Бураева жанат бауыржановна бoлaшaқ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет51/67
Дата16.01.2023
өлшемі3,52 Mb.
#61524
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   67
Байланысты:
dis Креативт3к ойлау

Эвристикалық ойын келесі кезеңдерде іске асырылды: 
Бірінші кезең-ұйымдастырушылық. Бұл кезеңде кӛшбасшы бәсекелес 
командаларды құрады. Жүргізуші (оқытушы) эвристикалық ойынның 
мақсаттары мен ережелері туралы түсіндірді. Екі бәсекелес және бір-бірімен 
пікірталас-дау топтарын құрумен қатар, жалпы және оның жеке 
қатысушыларының 
дау-пікірталас 
жүргізу 
тиімділігінің 
дәрежесін 
бағалайтын сарапшылар тобы құрылды. Сонымен қатар, сарапшылар - 
тиімділікті бағалау критерийлерін әзірледі және командалар ӛзара жүргізетін 
пікірталас-даудың сәттілігін бақылады. Критерийлер ретінде, мысалы, 
келесілер белгіленді: 
а) педагогикалық пайымдау мен қорытындының дәлелділігі мен 
қисындылығы; 
б) дау жүргізу тәсілдерін қолданудың әртүрлілігі мен тиімділігі; 
в) сұрақтар қоя білу және т.б. екінші кезең.
Екінші кезең. Пікірталасты ӛрістету кезінде бәсекелес командалар 
даудың жаңа күтпеген стратегиясын ойластыру және табу, пікірталасты 
дұрыс бағытқа бұру үшін үзіліс алу ұсынылды. Үзіліс кезеңінде командалар 
жаңа бірегей идеяларды әзірлеу мақсатында эвристикалық әдістерді («ми 
шабуылы», эмпатия, инверсия, негізгі мәселелер, ұйымдастырылған 
стратегиялар, кездейсоқ бірлестіктер және т.б.) кеңінен пайдалана алды. 
Үшінші кезең - эвристикалық ойынды қорытындылау. Бұл кезеңде 
сарапшылардың әрқайсысына пікір білдіруге мүмкіндік берілді, олар 


119 
ӛздерінің бағалауларының критерийлері, пікірталас-дауға қатысушылардың 
сӛйлеген сӛздерінің нәтижелері ретінде негізделді. 
Қорытындылай келе, эвристикалық ойынды ұйымдастырушы оқытушы
оның барысына, артықшылықтары мен кемшіліктеріне, болашақта ескерілуі 
керек сәтті, даулы және сонымен бірге шығармашылық жағдайларға назар 
аударуды ұсынды.
Ғылыми 
әдістемелік 
әдебиеттерде 
болашақ 
мұғалімдердің 
педагогикалық креативтілігін қалыптастыруға арналған креативті оқыту 
әдістері мен оқу жаттығулары кӛптеп кездеседі. Зерттеу барысында 
жоғарыда аталған оқыту әдістерінен бӛлек оқу-кәсіби тапсырмалардың 
болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін 
қалыптастыруда тиімді екендігі белгілі болды.
Мысалы, информатика мұғалімінің креативтік қабілеттілігін анықтауға 
арналған сабақтың видеоүзіндісін талдау; білімді бағалау мен бақылаудың 
дәстүрлі емес формаларының сипаттамасын әзірлеңіз (викторина сабақ, ойын 
сбақ, «Кім? Не? Қайда?» ойыны т.б.) 
Қалыптастыру экспермиенті барысында болашақ информатика 
мұғалімінің педагогикалық креативтілігінің құраушыларын қалыптастыру 
әдістемесін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде іске 
асырудың оң нәтижелерге қол жеткізуге болатындығы анықталды.
Енді 
болашақ 
информатика 
мұғалімдерінің 
педагогикалық 
креативтілігін 
қалыптастыруда 
«Жаңа 
ақпараттық 
педагогикалық 
технологиялар» элективтік курсын оқыту әдістемесінен мысалдар келтірейік. 
Цифрлық сторителлинг технологиясы. 
Болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін 
қалыптастыру 
мақсатында 
цифрлық 
сторителлинг 
технологиясын 
пайдалануды білім алушылардың ой ұшқырлығын қалыптастыру мақсатында 
келесі тапсырмалар ұсынылды. 
1. Оқиғаны аяқтаңыз.
Цифрлық сторителлинг «Педагогикалық технология». 
Ерте заманда Білім патшалығында Педагогика атты ғалымның үш ұлы 
ӛмір сүріпті. Олар: Оқыту, Тәрбиелеу мен Дамыту еді. Оқыту үнемі ізденіп, 
кітап оқып, әлемнің ең ірі кітапханаларын аралап, ӛнер іздеуді мұрат етіпді. 
Ортаншы ұл Тәрбиелеу айналасына ізгілік нұрын шашып, табиғатпен 
үйлесімділікте, үлкенге ізет, кішіге құрмет кӛрсете қмір сүру салтын 
ұстаныпты. Ал кенже ұл Дамыту алдыңғы ағаларының ең жақсы қасиеттерін 
бойынша 
сіңіріп, 
ӛзінің 
даралығымен, 
алға 
ұмтылғыштығымен 
ерекшеленіпті.
Күндердің күнінде олардың жаймашуақ ӛмірін ӛзгертуге ықпал еткен 
бір оқиға болды. Ол .... . 
2. Оқиға желісін жалғастырыңыз: 
Орыс ғалымы - 7 аксиома – түзету – үш жағдай – САК – 16 түрлі себеп. 


120 
Цифрлық сторителлинг технологиясы бойынша практикалық сабақ 
тапсырмасы ретінде білім алушылардың ӛздеріне видеомен толықтырылған 
цифрлық сторителлинг әзірлеу тапсырмасы берілді (сурет 12). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет