туындысын жасау қабілетімен қатар, ӛзін және басқаларды кең 
мәдени контексте түсіну қабілетін кӛрсетеді» [98]. 
Атлант университетінің білім беру колледжі, Флорида (Florida Atlantic 
University, College of Education) дарынды білім алушылармен жұмыс істеу 
үшін педагогтарды даярлауға бағытталған 5 білім беру бағдарламасын 
ұсынады: «Дарынды оқушылардың қабілеттері», «Дарынды оқушылардың 
арнайы білімі», «Креативтіліктің теориясы мен дамуы», «Дарынды 
оқушыларға арналған бағдарламалар әзірлеу», «Дарынды білім алушыларға 
сүйемелдеу және кӛмек кӛрсету». Білім беру бағдарламасын табысты игерген 
білім алушылар магистр дәрежесіне ие болады.
The State University of New York, Buffalo педагогикалық университеті 
болашақ мұғалімдерді даярлауға арналған «Оқытуды саралау», «Дарынды 
білім алушыларды анықтау және бағалау» және т.б. бӛлімдерден тұратын 
курс ұсынады. Курс портфолио құрумен аяқталады. Бұл курсты 
қашықтықтан да игеруге болады [99, 100].
Жоғарыдағы айтылған ақпараттарды қорытындылай келе, американдық 
педагогикалық университеттерде креативтілікті дамыту бағдарламалары 
жалпы сипатқа ие, болашақ мұғалімдерді кәсіби оқытудың басынан бастап 
даярлаудың психологиялық құраушысына кӛп кӛңіл бӛлінетіндігін байқауға 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет