Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссисы тарапынан мақұлданған



Pdf көрінісі
бет60/65
Дата23.01.2023
өлшемі0,67 Mb.
#62449
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
Байланысты:
күнделікті іс-әрекеттері

"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
107



"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
пайғамбарлығынан бұрын Абдуллаһ бин Әбу Әмсамен 
(радиаллаһу анһу) сауда-саттық жасаған еді. Бір күні 
Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) есепте-
су үшін сол адаммен бір жерде кездесуге келіседі. Ал, 
Абдуллаһ (радиаллаһу анһу) бұл сөзді ұмытып кетеді. 
Тек үш күннен кейін ғана берген сөзі есіне түсіп кел-
генде, Расулұллаһтың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
өзін әлі күтіп тұрғанын көреді. Аллаһ Расулі (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) Абдуллаһты (радиаллаһу анһу) 
көріп:
«Абдуллаһ, үш күннен бері сені күтіп отырмын»,- деп 
қана қоя салған.
173
Бәдір соғысы кезінде Расулұллаһқа (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) қосылу үшін келген Хұзайфа мен 
оның бір жолдасы мүшріктермен соғыспайтындығы-
на сөз берген еді. Олар Расулұллаһқа (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) кіріп, оқиғаны айтып, дін үшін 
соғысатындар қатарына қосылғылары келетін-
діктерін де айтып өтеді. Аллаһ Расулі (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) оларға:
«Жоқ, біз берген сөзімізге берік болуымыз керек. 
Біз тек Аллаһтан ғана көмек сұраймыз. Оның көмегі біз 
үшін жеткілікті», - дейді.
174
15. Сыйлық алуы мен беруі
Сахабалары Хазіреті Пайғамбарға әр түрлі сый-
лықтар жіберетін. Пайғамбарымыз (саллаллаһу 
173. Әбу Дәуіт, 88.
174. Мүслим, Жиһад, 35.


108



"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
аләйһи уә сәлләм) достары мен жақындарының 
жіберген сыйлықтарын сүйіспеншілікпен алатын, 
кері қайтармайтын.
Бір күні бір кісі Расулұллаһқа (саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) мата тарту етеді. Бірақ сол матаны басқа біреу 
сұрағанда бере салады.
175
Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
сыйлық бергендерге өзі де сый тартуды ұнататын. 
Бірде Фазараұлдарының бірі түйе сыйлаған еді. 
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған 
сыйына сый жасауға әрекет жасағанда, ол қатты 
қысылады. Осыны байқаған Аллаһ Расулі (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм):
«Сендер маған сыйлық әкеліп жатырсындар. Мен 
алып жатырмын. Ал, мен сол сыйлықтарыңа лайық қай-
тарым сыйлық берейін десем - қысыласыңдар. Егер осы-
лай істейтін болсаңдар, мен де бұдан былай сендердің 
сыйлықтарыңды алмаймын», - дейді.
176
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
өзіне жасалған игі іске жақсылық жасамаса тұра алмай-
тын. Ең жақын досы Хазіреті Әбу Бәкір (радиаллаһу 
анһу) көш кезінде бір түйені сыйға бергісі келеді, бірақ 
Ол сол мезетте оның ақысын төлейді.
Тағы бірде Мәдинада мешіт құрылысы кезінде Оған 
біреу жер береді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) оның ақысын төлеп барып алады.
177
175. Асры Сағадат, ІІ, 83.
176. Бұхари, Әл-әдәбул-муфрад, 270.
177. Асры Сағадат, II, 84.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет