РУХАНИ ЖОЛ
Бұл бұдан 25 жыл бұрын болған оқиға еді. Мектепте
оқушыларға: «бәріміз жақсылық ойлайық, «әлемге жақсылық
болсын!» деп тілейік. Сол кезде өмірімізді өзгерте аламыз»
деп түсіндірдім. Содан 4-5 күннен кейін бір оқушы қыз айтады:
«Ағай, мен сіз айтқандай ұйқыға жатарда әлемге жақсылық
тілей бастасам болды, жан-жағымнан көрінбейтін бірдеңе
қаптап, ойлауыма кедергі жасайды. Тіпті денемді түртіп,
қорқытады. Үйдегілерге айтып едім: «жаңаша ойлауды тастап,
бұрынғыша болсаңшы!» деді. Не істесем болады? – деп сұрады.
«Ата-анаңның айтқанын тыңда» дедім.
1978 жылы Ғарыш Шайқасында жеңілген соң Түнек
Күштері Жердің Астрал Дүниесіне келіп бекінгені мәлім. «Ақ
Сарбаз» кітабында олардың Астрал Дүниесінде де жеңіліс
тауып Астралдың энергиясы сапасыз төменгі қабаттарына
ығыстырылғаны жазылған. Сол кезден бері Зұлымдық Күштері
өздеріне қажетті энергияны алу үшін адамзатты пайдаланып
келеді. Бұрын олар дәуірлеп тұрған кезінде әруақтарды
ығыстырып, періштелермен шайқасып, Ғарышқа қауіп төндіріп
еді. Олардың ендігі мақсаты неғұрлым көп адамды өздерімен
бірге ала кету. Біз өмір сүретін Физикалық Дүние қаттылығы
жағынан Тозақтан да төмен тұрғандықтан, төменгі Астралдағы
толып жүрген кез-келген қара күш иесі адамды энергия көзі
ретінде пайдаланады. Тіпті әрбір адамның айналасында
бірнеше көрінбейтін паразит тіршілік иесі жүруі мүмкін. Кейбір
үйлерге олар көптеп кіріп, бауыр басып, орнығып алады.
Сіз Құдай туралы, Ғарыш туралы ойлағанда, ойыңыз
жарқырай бастайды. Бұл – Түнек Иесіне ұнамайды. Оны
күйдіреді. Сіздің қасиет көзіңіз оянбағандықтан Сіз оларды көре
алмайсыз. Олар сізді көріп тұр. Бұл – олардың артықшылығы.
Жаман ойларды сіз «өзім ойладым» деп түсінуіңіз мүмкін.
Расында жаман ойларды Түнек Иелері жібереді. Қажет болса
Рухани ізденіс
288
Ақ Сарбаз Әлемі
сіздің құлағыңыздың түбіне отырып алып диктовка жасайды.
Адамды бір-біріне айдап салып ашуландырады. Олар ұрыс-
керіс пен төбелес-талас, дау-дамайдағы тасып-төгілген сезім
энергиясымен қоректенеді. Көптеген бақытсыз аварияларға
да «қара кісі» боп көрінген қара күштер себепші болады.
Бейнелеп айтқанда сіз олардың күнде сауып, күн көріп
отырған сауын сиыры рөліндесіз.
Ал, енді сіз Түнек Иелеріне энергиямды бермеймін, оларды
айналамнан қуамын, рухымды оятамын деп шешсеңіз не
болады?
Бұны Түнекшілер бұрынғы айтқанға көнгіш, айдағанға
жүргіш «сауын сиыр» кенет мінез көрсетіп, шелекті бір теуіп
сауғызбай кеткені сияқты қабылдайды. Олар сізді жуасыту үшін
барын салады. Жан-жақтан қаумалап алдап-сулап, қорқытып
өз дегеніне көндіруге тырысады.
Сол себепті Жер планетасында жүргенде, рухани жолды
бастау оңай емес. Ол жолмен жүру – тіпті қиын.
Сізге енді Түнек Иелері ішіне кіріп, орнығып алған жеке
тұлғалар жау боп қарсы шығуы мүмкін.
Ұстаз айтушы еді: «студент кезімде қандай ортада болсын,
ішкен адам көп ішінен мені тауып байлана кететін. Қашан
менен таяқ жеп тынышталғанша қоймайды. Бұл әрекетті оның
өзі емес, сайтаны жасатады» деп.
Егер Сіз рухани жолмен жүрем деп шешсеңіз, СӘТТІЛІК!!!
289
ВАМПИР
Бала кезімізде «қансорғыш» келеді» деп қорқытатын еді.
Өскен соң талай вампирді көріп, көз үйренді ғой. (бұл жерде
әңгіме энергетикалық вампирлер туралы)
Адам қалай вампир болады?
Бәлкім өткен ғұмырларындағы денелерде қалыптасқан
ғадет шығар. Шырмауықтың, масаның, қасқырдың жаны адам
деңгейіне көтерілгенде қаныңды теспей сорар вампир боп
шығуы ғажап емес!
Рух адам денесінде ең азы 49-дан 150 ретке дейін дүниеге
келуі мүмкін. Мақсат: хайуани деңгейде Жан меңгерген зұлым
әдет-құлық пен жаман қасиеттерден өз еркімен бас тартып,
ізгілік жолына түсуге уақыт беріледі.
Алайда Жер Люцифердің планетасы болғандықтан
вампирлер көбеймесе азаятын түрі көрінбейді.
Ғарыштың Ақ Сарбазға бөлек планетаны сыйға бергендегі
мақсаты да Алтыншы Сатының балаларын вампирлер
құрсауынан алып шығып, Ғарыш Құрылысшыларын дайындау.
Осы уақытқа дейін «күріш арқасында су ішіп келген
күрмектерді» өртеу содан кейін басталмақ.
Вампирлерді қалай ажыратамыз?
Қорқудың керегі жоқ. Вампир деген кәдімгі өзіміз сияқты
адам. Тек Ғарыштан энергия алатын каналдары ластанып
бітеліп қалған. Сол себепті энергияны айналасындағы
адамдардан сорады.
Ғарыштан адам денесіне энергия тартып түсіру оңай жұмыс
емес. Ол үшін ойың мен сезімің таза болуы керек.
Мына жыртқыш қоғамда айналасымен алысып-жұлысып
өмір сүріп жүрген адамның ойы мен сезімі қайдан таза болсын?!
Егер соған қарамастан ойыңыз бен сезіміңізді таза ұстай
алсаңыз Сіз – ӘУЛИЕСІЗ.
Айтпақшы, «әулиелердің денесі неге шірімей сақталады?»
Рухани ізденіс
290
Ақ Сарбаз Әлемі
деп сұрағанда Ұстаз:
«Олар тірлігінде Ғарыш Энергиясын денесіне орасан көп
мөлшерде тартып сіңірген» деп жауап берді.
Енді вампирге оралайық. (өйткені әулиелердің емес,
вампирлердің арасында жүрміз ғой) Вампирдің екі түрі болады.
Жағымсыз вампир, жағымды вампир.
Жағымсыз вампирдің энергия соратын басты әдісі –
біреудің көңілін бұзу. Аяқ астынан бәле салып, өкпе артып,
жоқ жерден шатақ шығару. Бұл сіз ренжіп, энергия бөлгенге
дейін созылуы мүмкін. Сіз ренжіп энергияңызды жоғалттыңыз,
ол болса жүзі жайнап энергияңызды сорып ала қойды. Бітті,
ол порциясын алды. Енді сізді жұбатып қамқорсуы да ғажап
емес. Алайда ондай вампирге кездескеннен кейін көңіліңіз
құлазып, аураңызда бос қуыс пайда болғанын сезесіз. Вампир
әдетте энергияны кіндік тұстан соратындықтан, аяқ астынан
ішіңіз өтіп кететін жағдайлар кездеседі.
Жағымды вампир энергияңызды ауыртып сормайды. Ол
анекдот айтып күлдіріп отырып-ақ сорып алады. Болмаса өзінің
не әлемдік проблеманы айтып гөй-гөйлеп сіздің аяушылық
сезіміңізді ояту арқылы сорады.
Нәтижесі бірінші вампирмен кездескендей өз-өзіңізден
шаршап, діңкеңіз құрып бітіп кетесіз.
Кезекте тұрған он адамның артына бір вампир барып тұра
қалса алдында тұрғандардың бәрі мықшиып, шаршап кетеді.
Вампирлер, қоғамдық жиындарды, стадиондағы көпшілікті,
төбелес-шатақты жақсы көреді. Сондай жерге тап болса жаны
енеді.
Энергияны бір адамнан емес көптен аз-аздап соратын
вампирлер де бар. Ондай адамдар әдетте басшы болуға
ұмтылады. Ұжымының қанын ішеді. Вампир мұғалім болса
кластың қанын ішеді. Оған баланың білімінен гөрі энергиясы
көбірек қажет.
Егер сізді вампир-дәрігер ексе аяғыңызды баса алмай
қалуыңыз мүмкін. Сол себепті дәрігерлерді жұрт «қолы ауыр»,
«қолы жеңіл» деп бөледі.
Енді вампирлерден сақтану жолын қарастырайық.
Вампирлерден сақтанудың ең дұрыс жолы ешкімнің көзіне
291
түспей оңаша ғұмыр кешу. Әулиелердің бәрі солай істеген ғой.
Бірақ әр адамның кармасы әртүрлі. Карманы өтеу
барысында біз түрлі адамдармен, топпен қарым-қатынасқа
түсеміз. Лажсыздан жиын-тойға баруға тура келеді.
Сондай кезде вампирлерден сақтанудың бірінші тәсілі
аяқ-қолды бір-біріне тигізіп, энергияны сыртқа шығармай
жабық күйде ұстау. Егер аураңыз тітіркеніп, бөгде күштің
сіздің аураңызға енуге әрекет етіп жатқанын сезсеңіз ойша
денеңіздің сыртынан қоршап айналып тұрған отты шарды
көзге елестету. Оған да болмай жатса орын ауыстырып шеттеу
жерге отыру керек.
Ең дұрысы өзің сияқты адамдардың жанында ешкімнен
қорғанбай, қорықпай, қуатты Ғарыштан алып өмір сүргенге не
жетсін, шіркін!!!
Рухани ізденіс
292
Ақ Сарбаз Әлемі
Достарыңызбен бөлісу: |