Дәрістік сабақ конспектілері. дәріс



Pdf көрінісі
бет13/30
Дата24.01.2023
өлшемі0,66 Mb.
#62596
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30
Байланысты:
ДӘРІСТЕР 1-15 Операциялық жүйелер (1)

Үрдістерді басқаратын уақиғалық тітіктер. Үрдістер әрекеттестігі. Позициялық түрде үрдісті 
басқару үш топқа бөлінеді: 
1. тәуелді үрдістер – үрдістің барлық өмір сүру периодында автономды орындалады; 
2. бірігіп орындалатын үрдістер – таратылатын есептеу алгоритмі негізінде әрекеттеседі
3. бәсекелес үрдістер – жалпы қорлар негізінде әрекеттеседі. 
Үрдістің өмірі бірнеше бөлек кезеңдерден тұрады: 
1. Үрдісті құру немесе бастапқы пайда болуы . ОЖ кесесінде үрдіс туралы басқарушы жазба 
құрылады. Бұл жазбада идентификацияланатын ақпарат болады. 
2. Инициализация. Бұнда үрдістің орындалуына қажетті қорлар анықталады. 
3. Үрдісті белсенділеу. Бұл кезеңде үрдіске санашық қоры бөлінеді және орындалуға жіберіледі. 
Үрдістің орындалу кезінде ол бұғаттау немесе күту күйінде болуы мүмкін. 
4. Ұрдіс аяқталғаннан кейін оның жойылуы басталады. 
Бәсекелес үрдістерді басқару негізіне критикалық интервалда басқару әдісі белгіленген. Бұл 
әдістің негізі коллективті қатынау ішінде әр бір үрдіске өзінше автономды жұмыс жасау үшін уақыт 
интервалын анықтау мағынасы жатыр. 
Бұл талаптар келесі түрде анықталады: 
1. әр бір уақыт интервалында тек қана бір үрдіс болу керек 
2. интервалда үрдіс көп уақыт болмауы керек 
3. үрдістер критикалық интервалға шығуды көп уақыт күтпеу керек. 


22 
Көрсетілген принциптер арнайы басқаратын программалар көмегімен жүзеге асырылады, бұл 
программаларды жолшамдар деп атайды. 
Үзу мен алып тастау - ол ОЖ-гі күйлер. Олар программаны немесе аппаратты анықталады. Үзу 
немесе алып тастау анықталғанда санашық сол уақытта орындап жатқан жұмысын тоқтатады және 
басқаруды пайда болған күйді өңдейтін код мекені бойынша жадының ерекше аймағына береді. WNT 
бұл кодты қақпан өңдеуші деп атайды. (trap hondeer). 
NT ядросы үзу және алып тастауды ажыратады. Үзу (interrupt)- санашықтың қандай жұмыс 
орындап жатқанына қарамайтын кез-келген уақытта болатын асинхронды жағдай. Көбінесе үзу енгізу-
шығару құрылғыларының әсерінен болуы мүмкін. 
Алып тастау (excaption)-синхронды қателі қалып-күй, машиналық команда арқылы орындалады.
Мысалы, жадының қорғанысының бұзылуы. 
WNT ядросы жүйелік қызмет көрсетудің шақыруын нәтиже ретінде қарастырады. (бірақ ол 
жүйелік қақпандар). 
Қақпандарды өңдеуші. Қақпан (trop) термині ол санашықпен қолданылатын механизм. 
Орындалып жатқан ағында үзу немесе нәтиже пайда болған да ол басқаруды алып ОЖ-ң бекітілген 
нүктесіне басқаруды береді. WNT-де санашық басқаруды NT ядросындағы қақпандарды өңдеушіге 
береді. Бұл модуль каммутационды панельдің рөлін атқарады: ол санашық генерациялайтын үзулер 
мен нәтижелерді қабылдайды және басқаруды сәйкес жағдайды өңдейтін кодқа береді. 
Қақпан өңдеушісі өзінің шақыру кезінде машинаның қалып-күйін сақтау үшін уақытша үзуге 
тиым салады, өйткені егер жаңа үзу немесе нәтиже пайда болса, онда ақпараттар жоғалып кетер еді. 
Сол үшін ол қақпан кадырын құрады және оған үзілген ағынның орындалатын күйі жайында 
ақпаратты орналастырады. Үзу немесе нәтиже өңдеуді аяқталған соң бұл ақпарат ядроға ағынның әрі 
қарай орындалуына мүмкіндік береді. 
Кейбір нәтиже өңдеуіш өзі шешеді, бірақ көбінесе ол пайда болған күйдің типін анықтап оны 
ядроның басқа модуліне немесе жүйелік атқарушыға басқаруды береді. 
Мысалы, егер үзу құрылғыдан болса, онда басқару үзуді өңдейтін процедураларына жібереді. 
(interrupt service routine ISR). Егер үзу жүйелік қызмет көрсетуден пайда болса, онда өңдеуіш 
басқаруды NT жүйесінің жүйелік қызмет көрсету кодына жібереді. Бөлек нәтиже ядроның нәтижелер 
диспетчері арқылы өңделеді. 
Үзуге үзу диспетчері жауап қайтарады. Ол үзудің көзін анықтап басқаруды сыртқы қызмет 
көрсететін процедураларға немесе ядроның ішкі процедураларына береді. 
Үзудің типтері және пұрсаттылықтары. Әр түрлі санашық әр түрлі типті және әр түрлі мөлшер 
үзулерді анықтайды. ОЖ танитын үзу деңгейлерінің стандартты жинақысына үзу диспетчері, үзудің 
аппаратты деңгейлерін бейнелейді. Үзу деңгейлері үзуді пұрсаттылығымен бөледі. Ядролық режимде 
ағын өзі орындалып жатқан санашықтың үзу деңгейін көтеріп немесе төмендетуі мүмкін. 
Пұрсаттылық кезегі бойынша үзу қызмет етеді. Үзу жоғары пұрсаттылығымен төмен пұрсаттылықты 
үзудің орындалуын басып алады. 
Үзу деңгейі 
Үзу типтері 
1. жоғарғы деңгей 
2. қоректендіру деңгейі 
3. санашықтық аралық деңгей 
4. таймер деңгейі 
5. санашық-құрылғысының деңгейі 
6. 1-құрылғының деңгейі 
7. диспетчерлі деңгей 
8. процедураны асинхронды шақыру деңгейі 
9. төменгі деңгей 
Аппараттық тексеру немесе құрсым қатесі 
Қоректендірудің жаңылысуы 
Басқа санашықтан сұраныс 
Интервалды сұраныс 
Пұрсаттылығы 
жоғары 
енгізу-шығару 
құрылғысы. 
Пұрсаттылығы 
төмен 
енгізу-шығару 
құрылғысы. 
Ағындарды 
жоспарлау 
және 
кейінге 
қалдырылған 
щақыру 
процедураларының 
өңделуі. 
Процедураларды 
асинхронды 
шақырудың 
өңделуі 
Ағындардың кәдімгі орындалуы. 
1 ден 6 деңнейге дейін аппаратты үзуге арналған; 


23 
7-8-программалық үзулер деңгейі (ядро генерациялайды); 
9 деңгей, төменгі деңгей-ол үзуге жатпайды. 
Үзулерді орналастыру. Үзулер көбінде аппаратты енгізу – шығару құрылғысынан болады, олар 
санашыққа өздеріне қызмет көрсету жайында хабар беруі керек. Үзулерді жасайтын құрылғылар, ОЖ 
–ге есептеу уақытын және енгізу- шығару операциясын сәйкестендіру арқылы санашықты 
максимальды жүктеуді қамтамассыз етеді. Санашық құрылғыда енгізу – шығару операциясын іске 
қосады және деректер тасымалданғанша басқа ағындарды орындайды. Құрылғы алмасуды аяқтаған 
соң, ол келесі қызмет көрсету үшін үзуді орындайды. Координатты құрылғылар, баспа құрылғылары, 
тегергіштер, торапты карталар көбінесе үзуді жүзеге асырады.  
Негізгі әдебиеттер 1 [31–40], 10 [68-71],9 [215-225] 
Қосымша әдебиеттер 16 [64-107], 19 [170–186] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет