Дәрістік сабақ конспектілері. дәріс



Pdf көрінісі
бет15/30
Дата24.01.2023
өлшемі0,66 Mb.
#62596
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30
Байланысты:
ДӘРІСТЕР 1-15 Операциялық жүйелер (1)

жанамасы (контексі) деп атаймыз. Процесстің регистрлі, жүйелік және қолданушының жанамасын 
қысқаша процесс жанамасы деп атау қабылданған. Кез-келен уақытта процесс толығымен өзінің 
жанамасымен (контекстом) сипатталады. 
Бір-ақ рет қолдануға болатын (одноразовые) операциялар.Күрделі ОЖ өзінің қажеттілігіне қарай 
динамикалық процесстерді тудырады. Жаңа процессті тудырушы ОЖ-ні жүктегеннен кейін арнайы 
жүйелік шақыруды орындаған қолданушы процессін немесе ОЖ-нің өзі, аяғында кез-келген процессті 
шығара алады. Жаңа процессті тудырушы процессті ата-ана процессі (parent process), ал қайтадан тағы 
пайда болған процессті бала-процесс (child process) деп атау қабылданан. Бала-процесс өзінің кезегінде 
тағы да жаңа бала-процесс туғызуы керек және т.с.с., осылайша жүйе ішінде процесстің 
генеалогикалық бұтақ жиыны «генеалогикалық орман» пайда болады. Ескерте кету керек, 
қолданушының барлық процесстері, ОЖ-нің кейбір процесстерін қосқанда олар бір ғана «орман 
ағашына» қатысты болады. Процесстің туылуына басты жүйе жаңадан РСВ тағайындайды және оны 
толтыра бастайды. Жаңа процесс өзінің жекеменшік бірегей ұқсас нөмерін алады. ОЖ-де процесстің 
бірегей ұқсас нөмірлерін сақтау үшін биттің белгілі бір шектелген саны ғана беріледі, процесске 
біруақытта қатысатын бірегей нөмір санын сақтап тұру үшін ол шектелген болу керек. Қандайда бір 
процессті аяқтағаннан кейін оны босататын бірегей нөмір басқа процесс үшін қайтадан қолданылуы 
мүмкін. 
«Бала-процесс» өзінің функциясын орындау үшін белгілі бір ресурстарды талап етеді: жады, 
файл, енгізу-шығару құрылғысын т.с.с. Олардың бөлініп шығуының екі жағдайы бар. Жаңа процесс 
өзінің қарамағына ата-ана ресурстарының кез-келген бөлігін алуы мүмкін, ол «ата-ана-процессімен» 
және басқа да «бала-процесстерімен» бөлісу арқылы ОЖ-ге қатыссыз өзіне керек ресурстарды алады. 
Бөлінген ресурстар туралы ақпараттар РСВ-ға енгізіледі. 
«Бала-процесс» ресурстарын бөліп болғаннан кейін оның программа кодын кеңістіктегі адресіне 
деректер мәнін енгізу керек және программа санауышын қондыру керек. Бұл жерде де екі шешім 
болуы мүмкін. Бірінші жағдайда регистрлік және қолданушы жанамасы бойынша «бала-процесс» «ата-
ана-процессінің» көшірмесіне (дубликатына) ауысады, сонымен қатар осы кезде егіз-процесстің 
қайсысы ата-ана болатынын анықтайтын әдіс пайда болу керек. Ал екіншіжағдайда «бала-процесс» 
қандайда бір файлдың жаңа программасы болып жүктеледі. Unix ОЖ-сі процесстердің болмай қалуын 
тек бірінші жағдайда ғана болдырады. Жаңа программаны жүктеу үшін міндетті түрде алдымен «ата-
ана процессінің» көшірмесін жасау керек, содан кейін «бала-процесс» арнайы жүйелік шақыру 
көмегімен өзінің қолданушы жанамасын ауыстыруы керек VAX/VMS ОЖ-сі тек екінші жағдайды 
қабылдай алады . Ал WindowsNT екі нұсқаны да қабылдайды. Бірнеше процесстің жұмысын 
ұйымдастыру үшін жаңа процесстің орындалмай қалуы программаның болу мүмкіндігіне әкеліп 
соғады. Процесстің қолдаушы жанамасын ауыстсру мүмкіншілігі, оның жұмысы кезінде (жаңа 
программаны орындау үшін жүктеу кезінде), бірінен кейін бірі орындалатын бірнеше әр түрлі 
программаларға әкеліп соғады. «Ата-ана-процессі» өзінің орындалуын «бала-процесстің» 
орындалуымен бір уақытта жалғастырады, немесе өзінің барлық «балаларының» жұмысын аяқтауды 
күте алады. 
Көп қолдануға болатын (многоразовые) операциялар.Көп қолдануға болатын операциялар ОЖ-
дегі процесстер санын өзгертпейді және ресурстарды босатуға немесе бөліп беруге байланысты болуы 
міндетті емес. 
Процесстің жүктелуі. Әрі қарай орындау үшін бірнеше процесстердің ішіндегі дайын күйде 
тұрған процесстің біреуін ОЖ таңдап алады. Таңдап алған прцесс үшін, ОЖ оперативті жадыда 
ақпараттың бар болуын және оның ары қарай жұмыс істеу қажеттіліктерін қамтамасыздандырады. 
Процесс күйі орындалу кезінде өзгереді, яғни берілген процесс үшін регистрдің мәні қалпына келеді 


25 
және басқару процесстің команда санауышына сілтейтін командасына беріледі. Жанаманы (контексте) 
қалпына келтіру үшін қажет деректер операция түзілетін PCB процессінен алынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет