Т.Әлімқұлов шығармаларындағы фразеологизмдер



жүктеу 81.44 Kb.
Pdf просмотр
Дата03.03.2017
өлшемі81.44 Kb.

Т.Әлімқұлов шығармаларындағы фразеологизмдер 

120 


8.

 

Нұрғалиев Р. Айдын. – Алматы, Жазушы, 1987. 



9.

 

Мырзалиев Қ. Сөз сиқыры. – Алматы, Жазушы, 1982. 



 

 

 



ӘОЖ 81’ 

 

Т.ӘЛІМҚҰЛОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР 

 

Хамзина Г.С., Балғабаева Қ. 

(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ) 

 

 



 

Әдеби көркем шығарма тілін бейнелеп, жандандырып, нәр беруші тәсілдердің 

бірі  -  фразеологизмдер.  Фразеология  мәселесін  ғылыми  түрде,  теориялық-

әдістанымдық 

тұрғысынан 

Н.М.Шанский, 

В.В.Виноградов, 

І.Кеңесбаев, 

Ә.Болғанбаев,  Р.Сыздық,  Ә.Қайдар,  Ә.Хасенов,  Х.Қожахметова,  Г.Смағұлова, 

Р.Авакова,  Қ.Сарекенова      т.б.  ғалымдардың  еңбектерінде  жан-жақты    ғылыми 

түрде сараланып, зерттелді. 

Қазақ  фразеологиясының  сөздігі  құрастырған  академик  І.Кеңесбаевтің 

анықтауынша:  «Фразеологизмдер  –  тіліміздің  бір  бөлінбес  бөлшегі.  Өзінің 

көнелену жағынан да, тұлға, мағына тұрақтылығы жағынан да, стиль жағынан да 

оларға тән ерекшеліктер бар. 

Тілімізде  көкейге  қонымды,  көркем,  орамды  алуан  түрлі  тұрақты  сөз 

тіркестері кездеседі. Тіл қазынасына жататын қат-қабат тіркес, тізбектерді халық 

орынды пайдаланды» [1, 4-б.]. 

Фразеологизмдер  ұзақ  тілдік  қолданыстан  кейін  ғана  тұрақтылыққа  ие 

болады.  Қай  халықтың  болмасын  рухани-мәдени  өмірінде  фразеологизмдердің 

атқаратын  қызметі  зор.  Олар  –  ғасырлар  бойы  қалыптасып  жинақталған 

тәжірибенің  бейнесі.  Фразеологизмдерді  танып-білудің  үш  белгісі  негізге 

алынады.  Фразеологизмдердің  өз  алдына  дербес  лингвистика  саласы  екендігін 

танытатын негізінен үш түрлі басты белгісі бар. Олар: 1) даяр қалпында жұмсалу 

белгісі; 2) мағына тұтастығы; 3) тіркес тиянақтылығы. 

Көркем  әдебиетте  фразеологизмдер  үнемі  тек  дайын  қалпында  алынбай,  әр 

түрлі жолмен жұмсалып, пайдаланылатыны белгілі. Соның бірі – жалпыхалықтық 

форманы өңдеп, өзгертіп қолдануы. Фразеологизмдерді  бұлай қолдануда арнайы 

мақсат  болатыны  өзінен-өзі  түсінікті.  Осындай  жолдармен  әр  ақын,  жазушы 

тұрақты  сөз  тіркестерінің  жаңа  үлгісін  жасап,  фразеологиялық  қорды  байытуға 

өздерінің үлесін қосады.  

Фразеологиялық    тіркестер  барлық  стильдерде  де  қолданылғанымен, 

бейнелілік  пен  экспрессивтілік,  негізінен,  көркем  әдебиетке  тән  және  көркемдік 

құрал  автордың  жан  дүниесі,  шығармашылық  идеясымен  астасып,  көркемдік 

құралы ретінде қызмет етеді.  

Зерттеушілер 

фразеологизмдердің 

көркем 


әдебиеттегі 

жұмсалуын 

қарастырғанда  осы  орайда,  ең  алдымен  экспрессиялы-бейнелі  реңктері  бар, 

поэтикалық  сипаттағы  түрлеріне  назар  аударады:  «В  целях  изучения  творчества 

писателей, сказителей индивидуальных особенностей стиля, исследователь может 

ограничиться образной фразеологией» [2, 15-б.]. 



Хамзина Г.С., Балғабаева Қ. 

121 


Тіліміздегі  тұрақты  тіркестер  ойымызды  әсерлі,  бейнелі,  көркем  жеткізуде 

тіліміздің  ұшына  орала  кетеді.  Тыңдаушысына  ерекше  әсер  етіп,  ерекше  назар 

аудартады.  Бұл  да  сөйлеу  мәдениетінің  ұлтқа  тән  өзіндік  көрінісі  деуге  болады. 

Мұндай  тіркестер  ұлттың  рухани  қазынасына  жатады.  Бұл  тіркестердің  көркем 

шығармада  атқаратын  қызметі  зор.  Жазушы  тілінің  лексикалық  байлығының  бір 

қырын фразеологизмдер танытады.  

Қазақ  әдеби  тіліндегі  әсірелеу,  көркемдеу  тәсілінің  ішінде  тұрақты 

тіркестердің  алатын  орны  ерекше.  Бұл  тіркес  айтайын  деген  ойға  айрықша  әр, 

мәнерлілік  береді.  Тұрақты  тіркестер  –  көркем  шығарма  тілін  жандандыратын, 

астарлап,  бейнелеп  суреттеудің  тілдегі  дайын  құралы.  Халық  тілінің  осы  бір 

байлығын  жазушылар  повестерінде  қажетіне  қарай  пайдаланады,  оның  ішінде 

өзіне  керегін  таңдап  алады.  Тұрақты  тіркестерді  жазушының  өз  қажетіне  сай 

талғап,  жаңғыртып  қолданылуы,  оның  ой-пікіріне,  эстетикалық  талғамына, 

қоғамдық-саяси, философиялық көзқарасына сәйкес болады. 

Осы  жайында  Х.Қожахметова  былай  дейді:  «Көркем  шығарма  тіліндегі  

фразеологизмдерді  таңдап  қарастыру  –  автордың  өзіндік  стиль  жасаудағы  тілдік 

тәсілдерінің бояу өрнегін айқындау болып табылады. 

Фразеологизмдердің  стильдік  бояуы  жеке  сөзбен  салыстырғанда  әлдеқайда 

күшті,  экспрессивті  мүмкіншіліктері  анағұрлым  мол.  Осы  қасиеттеріне  орай 

фразеологизмдер белгілі бір баяндауға, не сөйлеген сөзге стильдік әр береді. 

Қалыптасқан  бұл  тұрақты  тіркестердің  көркем  әдебиет  тілінде    атқаратын 

қызметі  алуан  түрлі.  Бұлар  шығарманың  идеясын  беруде,  образ,  характер 

жасауда,  кейіпкерлердің  «өзін-өзі  әшкерелеу»  сияқты  тілдік  тәсіл  болып  келеді. 

Осылар  арқылы  қоғам  өмірінің  сан  құбылыстарын,  табиғат  көрінісін  бейнелі 

түрде бағалай, суреттей беруге болады» [3, 53-б.].   

Көркем  шығарма  тіліндегі  фразеологизмдерді  талдау,  сараптау  арқылы 

әдебиеттану  жағынан  қаламгердің  жеке  даралық  стилін  тануға,  тілдік  жағынан 

стиль  жасаудағы  тілдік  тәсілдердің  қолдану  ерекшелігін  айқындау  мүмкіндігі 

туады.  Фразеологизмдік  оралымдардың  эмоционалдық-экспрессивтілік  реңкінің 

ерекшеліктерін авторлық баяндау болсын, кейіпкер тілі болсын, не табиғат суреті 

болсын бәріне де өзіндік  стильдік әр береді. 

Орыс  ғалымы  А.И.Ефимов:  «Фразеологическое  творчество  писателей 

выражается  прежде  всего  в  обновлении  привычных  для  слов  контекстов,  в 

которых  эти  слова  обычно  выступают.  Слова,  перемещенные  из  одного 

окружения  в  другое,  претерпевают  интересные  смысловые  и  стилистические 

изменения.  Таким  образом,  изучение  фразеологических  связей  слов  имеет 

первостепенное значение не только для характеристики семантических процессов, 

происходящих в словах при включении их в новые фразеологические контексты, 

но  для  определения  творческого  своеобразия  новаторством»,  –  деп 

фразеологизмдердің ерекше қырларын көрсетеді [4, 151-б.].  

Ғалым  С.Сатенова  шығарма  идеясының  айқындалуы,  тілінің  көркемдігі, 

үйлесімділігі 

мен 

әуезділігі, 



шеберлігі 

онда 


қолданылған 

бейнелі 


фразеологизмдерге де байланысты болып келетінін айтады [5, 231-б.].  

«Фразеологизмдер  көркем  шығарма  тіліне  айрықша  рең  беріп,    мазмұнын 

дарытады,  ұлттық  бояу  береді.  Әсіресе,  образды  фразеологизмдер  кейіпкер 

мінезін  беруде,  авторлық  баяндау  күйінде,  белгілі  бір  жағдайға  байланысты 

түйінді  пікір  айтуда  т.б.  қызметтерде  жұмсалып  тілдің  стильдік  өрнектерін 

дамытады», – дейді А.Бейсенбай [6, 201]. 



Т.Әлімқұлов шығармаларындағы фразеологизмдер 

122 


Тұрақты  тіркестер  көркем  шығарманың  қай  жанрында  болсын  молынан 

қолданылып,  көркемдік  тәсілдердің  ең  сүбелі  түрі  ретінде  стильдік  қызмет 

атқарады.  Фразеологизмдердің,  әсіресе  оның  семантикалы  категорияларының 

көркем  шығармаларда  қолданылу  аспектілерін  толық  айқындау  үшін,  классик 

авторлардың  повестеріне  толық  мәтіндік  талдау  жасау  арқылы  өрнекті  сөз 

үлгілерінің стильдік қызметі талданады. Ол үшін авторлардың стильдік мақсатта 

жұмсаған  фразеологиялық  тіркестерді  қолданудағы  әдіс-тәсілдеріне  назар 

аударуымыз керек.  

Фразеологизмдер  –  көркем  шығарма  тілінде  образды  бейнелі  реңк  беру, 

эмоционалды-экспрессивті  бояуын  арттыру  мақсатында  қолданылатын  тілдік 

бірліктер. «Ақын-жазушылар өз туындыларын жазу үстінде жаңа грамматикалық 

форма іздеп отырмасы анық, өзіне таныс стилін, қолтаңбасын қай сөйлем мүшесін 

жиі қолдануын, сөз байланыстарының қандай тәсіліне жиі  жүгінетіндігінен гөрі, 

бірден көзге ұрып тұратын және жиі пайдаланатын формалардан іздегені жөн» [7, 

155-б.].  Осы  дайын  материалды  әр  қаламгер  әр  мақсатта  қолданып, 

шығармаларын әрлендіре түседі.  

Фразеологиялық  мағыналардың  қалыптасуына  ұлт  менталитетінің  рөлі 

ерекше.  Егер  ұлттық  ерекшелік  болмаса,  ұлтқа  тән  көзқарас,  өзіндік 

дүниетаныммен,  басқалардан  айырмашылығымен  еленбесе,  әрі  бұл  қасиеттердің 

барлығы  ұлт  тілінде  сақталып  жеткізілмесе,  онда  менталитет  туралы  айту  қиын. 

Менталитет  сол  ұл  жасаған,  ұрпағына  қалдырған  материалдық  және  рухани 

мәдениеттерінде ғана сақталады. Бүкіл фразеологиялық құрам – сол ұлттың тілдік 

әлемнің  бойына  жинақталған  ой  сандығы.  Сондықтан  жазушыларымыз  ұлттық 

фразеологизмдерді  өздерінің  стильдік  тіл  ерекшеліктерін  шебер  көрсету  үшін 

және  де  көненің  көзінде  жатқан  сөздерді  кейінгі  ұрпаққа  жеткізу  мақсатында 

пайдаланған.  

М.Балақаев:  «Әрбір  мәдениетті,  сауатты  кісі,  тілге  шешен  болғысы  келетін 

оқушы,  студент  халық  тіліндегі  тұрақты  тіркестерді  көңілге  тоқи  жүріп 

пайдалануы тиіс» – дейді [8, 41-б.]. Тұрақты тіркестер халықтың рухани, мәдени 

өмірі  мен  салт-дәстүрі,  әдет-ғұрпы    негізінде  туып  сөздің  мәні  мен  мағынасына 

эмоционалды-экспрессивті  рең  беріп  тұратын  тілдік  құбылыс.  Қазақ  халқы 

көшпелі  кезеңде  мал  шаруашылығымен  айналысқан,  шаруашылығына 

байланысты  мекенін  де  ауыстырып  отырған.  Мал  бағып  қана  қоймай,  табиғат 

көріністерін, төрт түлікке тән табиғи ерекшеліктерді жіті бақылаған. Адамдардың 

іс-әрекетін сипаттағанда осы ой қорытындыларын пайдалана отырып бір-екі ауыз 

сөзбен  жеткізген.  «Ана  тіліміздің  сөз  айдынының  тереңінде  халықтың  ғасырлар 

бойғы 

іс-тәжірибесінен, 



өмір 

тануынан 

қорытылып, 

ереже 


түрінде 

тұжырымдалған  аталы  сөз  мақал-мәтелдер,  тұрақты  тіркестер  туып  жатады»  – 

дейді  профессор  Ж.  Манкеева  [9,  10-б.].  Тұрақты  тіркестердің  стильдік  мәні 

ерекше болатындықтан қаламгерлер белгілі бір мақсатпен пайдаланады.  

Кейіпкер тілінде қолданылған қарапайым фразеологизмдер кейіпкердің мінез-

құлқын,  мәдениетін  көрсетуде  ерекше  роль  атқарған.  Мұндай  қарапайым 

фразеологизмдер тек кейіпкер тілінде ғана кездеседі және ерекше стилистикалық 

функциясымен ерекшеленеді.  

«Фразеологиялық  тұлғалар  өзіндік  қолданылу  ерекшеліктеріне  қарай  «мәтін 

ішінде  мәтін  жасап»  бір  тіркес  емес  екі  немесе  одан  да  көп  мағыналас 

фразеологизмдермен  ерекше  қатар  түзейді.  Мұндай  жағдайда  стильдік  әсер  мен 

стильдік бояу бір сөйлеу ішінде әр қырынан көрініс табады. Мәселен, мағыналас 



Хамзина Г.С., Балғабаева Қ. 

123 


фразеологизмдер  шоғыры  сөйлеуші  мен  айтушының  ойын  жеткізуде 

таптырмайтын мәнерлілік туғызады» [10, 131-б.].        

Тәкен Әлімқұлов өзінің  «Қараой» атты әңгімесінде Махамбет образын анық 

ашу    үшін  Махамбет  өлеңінің  сөздерін  қара  сөз  түрінде  жазып  пайдаланған.  



Алты  малта  ас  болмай,  еңку-еңку  жер  шалған  күндер  мен  түндер  көз  алдына 

елестеді  («Қараой», 20-б.). 

«Әдеби  тіл  нормасына  сай,  жай  дөрекі  тұрақты  тіркестерді  қарапайым 

фразеологизмдер  дейміз.  Алайда  ол  әдеби  тіл  нормасына  жатпағанымен,  көркем 

әдебиетте    кейіпкердің  ой-өрісін,  өскен  ортасын,  әлеуметтік  халін, мінез-құлқын 

көрсетеді» [6, 34-б.].  

Көзіңнің еті өскен ғой! 

-  Не  отырыс  бар?Қуу  керек.Бесақамен  шаншу  сауап  ол  кәззапқа!  («Күржік», 

104-б.) 

Бұл  келтірілген  мысалдағы  тұрақты  тіркес:  көзіңнің  еті  өскен  (жылауға 

ыңғайлы  тұратын),  кейіпкер  тілінде  кездесіп,  жағымсыз  реңкімен,  ерекше 

стилистикалық  функциясымен  ерекшеленіп  қолданған.  Көркем  прозадағы 

шығарма шырайын кіргізетін авторлық фразеологизмдердің қолданылу мақсатын 

айқындау,  экспрессивтік-эмоционалды  бояуын  көрсете  отырып,  олардың 

көркемдік-стилистикалық қызметін саралау, соның негізінде фразеологизмдердің 

қолданылу  ерекшеліктерін  көрсету  арқылы  қаламгерлер  шығармасының  басқа 

суреткерлердің ерекшеленетін стильдік қолтаңбасын анықтайды.  

Әр кейіпкердің өзіне тән мінезі, сезімі болады. Әр пенденің ішкі жан-дүниесі 

әр түрлі болғандықтан «көкірегіндегі көрікті ойының сыртқа шығуы» да әр алуан 

болады, осы жоғарыдағы сөздеріне қарап кейіпкерді танимыз. 

Қаламгер  шығармаларында  қарғыс  мәнді  фразеологизм  кейіпкер  тілінде 

қолданылып отыр.  



-  Қарағым-ай,  неге  ғана  аңыраттың  адыра  қалғыр  сырнайды?!Неге  ғана 

шырқадың  қазақ  атаулы  шырқай  алмас  әнді?!-  деп  Назкен  сұңқылдай  бастады 

(«Күржік»,124-б.). 





Жағына  жылан  жұмыртқаласын  сенің  !-деп  уытты  әзілге 

шаптырды(«Тұлпардың тағдыры»,128-б.). 

-  Порымыңыз  не  боп  кеткен,  Ақан  аға!  Жұрттың  өсегі  рас  болмаса  игі  еді. 

Апақ-сапақта  жападан-жалғыз  жүргеніңіз  қалай?Бұл  жүріс  сізге  лайық  па? 

Көзім ойылғыр, қара күңгіртте қалай таниын?! («Көк қаршыға», 51-б) 

Қазы түскір қайда қашар дейсің?Бел шешіп, жайлассаңшы. Дәм татырмай 

жібермейміз, - деді («Көк қаршыға»,52-б.). 

-  Әжібек,  тәңір  алсын  сені!Жасың  жер  ортасына  келгенше  ойын-шынды 

ажырата білмесің («Тұлпардың тағдыры», 132-б.). 

Келтірілген  мысалдардағы  қарғыс  мәнді  фразеологизмдер  кейіпкер  тілінде 

қолданылып, қаһарманның сол сәттегі көңіл-күйін, ашу-ызасын,  сезім иірімдерін 

көрсетеді. 

Фразеологизмдер кейіпкер сезімін, көңіл-күйін, хал-жағдайын ерекше әсермен 

жеткізеді.  

Бір  сөйлемдік  контексте  бес-алты  тұрақты  тіркестердің  басын  құрап, 

тұжырымды  түйін  түю  –қаламгердің  халық  тілін  терең  меңгеріп,  оны  орынды 

қолдана білу шеберлігі төмендегідей: 

− бір контексте тұрақты тіркестерді шоғырымен бере білу

− тұрақты тіркестер шоғыры арқылы кейіпкерге мінездеме беру; 


Т.Әлімқұлов шығармаларындағы фразеологизмдер 

124 


− кейіпкерлердің көңіл-күйін көрсетуі. 

Мағыналас  фразеологтизмдер  сөйлем  ішінде  екі,  үш  қатарлы  болып  келеді. 

Көбінесе,  соңында  ойды  аяқтайтын  фразеологизмдердің  экспрессиялық 

мәнерлілігі алдыңғыларға қарағанда жоғары болады. 

Т.  Әлімқұлов  шығармаларында  баяндауыш  қызметіндегі  тұрақты  тіркестер 

жиі  кездеседі.  Бұл  жазушының  тұрақты  тіркестерді  қолданудағы  өзіндік 

жазушылық  қырын,  ерекшелігін    танытады.  Бұл  ойымызға    төмендегі  мысалдар 

дәлел  бола  алады.  Мысалы:  Су  басында  аялдап,  ішімізге  ел  қондырып  алайық-



деп  аттан  түсіп,  рюкзакты  жерге  қойды    (Сары  сыбызғы,158-б.).  Ішке  ел 

қондыру - тамақтанып алу. Бұл тіркес қолданыста жиі кездеседі.  Автор кейіпкер 

жағдайын  көрсетуде.  Колхоз  басшылары  тайлы-таяғымен  ауданға  кетіп, 



пешенеге бұйырғаны осы болды («Сары сыбызғы», 157-б.). Пешенеге бұйырғаны 

-  («пешене»-парсыша  маңдай)  тағдырдың  жазғаны,яғни  маңдайға  не  жазылады, 

сол болады деген сөз. Бұл тіркес фразеологиялық тізбекке жатады. 



Ит  байласа тұрғысыз  баспананың  керегесінде  сапы  мен  сыбызғы  ілулі  тұр 

(«Сары  сыбызғы»,159-б.).  Ит  байласа  тұрғысыз  -  адам  тұрып,  тіршілік 

жасамайтын жер (Ф.С., 304-б.). 

Айналасы  ат  шаптырым  көл  шалқарлана  дөңгеленіп  жатыр  («Сары 

сыбызғы», 160-б.).  



Барлық  күйінің  жиынтығы  болғандықтан,  Тәпсірдің  өзі  ат  қойып,  айдар 

тақпаған-ды  («Жиендік»,  181-б.).  Айдар  тақты  -  әйгілі  қылды,  белгілі  етті 

(Ф.С., 22-б.). 

-

 

Болар іс болды, бояуы сіңді,-деді Сүгір монтанысып-Аттан түсіңіз,әке! 



 («Телқоңыр»,  143-б.)  Болары  болып,  бояуы  сіңген-бір  істің  істеліп  қойғандығы, 

біреудің дәмелі ісінің өкінішпен өтіп кеткендігі туралы айтылады (Ф.С., 158-б.). 



Үш  ұйықтаса  түске  кірмейтін  қонақтар  Мәлкенің  ойына  әлденелерді 

салады («Сары сыбызғы», 165-б.). Үш ұйықтаса түске кірмейтін- солай болады 

деп мүлде күтпеген, ойламаған (Ф.С., 743-б.). 

-

 

Қарағым Кенжеш! Кеше қысыр әңгімемен бұйымтайыңды айта  



алмадың.  Көңіліңе  алып  келгенің  болса,  жасырма.Екі  жұртыңның  бірінен 

ұялмай  қайтатын  бол  («Жиендік»,181-б.).  Қысыр  әңгіме  -  берекесіз,  түйінсіз, 

еріккеннен айтылатын бос сөз (Ф.С., 499-б.). 



Тәпсірдің  жанына  батқаны  бәрінен  бұрын  осы  болды  («Жиендік»,  180-б.).  

Жанына бату - қабырғасын қайыстырды, қатты күйзелтті (Ф.С., 240-б.).   

Жылқы  жалын  ұстап  жүрміз  ғой.  Мен  неғып  естімедім  бұны?!-деп 

таңданды («Телқоңыр», 142-б.). 

Ит  өлген  жердегі  сыбызғышыны  қайтесіздер?  («Сары  сыбызғы»,  157-  б.). 

Ит өлген жер - алыс жер. Бұл тіркес фразеологиялық бірлік болады. Тіркес  жиі 

қолданатын тіркестердің қатарында. 

Бұйымы көз тайдырарлық («Сары қобыз», 159-б.). 

Татар  молдадан  тіл  сындырып,  Омбы  шаһарында  медресе  бітірген  Ақан 

арабша,  шағатайша  жүйрік  болса,фарсы  тілін  де  біршама  білетін  дәрежеге 

жетті («Көк қаршыға», 42-б.). Тіл сындырды- оқу үйретті, сауатын ашты (Ф.С., 

718-б.). 



Көп  замандастың    қызыққанына  Ақан  қызықпайды,  қырық  пышақ  боп 

қырқысқанына  көл  жағасында  отырып  жынды  кісідей  жалғыз  күледі  («Көк 

қаршыға»,  44-б.).  Қырық  пышақ-таласып-тартысты,  араздасып,  ала  ауыз  болды 

(Ф.С., 496-б.). 


Хамзина Г.С., Балғабаева Қ. 

125 


Желсоқты  боп  кісілер  көз  шырымын    алмақ    боп  жастыққа  қисайып  еді, 

Кенжемұрат  пен  Әшрафи  тәтті  қорылға  басты  (Сонда).  Көз  шырымын  алды 

тұрақты  тіркесі  көзі  ілінді  деген  фразеологизммен  синонимдес.  Көзі  ілінді  –

үйқыға кетті, ұйықтап кетті (Ф.С., 340-б.). 

Ертеден ел аузында аңыз болған Көкшетау, Баянауылдарды, жырақ Жетісу 

өңірін аралағанда, көзі қимай ішінен: «Қайта оралғанша, қош!» 

Көзі қимады  1. Бергісі келмеді, іштей қызғанды; 2.Ар-ұяты жібермеді  (Ф.С., 

334-б.). 

Жалпы  қазақ  халқында  көз  сөзімен  байланысты  тұрақты  тіркестер  көп. 

Көбінесе,  көзі  шалды,  көз  ілді,  көз  тоқтатты,  көзі  ашық,  көз  салды    т.б.  Бұл 

тіркес фразеологиялық бірлікке жатады. 

Халық  тілінің  тұрақты  сөз  тіркестерін  авторлар  прозалық  шығармаларында 

көркемдік  бейнелеу  мақсатында  ұштастырып  барып  керегіне  жаратады. 

Фразеологизмді  суреткерлер  туындыларында  белгілі  бір  көркемдік  нақыш  беру 

қызметінде жұмсайды. 

 

 



 

Әдебиет: 

1.

 



Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы, 2005. - 589 бет. 

2.

 



Копыленко М.М., Попова З.Д. Очерки по общей фразеологии. – Воронеж, 1978. – с. 15. 

3.

 



Қожахметова Х. Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы. - Алматы, 1972. - 112 б. 

4.

 



Ефимов  А.  Стилистика  художественной  речи.  -  М:  изд-во  Мос.  университета,  1957.  -               

с. 262. 


5.

 

Сатенова  С.  Қазақ  тіліндегі  қос  тағанды  фразеологизмдердің  тілдік  және  поэтикалық 



табиғаты: филол. ғыл. докт. дисс. – Алматы, 1997. – 260 б. 

6.

 



Бейсенбай А. Тұрақты тіркестердің авторлық өңдеудегі қолданысы. - Алматы, 2006. - 120 б. 

7.

 



Ғұбайдуллин С. Қазақ тілі. – Алматы, 1995. –155 бет. 

8.

 



Балақаев М., М.Серғалиев. Қазақ тілінің мәдениеті. – Астана: Зият-Пресс, 2004. – 140 бет. 

9.

 



Манкеева Ж. Мәдени лексиканың ұлттық сипаты. – Алматы, 1997. – 272 бет. 

10.


 

Серғалиев М.Көркем әдебиет тілі. – Алматы: Мектеп, 1995. - 326 бет. 

 

 

В  статье  рассматриваются  фразеологизмы  в  повестях  и  рассказах  Т.Абдикова.  В  повестях 



автора определяются особенности стиля, их употребляемость, значения, роль в обществе.  

 

The  degree  work  is  devofed  for  considierafion  the  utilion  the  metods  in  poery  T.Abdikova.                  



The research work is enriched with the circuits, diagrams transmitting of results of the analyses.

 

 



 

 

ӘОЖ 81’ 



 

КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДАҒЫ «ТАҒДЫР» КОНЦЕПТІСІ 

 

Хамзина Г.С., Макишева М., Ешкенова Д. 

(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ) 

 

 

 

Кез  келген  ұлттың  өзіндік  ойлау  жүйесі,  дүниені  бейнелеу  тәсілдері  бар.  Ол 



ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениеттің, философияның негізін құрайды. 


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет