Бураева жанат бауыржановна бoлaшaқ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет23/67
Дата16.01.2023
өлшемі3,52 Mb.
#61524
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   67
Байланысты:
dis Креативт3к ойлау

Креативті тұғыр - болашақ информатика мұғалімінің педагогикалық 
креативтілігін қалыптастыруда ӛнімді және креативті іс-әрекетінің қажетті 
шарты болып табылады. Креативті тұғыр шығармашыл тұлғаны 
қалыптастыруға, 
іс-әрекеттің 
шығармашылық 
стилін 
дамытуға, 
педагогикалық мәселелерді стандартты емес шешуге, жаңашылдық 
қабілеттерге бағытталады. Педагогикалық креативтілік мазмұны, оқу 
үдерісін ұйымдастыру, ғылыми және практикалық мәселелерді шешуде 
түбегейлі жаңа жағдай жасайтын педагогикалық әрекеттің жағдайы ретінде 
қарастырылады, мұнда мазмұн, оқу үдерісін ұйымдастыру, ғылыми және 
практикалық мәселелерді шешуде түбегейлі жаңа жағдай туындайды [129]. 
Креативтілік тұрғыдан бағытталған педагогика - бұл дамудың 
педагогикасы, яғни тарихи бағытталған білім беру идеялары мен білім беру 
тәжірибесінің құраушыларының жиынтығы, ол ӛзінің бағытталған іс-әрекеті 
барысында адамның жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді [130]. 
«Креативті оқу үрдісінің негізгі факторы - ӛзара бастамашылық, яғни, 
оқу үдерісі мұғалім мен білім алушының бірлескен жұмыс-диалогына 
айналады. Біріншісі білімі мен машығы кӛп адам ретінде әрекет етеді; 
соңғысының бейресми және жеке сӛйлесу мүмкіндігі мен құқығы бар. Бұл 
қарым-қатынаста ақпарат алмасудың екіжақты үдерісі жүреді, тіпті білім 
беру үдерісіне тек ақыл ғана емес, эмоциялар, ерік-жігер, әлеуметтік сезімдер 
де қосылады, ал тәрбиелік іс-әрекет моральдық мазмұнмен толығады» [131]. 
Креативті тұғырдың нәтижесінде мұғалімнің де, білім алушының да іс-
әрекетінің сипаты ӛзгереді, бұл диалогтық мәдениеттің қалыптасуына 
әкеледі. Болашақ информатика мұғалімінің ынтасы есте сақтауға және 
кӛбейтуге емес, жеке іздеуге бағытталады [132]. Болашақ информатика 
мұғалімінің педагогикалық креативтілігін қалыптастырудағы креативті тұғыр 
кез-келген білім алушы шығармашылық жағдаяттарда оны креативтілікке 
қабілетті бола алады деген идеяға негізделген.
Жоғарыда мазмұндалып, іріктелген әдіснамалық тұғырлар біздің 
пікірімізше, зерделенетін құбылыстың біртұтас кӛрінісін жасауға – болашақ 
информатика мұғалімінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыруға 
мүмкіндік беретін дәлелді негізделген толыққанды сенімді ақпарат алу 
мүмкіндігін береді. Әдіснамалық тұғырлар негізінде болашақ информатика 
мұғалімінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру ұстанымдары 
ретінде: тұтастық, жүйелілік ұстанымы, проблемалық, шығармашылық 
бағдарлылық ұстанымдары таңдалып, негізделді. 
1. Тұтастық, жүйелілік ұстанымы. Бұл ұстаным болашақ 
информатика мұғалімінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру 


51 
әдістемесінің құрылымынан тұтастықты, бірізділікті, толыққандылықты 
талап етеді, тек осы жағдайда педагогикалық креативтілікті қалыптастыру 
әдістемесінің мақсатына жету үшін оқыту құралдары құралдар мен әдістерді 
таңдаудың орындылығы туралы айтуға болады.
2. 
Проблемалық 
ұстаным. 
Проблемалық 
ұстаным 
дәстүрлі 
педагогикада қалыптасқан белгілі ұстанымдардың бірі. Педагогикалық 
креативтіліктің мәні проблемалық болғандықтан мәселенің стандартты емес 
тың әрі тиімді шешімін табуды басшылыққа алады. Болашақ информатика 
мұғалімінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру проблемалық 
ұстанымға сәйкес креативті шешімдерді табуды қажет ететін жағдаяттық 
тапсырмалар мен жаттығуларда, квесттерде, кейстерді құрастыруда кӛрініс 
табады. 
3. 
Шығармашылық 
бағдарлылық 
ұстанымы. 
Бұл 
ұстаным 
репродуктивті ғана емес, сонымен бірге креативті іс-әрекет дағдыларын 
қалыптастыруды да қамтиды. Педагогикалық креативтіліктің қалыптасуы тек 
мақсатты сипатта болмауы тиіс және соңғы нүкте ретінде қабылданбауы 
керек. Бұл жағдайда барлық орындалған тапсырмалар мен тренинг түрлерін 
болашақ информатика мұғалімдері оң эмоционалды қарым-қатынассыз тез 
орындайды, бұл таңдалған оқыту әдістерінің сапасына да, диагностикалық 
нәтижелерге де, жалпы тәжірибелік жұмыстарға да кері ықпал етеді. Осы 
ұстанымның нәтижесінде болашақ информатика мұғалімі ӛзінің креативтік 
әрекетке ұмтылдыратын мотивтің болуына негізделген педагогикалық іс-
әрекеттерді дербес жасайды. Тапсырмаларды, жаттығуларды орындау 
барысында оқытушы білім алушыға оқу міндеттерін ӛз бетінше шешуге 
толық мүмкіндік береді.
Жоғарыда берілген ақпаратты қорытындылау негізінде, болашақ 
информатика мұғалімінің педагогикалық креативтілігін қалыптастырудың 
ғылыми және практикалық алғышарттары тӛмендегідей анықталды:
әлеуметтік-мәдени: цифрлық қоғам жағдайында креативтіліктің 
болашақ мұғалімдерден талап етілуінің ауқымы мен қарқындылығы, түрлі 
әлеуметтік топтардың ӛзара қарым-қатынасы, сондай-ақ мәдениеттің 
кӛптүрлілігі жағдайындағы педагогикалық үдерістерінің әралуандылығы 
және т.б.;
қоғамның дамумен байланысты: ақпарат кӛлемінің жедел артуы,
ақпаратты тұтынудың ұлғаюы, ақпараттық іс-қимылдың жаңа үлгілері мен 
сапасының қалыптасуы, білім алу мен білім беру шекарасының жойылуы 
және т.б.; болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлаудың заманауи үрдістері; 
ұлттық жоғары білім беру жүйесін жетілдіру, отандық білім беру жүйесінің 
әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуге ұмтылысы; болашақ мұғалімдердің 
кәсіби даярлығына қойылатын талаптардың күшеюі, болашақ мұғалімдердің 
еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру және т.б.;
жоғары білім беру саласында оқытудың цифрлық технологияларын 
енгізу жағдайында: болашақ мұғалімнің жеке және кәсіби қажеттіліктеріне 
жауап беретін жаңа білім беру дизайны. 


52 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет