Пререквизиттер: Аталған курсты оқығанға дейін оқушылар орта және жалпы білім беру
мектептерінде алған құқықтық және тарихи білімдері қажет. Құқық негіздері әлеуметтік-
гуманитарлық пәндер циклінің басқа пәндерімен тығыз байланысты. Олардың құқық
негіздерімен өзара байланысы оқудың негізгі объектісі- әртүрлі қоғамдық қатынастар.
Постреквизиттер: Студент ненi үйренедi: нормативтiк құқықтық мәселелердiң мәнiн түсiне
бiлудi, жалпы құқықтық сұрақтарды өз бетiнше шеше білуді, нормативтік актілерді дұрыс қолдана
алуды үйренедi. Студент түрлi құқық салалары мен саяси iлiмдердiң жеке индивидке әсер етуiн өз
бетiнше талдай алуы тиiс.
Оқытушы: Палванова М.
3.2. Пән атауы: «Еңбек құқығы» (2 кредит, 90 сағат) Оқытудың мақсаты: Бұл пәннің негізгі мақсаты еңбек құқық қатынастарының мәні мен
құрылымын студенттер жан-жақты түсіне алатын дәрежеге жеткізу.Азаматтар еңбек ету
бостандығын, конституциялық құқығын әр түрлі нысанда қолдана алатыны. Еңбек құқығы дербес
құқық саласы болып табылады, оның пәні, әдісі қағидалары бар және басқа құқық салаларынан
айрықша ерекшеленеді. Практикалық қызметке жоғары кәсіби дайындау, болашақ заңгерлерді
парасатты тұлғалар қатарына қосу.Еңбек құқығы дүниежүзілік заңнама мен құқықтанудың
дамуына әсер етті. Әрбір сауатты заңгер еңбек құқығымен танысуға тиіс. Бұл пәннің мақсаты осы
кезде халықаралық құқықта түрлі мемлекеттердің сауда және басқа азаматтық еңбек
қатынастарында қолданылатын еңбек құқықтан бастау алған заң термин сөздерін меңгеру болып
табылады.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары): Қазақстан Республикасының еңбек құқығы еңбек
заңдылығының жүйесі, оның қағидалары, мақсаттары және құрлымы туралы мағлұмат алуы керек,
оларды жетілдіру тарихын машықтау қажет, қызметкерлердің кейбір санаттарымен жеке еңбек
шартын бекітудің ерекшеліктерін білуі қажет, жұмыс уақыты мен демалыс уақытын белгілеу
тәртібін білуі керек, жалақының нысандары мен жүйесін қамтуы керек, лауазымды тұлғалар мен
қызметкерлердің еңбек заңдылығын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің әр түрлі түрлерін
пайдалануды үйренуі керек, еңбек құқығының теориясын және еңбек заңдылығын нормаларын
қолдана білуі керек.Еңбектік және зейнетақылық салада сапалы кеңес беру, сонымен қатар еңбек
құқығын еңбектік және әлеументтік қамсыздандырушылық құқықтық қатынастарды жүзеге асыру
үрдісінде пайдалана білуі керек.