240
мұнда аяғым ұлуып, тұяғым сынады, табаным ауырады» деп, ат
ойлады.
Кісі базардан сұлы сатып алып, үйге қайтты.
Келген соң
атқа сұлы берді. Сұлыны ат жеп тұрып: «Адам баласы қандай
ақымақ! Бірақ бізден ақылдымын деп, мақтанады. Ақылы біздің
ақылымыздан ана құрлым аз. Неменеге менің ием азаптанды?
Қаңғып мені қуып қала барды, қайтты.
Қанша сандалғанмен
бәрі бір үйге қайттық. Тентіремей үйде отырған артық емес
пе? Өзі от басында рахаттанатын еді, мен де сұлы жеп тұратын
едім» деп ат ойлады.
69. Екі ат
Екі ат екі жүк алып келе жатты.
Алдыңғы ат тоқтамай
жүріп келеді. Соңғы ат тоқтай-тоқтай келеді. Мұнан жүк алып
алдыңғы атқа бірте-бірте сала берді: жүктің бәрін алып алдыңғы
атқа салған соң, соңғы ат босанып алып: «Азаптан, терле! Елге-
зек болсаң, азаптың бәрін саған тартқызады» деді.
Кешке қонатын жерге келді. «Екі атқа жем беріп,
бір атқа
жүк артқанша, бір атты жақсылап күтейін, ананы сойып терісін
алайын» деп, қонған жерде ат иесі ойлады. Шабан атын сойып
терісін алды.
Достарыңызбен бөлісу: