Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!



Pdf көрінісі
бет95/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   150
Байланысты:
e0be8266bf1c310cf368d6fe2d998af0

62. Тордағы құстар
Бір аңшы көлдің жағасында тор жайып, көп құсты басынан 
тормен жаба салды. Тұстар торды алып ұшып кетті. Аңшы 
құстарды қуды. Бір кісі мұны көріп: – Қайда барасың? Жаяу 
құсқа жете ме? – деді.
Аңшы: – Жалғыз құс болса, жетпес едім, көп құсқа жетем, – 
деді. Аңшының айтқаны келді. Күн батты, құстар қонақтамақ 
болды. Бірі ағашқа, бірі сазға, бірі далаға – әрқайсысы өз жағына 
тартты. Тартысып жүріп тормен бірге бәрі жерге түсті. Аңшы 
бәрін ұстап алды.


236
63. Патша мен сұңқар
Бір патша сүйікті сұңқарын қоянға қоя беріп, артынан өзі 
шапты. Сұңқар қоянды алды. Патша қоянды қанжығасына 
байлап алып, ішуге су іздеді. Патша бір төбенің басынан суды 
тапты. Су бір-бір тамшыдан ғана сорғалап ағып жатыр. Патша 
қанжығадан тостағанын шешіп алып тамшылаған суға тосты. 
Тамшы жылып тостағанды толтырды. Суды ішпек болып, пат-
ша тостағанды аузына апарғанда, қолында отырған сұңқар тал-
пынып тостағандағы суды төгіп жіберді. Патша тостағанды тағы 
тамшының астына қойды, тосты. Тостаған әбден толсын деп, 
патша көп күтті. Тағы тостағанды аузына апарғанда, сұңқар 
талпынып, суды тағы төгіп алды.
Патша аузына үшінші қайтара тостаған толған суды 
апарғанда, ерні тиер-тиместе сұңқар суды тағы төкті. Патша 
ашуланып, көтеріп алып сұңқарды тасқа ұрып өлтірді. Сол ара-
да патшаның жігіттері келді. Шапшаң барып біраяқ су әкеліп 
беремін, – деп біреуі бұлақтың басына кетті. Бірақ барған жігіт 
сусыз қайтып келді: – Бұлақта өлген жылан жатыр, суға уы 
жайылып кеткен, бұ бұлақтан су ішуге болмайды. Суды төгіп 
сұңқар жақсы қылды. Бұ суды, патша, сен ішсең – өлер едің, – 
деді.
Патша: – Сұңқар мені ажалдан алып қалды. Мен оны 
өлтірдім, менің мұным жақсылыққа жаман төлеу болды-ау! – 
деді.
64. Патша мен пілдер
Үндістанда бір патша қоластындағы бар соқырды жиды. Жи-
ылып соқырлар келген соң, патша бұларға пілдерімді көрсет! 
– деді. Соқырлар қораға барып: бірі аяғын, бірі құйрығын, бірі 
қарнын, бірі арқасын, бірі құлағын, бірі тісін, бірі қолғадай 
салбыраған мұрнын ұстап сипалады.
Патша соқырларды шақырып алып: – Менің пілім қандай? – 
деп сұрады. Пілдің аяғын сипаған соқыр: – Сенің пілің тіреудей 
екен, – деді.


237
Құйрығын сипалаған соқыр: – Сенің пілің сыпыртқыдай 
екен, – деді.
Қарнын сипаған соқыр: – Үрген қарындай екен, – деді.
Арқасын сипаған соқыр: – Сенің пілің төбедей екен, – деді.
Құлағын сипаған соқыр: – Сенің пілің тебінгідей екен, – деді.
Басын сипаған соқыр: – Сенің пілің сүйін келідей» екен, – 
дейді.
Тісін сипаған соқыр: – Сенің пілің мүйіздей екен, – деді.
Мұрнын сипаған соқыр: – Сенің пілің қолғадай екен, – деді.
Соқырлар керісті, таласты, қастасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет