Бураева жанат бауыржановна бoлaшaқ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет24/67
Дата16.01.2023
өлшемі3,52 Mb.
#61524
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   67
Байланысты:
dis Креативт3к ойлау


БОЛАШАҚ 
ИНФОРМАТИКА 
МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
КРЕАТИВТІЛІГІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ 
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
2.1 Психологиядағы тұлғаның шығармашылық қабілеті мен 
дарындылығы туралы теориялар – педагогикалық креативтіліктің 
мазмұндық негізі 
Адами капиталды қалыптастыру кез-келген елдің мемлекеттік 
саясатының түйінді мәселелерінің бірі. Адам капиталына инвестицияларды 
жүзеге асырудың басымдығы неғұрлым дамыған елдерге ғылыми, 
инновациялық, зияткерлік салаларда жетекші орын алуға, халықтың ӛмір 
сүру сапасын үнемі жақсартуға мүмкіндік береді. Дүниежүзілік банктің және 
БҰҰ Даму Бағдарламасының деректері бойынша қазіргі уақытта дамыған 
елдерде адами капитал жалпы игіліктің 80% - ын құрайды [133]. 
ХХ 
ғасырдың 
екінші 
жартысында 
адами 
капитал 
ұғымы, 
тұжырымдамасы және теориясы қазіргі әлемнің инновациялық экономиканы, 
ақпарат және білім қоғамын қалыптастыру сияқты мәселелерін шешуде 
қоғамның қажеттілігіне жауап берді, онда сарапшылар мен зияткерлік еңбек 
мамандарының рӛлі орасан зор ӛсті.
Қазіргі уақытта адами капиталды қалыптастырудың мақсаты - ӛндіріс 
жүйесінің тиімді жұмыс істеуін, қоғамның тұрақты дамуына кӛшуді 
қамтамасыз ететін адамның жеке, кәсіби қасиеттерінің, дағдыларының, 
қабілеттерінің жеткілікті жоғары деңгейін қамтамасыз ету. Осыған 
байланысты, «адами капитал» ұғымының мазмұны да ӛзгеруде. Адами 
капитал - бұл инновациялық креативті еңбек қорлары, бәсекеге қабілетті 
және ӛнімді білім, зияткерлік капитал, барлық саладағы жаңа технологиялық 
үдерістер, сондай-ақ, әлемдік жаһанданатын нарықта мемлекеттің бәсекеге 
қабілеттілігін қамтамасыз ететін ӛмір сапасы.
Адами капиталды дамытуда болашақ мұғалімдердің шығармашылық 
қабілеттерін ұштау, кәсіби шығамрашыл қызмет етуге даярлаудың маңызы 
зор. 
Шығармашылық пен шеберлік мұғалім үшін ӛте маңызды. Олардың 
қажеттілігі педагогикалық іс-әрекеттің шығармашылық сипатына, оның 
ағымының жағдайларының үнемі ӛзгеруіне, аудиторияға, жұмыс істеуге тура 
келетін сыныпқа және әлеуметтік-мәдени ортаға байланысты. Кәсіби 
ӛмірінде мұғалім оқушылардың бірнеше ұрпақтарына білім береді. Олардың 
әрқайсысы 
тарихи, 
әлеуметтік, 
мәдени 
оқиғаларға, 
білім 
беру 
мақсаттарының, құндылықтардың, мұраттардың ӛзгеруіне, кәсіптердің 
беделінің ӛзгеруіне және т. б. байланысты уақыттың, тарихи бірегейліктің 
таңбасына ие болады [134]. 
М. М. Поташник педагогикалық жұмыс шығармашылық емес бола 
алмайды деген пікір айтады, ӛйткені балалар, жағдайлар, мұғалімнің ӛзі 
ерекше, және кез-келген педагогикалық шешім әрқашан стандартты емес 
факторлардан туындауы тиіс. Егер балалармен жұмыс істейтін адамның іс-


53 
әрекеті осы ерекшеліктерді ескермесе, онда оның жұмысы «педагогикалық» 
деп аталатыннан тыс жатыр. Педагогикалық қызмет ғылым мен ӛнердің 
қоспасы бола отырып, әрқашан шығармашылықты қамтиды. Мұғалімнің 
практикалық іс-әрекетіндегі шығармашылық соншалықты әр түрлі, оның 
кӛрінісінің әртүрлі аспектілері туралы айтуға болады. Педагогтің 
практикалық жұмысындағы шығармашылық емес жаңашылдық: мәселелерді 
шешудің стандартты емес тәсілдерінде; жаңа әдістерді, формаларды, 
тәсілдерді, құралдарды және олардың бірегей үйлесімдерін әзірлеуде; қолда 
бар тәжірибені жаңа жағдайларда тиімді қолдануда; жаңа міндеттерге сәйкес 
белгілі тәжірибені жетілдіруде, рационализациялауда, жаңғыртуда, сондай-ақ 
жоғары дамыған интуиция негізінде сәтті импровизациялауда кӛрініс табуы 
мүмкін[135].
В. А. Бухвалов [136] Ол педагогикалық шығармашылық деңгейлерін 
келесідей анықтады:
1- деңгей. Дидактикалық жүйенің тиімділігін оған белгілі әдіс-
тәсілдерді, формаларды енгізу арқылы арттыру;
2-деңгей. Дидактикалық жүйенің тиімділігін оларды жаңа жағдайда 
қолдану мақсатында белгілі әдіс-тәсілдерді, формаларды енгізу арқылы 
арттыру;
3-деңгей. 
Педагогикалық ӛнертабыстар, оларды қолдану бүкіл 
дидактикалық жүйені емес, оның тек бір немесе бірнеше бӛлігін ӛзгертуді 
қамтиды (жаңа әдістемелік техниканы, форманы немесе әдісті құру);
4-деңгей. Белгілі әдіс-тәсілдерден, формалардан жаңа дидактикалық 
жүйені құру (оның жаңалығы олардың арасындағы жаңа байланыстардың 
пайда болуынан тұрады);
5-деңгей. Дидактикада түбегейлі жаңа бағытты құру – оқушының 
шығармашылық педагогикасы немесе бірлесіп құру (бірлесіп құру – бұл 
мұғалімнің де, оқушылардың да ӛзіндік шығармашылық педагогикасы, мұнда 
негіз мұғалімнің шығармашылық міндеттерін шешу арқылы оқушылардың 
іс-әрекет әдістерін игеруі болады). 
В.А.Кан-Калик педагогикалық іс-әрекеттің шығармашылық мәніне 
келесідей анықтама берді: «педагогикалық шығармашылықтың ӛзіндік 
ерекшелігі-шығармашылық тек педагогикалық мәселені шешу актісі ғана 
емес, сонымен бірге бұл шешімді балалармен қарым-қатынаста жүзеге асыру 
үдерісі». Сонымен қатар, В.А. Кан-Калик, мұғалімнің шығармашылық 
қызметінің логикалық және педагогикалық аспектісімен қатар, субъективті 
және эмоционалды, коммуникативтік дағдыларды нақтылай кӛрсетті. 
Мұндай дағдыларға психикалық және эмоционалды күйді басқару, қоғамдық 
ортада әрекет ету (қарым-қатынас жағдайын бағалау, әртүрлі әдістерді 
қолдана отырып, аудиорияның немесе жеке оқушылардың назарын аудару 
және т.б.) т.б. жатады [137]. 
Қазіргі уақытта шығармашылықты зерттеудің ең перспективалы 
бағыттарының бірі Д.Б.Богоявленскаяның зерттеулері болып табылады, ол 
ӛзінің эксперименттік жұмыстарында шығармашылықты талдау бірлігін 


54 
ерекшелеп кӛрсетті. Осындай бірлік ретінде шығармашылық тұлғаның 
танымдық және мотивациялық сипаттамаларын олардың бірлігінде 
кӛрсететін зияткерлік белсенділік атап ӛтілді. Д. Б. Богоявленская 
шығармашылықты ақыл-ойдың ерекшелігі немесе ойлау деңгейі ретінде, 
зияткерлік белсенділіктің жоғары деңгейінің сапалы сенімділігі ретінде 
қарастырады. Шығармашылықтың даму кӛздері мен шарттары туралы айта 
отырып, ол оны іс-әрекетте дамитын әлеуметтік анықталған құбылыс ретінде 
сипаттайды. Д.Б.Богоявленскаяның кӛзқарасы бойынша, зияткерлік 
белсенділіктің ӛлшемі, оның ең сапалы сипаттамасы-интеллектуалдық 
бастама-практикалық қажеттіліктерге де, жұмыстың сыртқы немесе 
субъективті теріс бағалануына да байланысты емес ситуациялық міндеттен 
тыс ақыл-ой қызметінің жалғасы [138]. 
Объективті критерийлерге сүйене отырып, ол зияткерлік белсенділіктің 
үш деңгейін анықтайды: ынталандыру-ӛнімді, эвристикалық және креативтік. 
Жоғары деңгей. Зияткерлік белсенділіктің креативтілігін білдіреді . 
Шығармашылық деңгейдің ақыл-ой қызметіне тән қасиет - бірқатар 
жағдайларды міндетті түрде салыстыруды қажет етпейтін терең талдау 
үдерісі. Интеллектуалды белсенділіктің ең жоғары деңгейіне жеткенде, 
мұғалім ӛзінің кәсіби қызметін ӛзгертуге бағытталған инновациялардың 
бастамашысы болады деп болжауға болады [139]. 
Болашақ мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерінің ұшталуы, 
олардың креативтіліктерінің қалыптасуының негізі болады. 
Ежелгі 
дәуірде 
гуманистік 
бағытталған, 
позитивті, 
адамның 
эмоционалды 
ынталандырушы 
белсенділігі 
мәселелерін 
шешуді 
креативтілікпен байланыстырылды деп айтуға болады.
Креативтілік, 2500 жыл шамасында зерттелуде. Аристотель кездейсоқ 
сәйкестіктерден гӛрі табиғи емес заңдарға назар аударды. Жасау мен 
еліктеудің арасындағы айырмашылықты алдымен Кант атап ӛтті. Оның 
теориясы креативтілік әрекеттер саналы ақыл арқылы тікелей байланысты 
екенін анықтады. Креативтіліктің табиғатын зерттей отырып, Фрейд 
креативтіліктің 
адамның 
ақыл-ойында 
белгілі 
бір 
«динамикалық 
факторларды» қамтитын құбылыс екенін дәлелдеді. 
Қазіргі таңда заманауи ғылыми әдебиеттерде ғалымдар тарапынан бұл 
түсініктің жүзден астам анықтамасы ұсынылған. Шетелдік креативтілік 
теорияларына шолу креативтілікті ғылыми зерттеу үдерісі бірнеше 
онжылдықты қамтитынын кӛрсетті (сурет 1).
Бүгінгі таңда креативтілік тек ӛнер мен ғылыммен ғана байланысты 
емес. Бұл кәсіби іс-әрекетте және күнделікті ӛмірде кездесетін алуан түрлі 
мәселелерді шешу мүмкіндігі. 


55 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет