І. Жансүгіров «Құлагер» поэмасы



Pdf көрінісі
Дата22.01.2023
өлшемі0,84 Mb.
#62279
түріСабақ
Байланысты:
І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасы



Автор: Жексенбаева Асем Бекетовна
Пән: Қазақ әдебиеті
Сынып: 9-сынып
Бөлім: Адам жанының құпиясы
Тақырып: І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасы
Сабақ мақсаттары
9.3.1.1. шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындыларымен салыстырып тарихи
және көркемдік құндылығын бағалау.
Барлық оқушылар орындай алады: шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас
туындыларымен салыстыра алады. 
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас
туындыларымен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға береді. 
Кейбір оқушылар орындай алады: шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас
туындыларымен салыстырып, көркемдік құндылығына өзіндік баға бере алады, өзіндік сыни ой-
тұжырым жасайды.
Сабақ барысы
Сабақ
кезеңдері
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақ барысы
(19.04.2019)
Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар Ұйымдастыру сәті. Сабаққа
қызығушылықты ояту. Қызығушылықты ояту Сыныпты жылқы малына
қатысты мақал – мәтелдермен 3 топқа бөлу. 1-топ: Жақсы аттың артынан
құнан ереді, Жақсы жігіттің артынан ұлан ереді. 2-топ: Жақсы
аттан жал кетсе де, әл кетпейді. 3-топ: Жомарт жоқтығын білдірмейді,
Жүйрік ат тоқтығын білдірмейді. Оқушылар мақал сөздердің
мағынасын қысқаша түсіндіріп кетеді. Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен
мақсаты және бағалау критерийлері таныстырылады. Интерак тивті
тақта, Мақал-мәтелдер. ЖЖ.1-тапсырма «Құлагер» поэмасындағы
Құлагер мен Абайдың «Аттың сыны» өлеңіндегі аттар сипатын
салыстырыңдар. Атты суреттеудегі Абай мен Ілияс үндестігін анықтаңдар. 
«Венн диаграммасы» әдісі. Дескриптор: - Өлеңді түсініп оқиды. -
Тұлпарлардың ұқсастығы мен айырмашылықтарын табады. - Салыстыра
талдайды. Қалыптастырушы бағалау: Өзара бағалау. Графиктік Жетон 
ТЖ. 2-тапсырма. Екі поэманы салыстырып, тарихи және көркемдік
құндылығына баға беріңдер. «Тұжырым кестесі» Поэма аты Тарихи
құндылығы Көркемдік ерекшелігі Менің пікірім «Ескендір» поэмасы
«Құлагер» поэмасы Дескриптор: - Екі поэманы салыстырады. - Тарихи
және көркемдік құндылығына баға береді. - Өзіндің пікірін білдіреді.
Қалыптастырушы бағалау: Топаралық бағалау. Ауызша. «Дұрыс, бұрыс» 
Ж. 3-тапсырма. «Қазақ поэзиясының Құлагері» тақырыбында сыни пікір
білдіріп, эссе жазыңдар. «Үздік эссе» әдісі. Дескриптор. - Ұсынылған
тақырып бойынша эссе жазады. - Эссе құрылымын сақтайды. - Өзіндік
сыни пікір білдіреді. Қ/Б: Өзара бағалау. Ауызша. Мадақтау сөздер.
«Жарайсың!» «Керемет эссе жазғансың!» «Венн диаграммасы» әдісі.
«Тұжырым кестесі» Дәптермен жұмыс.
Рефлексия. «Нысана» әдісі. Маған не қызықты болды? Маған не түсінікті
болды? Маған қандай көмек қажет? «Нысана» әдісі.
http://adebiportal.kz/kz сайтынан І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасына
берілген пікірлерді оқып келу.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет