235
– Е, о түрі қардай суық па? – деп соқыр сұрады.
Көзі бар ақ түрді қанша мысалдаса да, сүттің қандай ақ
екенін соқыр ұқпады.
61. Қасқыр мен садақ
Бір мерген садақ алып аңға барып,
таутекені атып алып,
арқалап келе жатып, арлан шошқаны көрді. Таутекені тастай
беріп, арлан шошқаны садақпен басып қалды. Жаралы шошқа
тап беріп, мергенді жарып жіберіп, со жерде өзі де өлді. Қанның
исімен таутеке, шошқа, кісі, садақ жатқан жерге қасқыр келді.
– Енді мен көпке дейін тоқ боламын, – деп қасқыр қуанды. –
Түк қалдырмай бәрін бірақ жемеймін, үнем қыламын, аз-аздан
талшықтап жеймін, – деп тәртіп қолданды. – Әуелі қаттыны
жеп, тәтті
жұмсақты артынан айдаймын, – деді.
Қасқыр таутекені, мергенді, шошқаны иіскелеп: – Бұлар тәтті,
жұмсақ, мұны соңыра жермін,
алдымен мынаны жейінші, –
деп тісті садақтың қатып қалған қайысына салды. Қайысты сан-
далдай қайшы қанжардың омырауына алды. Қасқыр қайысты
қиып жібергенде, садақ жазыла кетіп, қасқырды қарнынан са-
лып қалды. Қасқыр сол арада өлді.
Иісімен өзге қасқырлар келіп, мергенді, таутекені, шошқаны
жеді.
Достарыңызбен бөлісу: