297
аздық етіп бата алмай тұруы мүмкін. Алайда сізден шыққан
жаман ой тартылыс күшімен оның ойына барып қосылды да,
ол секіріп кетті. Сіз жаман ой туындату арқылы бір өлімге
тікелей себепші болуыңыз мүмкін!
Бүгінде үлкен кісілердің арасында да
өзіне қол жұмсау
жиілеп кетті.
Бұдан қалай құтыламыз?
Ойлап көріңізші. Өміріңізде аяқ-қолы кемтар, беті-аузы
тарғылданып күйіп қалған адамдар кездескен шығар. Сіз
олардың физикалық денесінің
ерекшелігіне тек бірінші
көргенде ғана көңіл аударуыңыз мүмкін. Егер олармен араласа
бастасаңыз, сіз олардың тән кемістігі бар екенін ұмытып
кетесіз. Дәл солай!
Сіз олардың сомдаған образды тұлғасын қабылдайсыз.
Өмірде кім өзін-өзі қандаймын деп ойлайды,
айналасына
сондай боп көрінеді.
Ендеше неге өз образымызды өзіміз сомдап алмасқа!
Кәне, келіңіз, өз образымызды өзіміз жасап көрейік.
Ең әуелі: «МЕН – АЖАЛСЫЗ РУХПЫН» деп ойлаңыз.
Сіз Тәңірінің Перзентісіз. Еңсеңізді көтеріп жоғары
қараңызшы. Мысалы көктегі күн – Тәңірінің жаққан шырағы.
Боққа да гүлге де шуағын алаламай тең шашады. Таң мезгілі
шығып келе жатқан күнді көргенде құстар қуанғаннан сайрап
қоя береді. Күннің өзі осындай болғанда Жаратушы Тәңірінің
шуағы қандай болмақ? Мен неге осындай боп айналама шуақ
шашпаймын? – деп ойлап көрдіңіз бе?
Екінші ой: «МЕН АДАМДАРҒА ҰНАЙМЫН!»
«МЕНІ КӨРГЕНДЕ АДАМДАРДЫҢ ЖҮЗІ ЖЫЛЫП, ҚУАНА
ҚАРСЫЛАЙТЫН БОЛАДЫ!»
Адамдарды көргенде қуануды үйреніңіз. Бұл шын ниетпен
күліп амандасудан басталады.
Жатар алдында жүректі жұмсарту үшін ойлаңыз: «Әкешім,
анашым, бауырларым, достарым, Мен көрген адамдар! Сіздерді
себепсіз ренжіткен болсам, іштей кешірім сұраймын!»
Таңда оянған кезде ойлаңыз: Тәңірі Ием!
Мені жаман ой
мен жаман сезімнің жетегінде қалдыра көрме! Адассам жөнге
салып жүр, жығылсам қолдан алып жүр!
Рухани ізденіс
298
Ақ Сарбаз Әлемі
Ұмытпаңыз: сіздің денеңіз – сізге Рухыңызды шыңдау үшін
берілген құрал ғана. Кез-келген
құрал қолдану барысында
тозады. Қажет болса уақыты жеткенде оны ауыстырып
жаңасын аласыз.
Екіншіден өз кемістіктеріңіз бен сәтсіздіктеріңізге күле
қарауға үйреніңіз. «Өз мінін білген өзгеге төрелік береді»
Егер негатив ойларға итермелейтін,
төмен сезімдегі
достарыңызды өзіңіз сияқты өзгерте алмайтын болсаңыз,
ондай ортадан кетіп қалыңыз. Ізгі ойларыңыз түбі сізді өзіңіз
сияқты ойлайтын ортаға алып келеді.