9
Беркімбаев К.М. және т.б. жетекші педагог ғалымдардың еңбектерінің
маңызы зор болып табылады.
Сонымен қатар, ақпараттық үлгіні қалыптастыру, әдістемелік жүйе мен
білім алушылардың білімдерін бақылау әдістемелері мен ақпараттық
технологияны пайдалану арқылы студенттер мен білім алушылардың
танымдық белсенділігін арттыру мәселелері Бидайбеков Е.Ы., Құрманалина
Ш.X., Балықбаев Т.О., Сағымбаева А.Е., Кобдикова Ж.У., Кӛшімбетова С.,
Мұхамбетжанова С.Т., Довенко Д.В., Баринова И.И. және т.б.
еңбектерінде
зерттелген.
Географияны оқыту үдерісінде инновациялық технологияларды
пайдалану арқылы білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыру
географиялық білім сапасын арттырудың алғы шарттарының бірі
К.Д.Каймулдинова, Е.А.Таможняя және т.б.
ғалымдардың еңбектерінде
қарастырылған.
Ғалымдардың еңбектерінде білімді ақпараттандыру жағдайында
оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың педагогикалық
мәселелеріне, білім беру жүйесін ақпараттандыру арқылы білім
алушылардың ақпараттық
мәдениетін арттыруға, электрондық оқыту
құралдары, құрастырудың әдіснамалық және технологиялық мәселелеріне
жан-жақты талдау жасалған.
Осы ғылыми-зерттеулер ақпараттық-комуникациялық технологиялар-
ды қолдана отырып оқытудың кӛрнекілігін
арттыруға, білім алушылардың
оқу әрекеттерін ынталандыру арқылы олардың белсенділігін дамытуға,
ақпараттық мәдениеттілігін қалыптастыруға қатысты ӛзекті мәселелерді
шешуге жағдай жасай отырып,
дамытуға айтарлықтай үлес қосты.
Дегенмен де, география пәнін оқытуда
ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері
зерттелмегендігін айтып ӛткен жӛн.
Достарыңызбен бөлісу: