пайда, кепіл) айтылатынын ескертеді.
Н. Ильминский, В. Радлов, П. Мелиоранский және басқалардың қазақ тілі жөніндегі т‰сінік,
пікірлеріне, сөздерді жазуларында кездесетін кемшілік, қайшылықтарға кешіріммен қарап, қазіргі
қазақ тілі фонетикасына пайдалы тұстарын тани білсек болғаны.
XІX ғасырдың соңында орыс графикасымен қазақ тілінде әр т‰рлі кітаптар д‰ниеге келді:
“Ақыл бере тугун кнеге” (Қазан, 1884), “Езгілікке ‰йрететін кнеге” (Қазан, 1892), “Балықшы мен
балық хақында” (Қазан, 1899), “1897 жылға қазақ ‰шін шығарған календарь”. Бұлардың қай-
қайсысы да қазақ жазуының даму тарихын, орфография, орфоэпиясын танып, білу ‰шін біршама
материалдар бере алады.
1
В. Катаринскийдің “Грамматика киргизского языка” (Орынбор, 1897), И. Лаптевтің
“Материалы по казах-киргизскому языку” (Москва, 1900), Н. Катановтың “Опыт исследования
урянхайского языка” (Қазан, 1903), Н. Созонтовтың “Записки по грамматике киргизского языка”
(Ташкент, 1912) деген кітаптарында қазақ тілінің дыбыстық құрылымына қатысты азды-көпті
пікірлер кездеседі. Бірақ айтарлықтай жаңалық жоқ. 1908 жылы Қазаннан орыс мектебіне т‰сетін
қазақ балалары ‰шін “Букварь для киргизов”, “Букуар” деген 36 беттік кітап жарық көрді. Оқуға
ұсынған мәтінде еріндіктер тұнып тұр: құрмөттөп, ‰йрөнугө, т‰с‰нд‰р, өм‰рл‰к, к‰нш‰л‰к, к‰лд‰р‰угө, өлтуругө, көруң‰з, өк‰р‰пт‰, ж‰г‰р‰п т. б.
30-бетте дыбыстарды дауыстар деп алып, оны оңай және қиын деп екіге бөледі. Оңай деп
отырғаны – дауыстылар, қиыны – дауыссыздар. Оңай іштей қатты (жуан) және жұмсақ (жіңішке)
болып бөлінеді. Негізінен тоғыз дауыстыны меңзейді. Дауыссыздардың ішінде й, у атымен жоқ.
Оның есесіне ъ (қатты белгі), ь (жұмсақ белгі) бар.
Қысқасы, Қазан төңкерісіне дейін орыс тілді әдебиеттерде қазақ тілі фонетикасына қатысты
негізгі де қарапайым ұғымдар танымдық мақсатта жалпы баяндалады. Қазақ тілінің дыбыстық
ж‰йесі мен ‰ндестік заңдарынан біршама мәлімет береді. Қазақ сөздерін орыс графикасымен жазу
тәжірибесі қалыптаса бастайды. Мұның бәрі айналып келгенде, қазақ тілінің дыбыс ж‰йесін, айту,
жазу нормаларын зерделеуге көмектеседі. Айту, жазудың қалыптасу, даму тарихын айтқанда‚
алғашқы қазақ газеттерін айналып өтуге болмайды.
Тұңғыш қазақ газеті “Т‰ркістан уәләятінің газеті” 1870 жылы сәуірден бастап 13 жыл бойы
Ташкент қаласында шығып тұрды. Қазақ тарихындағы екінші газет “Дала уәләятінің газеті” 1888
жылы 1 қаңтардан бастап Омбы қаласында шыға бастады. Бұл екі газет те араб графикасын
пайдаланды.
Газеттердің шығу тарихы, мазмұн, бағыты, тілінің фонетика-орфографиялық ж‰йесі,
лексикалық құрамы, грамматикалық құрылымы Б. Әбілқасымовтың еңбегінде жан-жақты
баяндалған. Автордың айтуынша, “Дала уәләяті газеті” бетінде қазақ тілінің сол кездегі хал-
жағдайы, оның болашағы, қазақ жазуын жетілдіру жолдары сияқты т‰бегейлі мәселелер көтеріліп,
пікір таласы ұйымдастырылып отырды”
1
. Бұлар ана тілінде айтылған алғашқы пікір, лебіздер
болуымен де қымбат.
XX ғасыр басында қазақ тіл білімі қазақ топырағында қаз-қаз басып, қанатын қомдап, бірте-
бірте ғылым айдынына шықты. Мұның көш басында қазақ халқының “рухани көсемі” (М.
Әуезов), қазақ тіл білімінің атасы, қазақтың ұлы перзенттерінің бірегейі Байтұрсынұлы Ахмет (1873-1937) тұрды. “1929 жылы 1 мамырда өз қолымен жазған өмірбаянында: “1901 жылдардан
бастап, бала оқытқан кездерден бос уақыттарымда оз бетіммен білімімді толықтырдым. Ал
Орынборға келгеннен кейін ең алдымен қазақ тілінің дыбыстық ж‰йесі мен грамматикалық
құрылысын зерттеуге кірістім. Одан кейін қазақ алфавитін және емлесін ретке салып жеңілдету
жолында жұмыс істедім. ‡шіншіден, қазақ жазба жұмысын бөгде тілдік қажетсіз сөздерден
арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің (жағымсыз) әсерінен тазартуға әрекеттендім.
Төртіншіден, қазақ прозасын (яғни іс-қағаз тілін, публицистика мен ғылыми тілін) жасанды,
кітаби сипаттан арылтып, халықтың сөйлеу тәжірибесіне икемдеу ‰шін, ғылыми терминдерді
жасауға кірістім және стильдік өңдеу ‰лгілерін көрсетумен шұғылдандым”, – деп жазады”
2
.
Ол бұл мақсаттың ‰десінен шықты. Қазақ тіл білімінің терминдерін жасады, анықтама,
т‰сінігін қалыптастырды, алғашқы оқулықтарды жазды. Араб графикасына негізделген қазақ
1
°áiëºàñûìîâ Á. ÕIÕ ¹àñûðäû» åêiíøi æàðòûñûíäà¹û ºàçຠ¸äåáè òiëi. Àëìàòû‚ 1982‚ 74-á.
1
°áiëºàñûìîâ Á. Àë¹àøºû ºàçຠãàçåòòåðiíi» òiëi. Àëìàòû‚ 1971‚ 20-á æ¸íå ñîíûêi: ÕIÕ
¹àñûðäû» åêiíøi æàðòûñûíäà¹û ºàçຠ¸äåáè òiëi Àëìàòû‚ 1982‚ 52-57 á.
2
Áàéò½ðñûíîâ À. Òië òà¹ûëûìû. Àëìàòû, 1992. 16-á. Á½äàí êåéiíãi ñiëòåìåëåð äå îñû êiòàïòàí.
7
жазуын жетілдірді.
А. Байтұрсынұлы 1912 жылы “Айқапқа” “Жазу тәртібі” дейтін мақала жазып, сол тұстағы
оқудың жайына тоқталады; орысша, мұсылманша сауат ашуға көп уақыт кететінін, оның
қиындықтарын айтады.
“Оқу құралының ең ұлығы – бала оқытатұғын кітап” (Сонда, 380-б.), оқу құралы “балалардың
жанын қинамайтын” болу керек дейді. Ондай оқулық жасау ‰шін алдымен жазу жөнделу керек,
дыбыстар анықталып, “сөз ішінде қай дыбыс естілсе, сол дыбыстың әрпін жазу керек”, – дейді.
Оның айтуынша, “Қазақ тілінде 24 дыбыс бар”, “оның бесеуі дауысты, екеуі (й, у) жарты дауысты,
17 дауыссыз. Мақалада осы дыбыстарды жазу ‰шін өзі ойлап тапқан таңбаларды тәптіштеп
т‰сіндіреді. Мәселен, жарты дауысты й, у тек “дауысты дыбыстардың соңында айтылады”, –
дейді. Біз ғой оларды дауыссыздармен де тіркеседі, сөз басында тұрады деп ж‰рміз.
Бұл, біздің білуімізше, Ахметтің тіл турасындағы, жазу жайындағы тұңғыш мақаласы.
Ахметтің тырнақ алды елеулі еңбегі – осы 1912 жылғы “Оқу құралы. Қазақша әліппе” деген
атпен жарық көрді. Оралымсыз араб графикасын қазақ тіліне икемдеп, әр дыбысқа жеке таңба
(әріп) берді, олардың сөздің әрт‰рлі деңгейінде (басында, ортасында, соңында) жазылуын
аңғартатын мысалдар, текстер ұсынды, қолданылуындағы ерекшеліктерді ескертті. Арабтың бір
ғана у әрпімен бес дыбысты бейнеледі. Олар: о, ө, ұ, ‰, у. Сондай-ақ иәрпін ‰ш дыбысқа (ы, і, и) пайдаланды.
Алайда сөз ішінде кездесетін қысаң дауыстыларды жазбау, сөздердің дыбыс, буын құрамын
тұмшалап, көп қиындық келтірді. Мысалы: қи (қый), жйн (жиын), кйсқ (қыйсық), алтн (алтын),