Платон Михайлович Мелиоранскийдің (1868-1906) грамматикасы деуге болады. Санкт-
Петербург университетінің 4-курс студенті 1890 жылы Орынбор, Торғай далаларын аралап, қазақ
тілін ‰йренеді, қазақ ауыз әдебиетін жинайды. Сол жиналған материалдың негізінде “Киргизские
пословицы и загадки”, “Краткая грамматика казах-киргизского языка” деп аталатын еңбектерін
жариялайды.
“Краткая грамматика казах-киргизского языка” 1894 – 1895 жылдары екі кітап болып шықты.
Бұл – қазақ тілінің дыбыстық, грамматикалық құрылымын біршама толық баяндауға тырысқан
алғашқы да соңғы орыстар жазған еңбек деуге болады.
Кітаптың кіріспесінде орыстар “қырғыз” деп ж‰рген халық өзін қазақ деп атайтынын, қазақ
тілі т‰рік халықтарының ішіндегі ең таза, ең бай тіл екенін, араб жазуы оның дыбыстық ж‰йесін
дұрыс өрнектей алмайтынын, сол олқылықты толтыру ‰шін орыс графикасын қолдану ыңғайлы
болатынын айтады.
Еңбектің 21 беті фонетиканы баяндауға арналған. Автор қазақ тілінде 9 (а, ә, е, о, ө, у, у, ы, і) дауысты, 20 (б, п, м, т, д, п, ж, з, ш, с, р, л, қ, ғ, к, г, ң, й, д, дж) дауыссыз бар деп біледі. П. Мелиоранский де В. Радловтың ізімен л дыбысын (жуан-жіңішке) екеу етіп алады және
дауыссыздардың қатарына дж дыбысын қосады да, д-ны анық, айтпау керек, ол батыс
қазақтарының тілінде тіпті сезілмейді дегенді айтады. Ол ‰нді у дыбысын онымен қатар келетін
дауыстымен біріктіріп қосарлы т‰рде (ау, еу, уа, уәт. б.) қарайды. Мұндай дыбыстардың жоқ екені
бізге мектептен таныс.
П. Мелиоранский аталған дыбыстардың араб, орыс жазуында қалай таңбаланатынын, қалай
айтылатынын (дыбысталатынын) тәптіштеп т‰сіндіреді.
Дауыстыларды жуан, жіңішке, ашық, қысаң деп ажыратады. Сингармонизм заңына зор мән
беріп, дыбыстар ‰ндестігін жап-жақсы т‰сіндіреді. Сөздердің бірыңғай жуан не жіңішке болып
келетінін, еріндік дауыстылардың ‰шінші буыннан кейін әлсірейтінін мысалмен (көр‰ст‰рдіңіз деген сияқты) көрсетеді.
Сөйте тұра, еріндіктерді шектеу байқалмайды: төрөлөрд‰ң, төрөлөргө, төрөлөрдөн, төрөлөрдөй, төрөлөрду деп септеп, ж‰дөгөйм‰н‚ ж‰дөгөйсің, ж‰дөгөйм‰з‚ ж‰дөгөйс‰з т‰рде
жіктейді.
Бірсыпыра сөздерді В. Радловтың еңбектерінен алғанын дәлелдеу ‰шін кітаптың бетін, тіпті
жолына дейін көрсетіп отырады. Мәселен, к‰йөу‰мнөн (326, 6), суйрөтулгөннен (323, 21).
Қысқасы, В. Радлов, П. Мелиоранскийлер қазақ тілінде еріндік дауыстылардың қолданылуын
теориялық жақтан (‰ш буынмен) шектегенмен, іс ж‰зінде (жазуда) ерін ‰ндестігі толық сақталған.
Бұл – қазіргі қазақ тілі туралы айтқанда есте болатын маңызды фактор.
П. Мелиоранский кірме (араб, парсы, орыс) сөздердің игерілуіне көңіл бөлген. Қазақ,
“білімпаздары” араб-парсы сөздерін сол тілдегідей етіп жазатынын, шала оқығандар халықтың
айтуына жуықтатып бұзып жазатынын (уағда-уәде), кірме сөздердің “қазақыланып” кететінін,
6
өзінде жоқ жат дыбыстық тіркестерге қазақ тілінің төзбейтінін нақты мысалдармен т‰сіндіреді.
Араб-парсы тілдеріндегі алла, молла, міннет‚ асман сөздері қазақ тілінде алда, молда, міндет, аспан болып, ф дыбысының п-ға айналып (