1
І. КІРІСПЕ
ФОНЕТИКА ТУРАЛЫ Т‡СІНІК
Адамдар арасындағы тілдік қатынас екі т‰рде болады: ауызша және жазбаша.
Мұның
алдыңғысы сөйлеу арқылы, кейінгісі жазу арқылы іске асады.
Сөйлеу – іштегі ойды дыбыс
арқылы сыртқа шығару, айту. Бұл – адамзатпен бірге жасасып келе жатқан ең көне,
ең негізгі
қару
. Жазу – сөйлеудің қағазға т‰скен бейнесі. Бұл бертінде пайда болды. Мәселен, қазақ халқы
ХХ-ғасырдың орта тұсынан бері ғана жаппай сауатты елге айналды.
Адам баласының тілі – дыбыстық тіл. Жеке тұрғанда мән-мағынасыз көрінетін дыбыстар
бірімен-бірі ұстасып, берік қиюласып сөзді жасаса, сөздерден сөз тіркестері, сөйлемдер
құралатыны белгілі. Бұдан сөздердің қаңқасы да, қаны да, жаны да дыбыстар екенін, сөйлеу де,
жазу да тек осы дыбыстардың арқасында ғана өмір с‰ретінін аңғару қиын емес.
Тілдің дыбыстық жағы – оның өмір с‰ру амалы. Тілдегі санаулы ғана дыбыс сөздік құрамға
енетін әлденеше мың сөздің құрамында белгілі бір тәртіппен қиюласып, тіркесіп қайталану
арқылы
дыбыс ж‰йесін, тілдің бет пішінін, болмысын айқындап, өзге тілдерден ерекшелендіреді.
Сондықтан да мектеп табалдырығын аттаған алғашқы к‰ннен бастап жеке дыбыстарды айтып,
олардың таңбалары – әріптерді жазып ‰йренеміз. Бертін
келе дыбыстарды дауыстылар,
дауыссыздар деп бөліп, дауыстыларды жуан-жіңішке, ашық-қысаң, еріндік-езулік деп,
дауыссыздарды ‰нді, ұяң, қатаң деп жіктеп, олардың сөз ішінде біріне-бірі ықпал жасап, ‰ндесіп
тұратынын,
дыбыстардың айтылу, жазылуындағы кейбір ерекшеліктерді, буын‚ екпін сияқты
ұғымдарды пайымдауға тырыстық. Мұны танытатын ғылым фонетика деп аталатынын да білеміз.
Фонетика (грекше phonetіkos – дыбыстық) – дыбыс туралы ілім, тілдің дыбыс ж‰йесін
зерттейтін тіл білімінің бір саласы (оны қазақ тілінің дыбыс ж‰йесіне лайықтап
пәнетике деп
айту, жазу жөн болар еді). Қазақ тіл білімінің атасы А. Байтұрсынұлы фонетиканы
дыбыс ж‰йесі
деп алған. Әзірше бұл екеуі синоним т‰рінде қолданылатынын ескеру керек.
Дыбыс ж‰йесі
қарастыратын мәселелер: тіл дыбыстарының пайда болуы, олардың т‰рлері,
іштей жіктелуі, сөз ішінде біріне-бірі ықпал етіп, ‰йлесіп, ‰ндесіп тіркесіп тұрудың тетігі, буын,
екпін, сөйлеу мен жазудың арақатынасы, орфография, орфоэпия т.б.
Тіл мәдениеті сөздерді айтуда да, жазуда да бірізділіктің болуын талап етеді. Кезінде
тіліміздің дыбыс ж‰йесі, дыбыс заңдары жете ескерілмегендіктен,
қазіргі айту, жазуымызда ала-
құлалық, ақау көп (бұған осы кітапты оқып шыққанда көз жететін болады). Мысалы, алдыңғы
сөйлемде кездесетін
қазір сөзін емлені құрметтеп,
осылай жазып, айтатындармен қатар
қазыр
көбіне
кәзір т‰рде қолдану да жарысып ж‰р. Олай болатыны, аралас (жуанды-жіңішкелі) буынды
қазір сөзі тіліміздің ‰ндестік заңымен ‰йлеспейді. Фонетиканы жете меңгергенде ғана тіліміздің
дыбыстық ж‰йесін, дыбыстардың сырын дұрыс т‰сініп, әлгіндей ‰йлесімсіздікке жол бермеуге
болады.
Дыбыстардың пайда болу, өзгеру сырларын білмей тұрып, лексикалық та, грамматикалық та
құбылыстарға ғылыми т‰сінік беру, өзімізге мектептен таныс қатаңдану,
ұяңдану сияқты
дыбыстық өзгерістерді т‰сіндіру‚ қазіргі жазудың сырын т‰сіну қиын. Фонетика тіліміздегі
бірсыпыра сөздердің пайда болуын анықтауға, тілдердің арасындағы туыстық байланысты табуға,
тілдің айту, жазу нормаларын дұрыс меңгеруге м‰мкіндік береді.
Мәселен: қазіргі емле бойынша, қос сөз т‰рінде жазылып ж‰рген
жапа-тармағай сөзі
Досмұхаметұлы Халелдің айтуынша, арабтың
жамхан, туран, мағхан (бәрі бірге ұмтылу) деген
сөздерінен шыққан
1
. Жат сөздердің тіліміздің дыбыстық заңына орай өзгеріске ұшырауы – заңды
құбылыс.
Ана тіліміздегі дыбыстардың артикуляциясын жетік білу шет тілін дұрыс меңгеру, қазіргі
ақпарат‚ байланыс құралдарын жетілдіру ‰шін де қажет. Техниканың т‰р-т‰рі
дыбыс арқылы
басқарылатын дәуір қарсаңында тұрғанымызды да ескермеске болмайды.