Күтілетін нәтижелері: Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы пәнін оқыту
міндеттері:
- басқармалық қатынастардың ерекшеліктері мен мағынасын зерттеу;
- басқармалық қатынастарды реттеудегі әкімшілік құқықтық нормалардың қызметін анықтау;
- әкімшілік құқық субьектілерінің құқықтық орнын анықтау;
- әкімшілік қызметінің әдістері мен түрлерін зерттеу;
- әкімшілік құқықтың субьектілерінің жұмысында заңдылық тәртібін қамтамасыздандыратын
тәсілдерін белгілеу.
Пререквизиттер: Аталған курсты оқығанға дейін оқушылар орта және жалпы білім беру
мектептерінде алған құқықтық және тарихи білімдері қажет. Құқық негіздері әлеуметтік-
гуманитарлық пәндер циклінің басқа пәндерімен тығыз байланысты. Олардың құқық
негіздерімен өзара байланысы оқудың негізгі объектісі- әртүрлі қоғамдық қатынастар.
Постреквизиттер: Студент ненi үйренедi: нормативтiк құқықтық мәселелердiң мәнiн түсiне
бiлудi, жалпы құқықтық сұрақтарды өз бетiнше шеше білуді, нормативтік актілерді дұрыс қолдана
алуды үйренедi. Студент түрлi құқық салалары мен саяси iлiмдердiң жеке индивидке әсер етуiн өз
бетiнше талдай алуы тиiс.
Оқытушы: Бекбутаев Қ.
Базалық пәндер циклы бойынша – 49 кредит (2205 сағат)
4.1.Пән атауы: Бейорганикалық химияның теориялық негіздері (3 кредит, 135сағат) Оқытудың мақсаты:Химияның негізгі ұғымдары мен заңдарын, бейорганикалық
қосылыстардың жіктелуі мен номенклатурасын, атом құрылысын, периодтық заң мен
Д.И Менделеевтің периодтық жүйесін оқып үйрету.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары): Химияның негізгі стехиометриялық заңдары. Бейорганикалық қосылыстардың жіктелуі мен
номенклатурасы., Атом құрылысы. Периодтық заң және Д.И Менделеевтің периодтық жүйесі.
Химиялық байланыстар және молекулалар.Химиялық реакциялрдың жүру заңдылықтары.
Ерітінділер.Тотығу-тотықсздану реакциялары.Электрохимиялық процестер.Металдардың
жалпы сипаттамасы.Комплекс қосылыстары.Химиялық үрдістердің энергетикасы мен
бағыты. Электролиттік диссоциация теориясы.