Бураева жанат бауыржановна бoлaшaқ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет15/67
Дата16.01.2023
өлшемі3,52 Mb.
#61524
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   67
Байланысты:
dis Креативт3к ойлау

Ұлыбритания. Ұлыбритания үкіметі ӛзінің білім беру жүйесінің алдына
«елді әлемдік креативтілік орталығына айналдырудың ӛршіл, бірақ 
орындалатын міндетін» қояды [101].


32 
1990-шы жылдардың ортасынан бастап саясаткерлер мен педагогтар 
арасында білім алушылардың креативтілігі – білім берудің ӛте маңызды 
мақсаты деген түсінік қалыптаса бастады. Экономика мен бизнестегі 
креативтілік деңгейін кӛтеру қажеттілігі оқу үдерісінде креативтілікті 
күшейту қажеттілігін түсінуге кӛмектесті. Британияда соңғы он жылда алғаш 
рет креативтілігін дамытуға жеткілікті мүмкіндіктері бар аталған салаларда 
халықтың жұмыспен қамтылуы 34% - ға ӛсті [102]. Сондықтан, білім 
алушылардың креативтік қабілеттері жастарды жаңа ғасырдағы ӛмірге 
дайындау құралы ретінде олардың жеке дамуына баса назар аударылады. 
Ұлыбританияның әртүрлі аймақтарында үкімет қаржыландыратын және 
1998 жылы құрылған Креативтілік және мәдени білім беру жӛніндегі Ұлттық 
комитеттің (NACCCE) қолдауымен іске асырылатын жобалар бар. Олардың 
ішінде келесідей бастамалар бар:
- Англиядағы «Креативтілік серіктестік»;
-Солтүстік Ирландиядағы «Жастардың креативті серіктестігі»; - 
«Креативтіліктің маңыздылығы»;
- Шотландияда «Болашақты үйрету және үйрену» және т.б.
Жапония. Ұлттық және мәдени дәстүрлер, сӛзсіз, білім беру 
стратегиясын қалыптастырудың маңызды факторы болып табылады. Осыған 
байланысты біз білім берудің жаһандануы және батыс құндылықтарының 
пайда болуы жағдайында ол үшін дәстүрлі білім беру парадигмасын сәтті 
сақтайтын және бірнеше ондаған жылдар бойы жоғары технологиялар 
саласында жетекші орынға ие болған елдегі жастардың креативтілігін дамыту 
тәжірибесіне жүгінеміз.
Ш.Тацуно «Жапонияда жасалған: еліктеушілерден әлемдік деңгейдегі 
инноваторларға дейін» деген символдық атауы бар кітапта [103] 
американдықтар 
креативтілігінің 
жаңа 
идеяларын 
шығаратын 
ӛнертапқыштықтан айырмашылығы, жапондар жақсартуға, ӛзгертуге, бар 
нәрсені тиімді пайдалануға баса назар аударады. Алайда, жапондықтар 
ӛздерінің дәстүрлі мәдениеті негізінде креативтілік пен ӛнертабыстың 
жоғары деңгейіне қол жеткізе алды.
Жапондық білім беру жүйесінің мазмұнын, сондай-ақ оқытудың 
нысандары мен әдістерін бақылауды кӛздейтін білім беру үдерісін қатаң 
реттеу жағдайында елдегі бірнеше оқу орындарында білім алушылардың 
креативтілігін дамыту үшін мақсатты түрде жасалған оқу жоспарлары бар. 
Мектептерде негізінен креативті зерттеулер жүргізілетін университеттерге 
бекітілген білім беру мекемелері (Шицуока Университеті екі бастауыш және 
үш орта мектептермен жұмыс істейді). Креативтілікті дамыту бойынша білім 
беру бағдарламалары орта және жоғары (оның ішінде педагогикалық) 
кәсіптік білім беру деңгейінде кеңінен таралған.
Австралияда Бонд университетінде білім алушыларда креативтілікті 
дамытудың алғаш «Transformer» бағдарламасы жұмыс жасайды. Бұл білім 
алушыларды ойлаудың креативтілігіне тәрбиелеуге бағытталған алғашқы 
оқудан тыс факультетаралық бағдарлама. Университет жаңа ұсынысқа 


33 
мамандандырылған бірлескен жұмыс кеңістігін құруды қоса алғанда, 2,5 
миллион доллар инвестицияланған. Іске қосылуы университеттің 28 
жылдығына сәйкес келетін «Transformer» деп аталатын бағдарламаға 90-нан 
астам білім алушы тіркелген.
Ол жыл бойы білім алушылардың ешқандай қаржылық шығындарынсыз 
қол жетімді және креативтілікті дамытуға, зерттеулерді ынталандыруға, 
инновацияларды ынталандыруға және кәсіпкерлік тәжірибені кеңейтуге 
арналған. 
Барлық 
білім 
алушыларға 
ұсынылатын 
«Transformer» 
бакалавриатта немесе магистратурада оқу кезінде – Шабыт (Inspiration), 
зерттеу (Exploration) және трансформация (Transformation) сияқты үш бӛлек 
жүйелі кезеңдегі жеке оқу қарқынын болжайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет