60
1) маңыздылық - ұйым ӛзінің мүдделі тараптарының не екенін, сондай-
ақ оның мүдделері мен мүдделі тараптардың мүдделері ол үшін қандай
маңызды болып табылатынын білуге тиіс;
2) толықтық - ұйымнан кӛзқарастар, қажеттіліктер, қауіптер мен
қызметтің күтілетін нәтижелерін, сондай-ақ олар үшін маңызды мәселелер
бойынша олардың пікірлерін түсіну талап етіледі;
3) ден қою - ұйым мүдделі тараптардың және ұйымның алдында тұрған
елеулі мәселелерге дәйекті ден қоюға тиіс.
Білім беруді дамытуды басқару, оның ішінде жоғары білім беру
жүйесінде де тиімді мемлекеттік басқарудың әлемдік стандарттарына сәйкес
келуі тиіс. Бұл стандарттар негізгі стейкхолдерлер білім берудің тиімділігін
бағалай алатындай және олардың мүдделерін ескеруге әсер ететіндей білім
беру қызметтерін ұсыну/есеп беру (немесе есепке алу мен бақылауды
нығайту) үшін жауапкершілікті арттыруды білдіреді. Стейкхолдерлердің
мүдделерін анықтау және есепке алу тетіктерін пайдалану кезінде әлеуметтік
жауапкершіліктің халықаралық стандарттарын пайдалану орынды.
Бұл жағдайда тетіктердің тиімді болуы үшін олар заңды, қолжетімді,
болжалды, әділ, құқықтармен үйлесімді, анық және айқын, диалогқа
негізделген болуы тиіс.
Осы орайда, болашақ информатика мұғалімдеріне
ағылшын тілінде
оқытылатын пәндердің педагогикалық креативтілікті қалыптастыру
мүмкіндіктері мен креативті информатика мұғалімінің идеалдық моделін
қарастыру маңызды.
Осы
тармақшада
қарастырылған
психологиядағы
тұлғаның
шығармашылық қабілеті мен дарындылығы туралы теориялар –
педагогикалық
креативтіліктің
мазмұндық
негізі
2.2
тармақшада
қарастырылатын педагогикалық креативтілікті қалыптастыру мүмкіндіктері
мен креативті информатика мұғалімінің идеалды моделін зерделеуде негіз
болады.
Достарыңызбен бөлісу: