Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
жетінші
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
жемқорлық жағдайларын тергеу Бюросы арнайы органының үздіксіз жұмысы дәлел.
Бюро мемлекеттік шенеуніктер арасында болған жемқорлыққа қатысты жағдайларды
тексеріп, тиісті органдарға қажетті шараларды қолдану үшін хабарлап отырады. Сонымен
бірге сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жақын мемлекеттік органдардың жұмыс істеу
әдіс-тәсілдерін басқару жүйесіндегі «әлсіз тұстарын» айқындау мақсатында зерттейді.
Егер жемқорлық әрекеттерін тудыратын жағдайлар табылса, Бюро бұл органдардың
басшыларына
тиісті
шараларды
қолдануды
ұсынады.
Сингапур елінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының басты идеясы «жеке
тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты әрекет жасауға мүмкіндіктерін,
жағдайларын болдырмауға мейлінше тырысу» болып табылады.
Бұл бірқатар сыбайлас
жемқорлыққа қарсы ұстанымдардың негізінде жүзеге асырылады, мысалы:
мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы жеке секторларда табысты жұмыс істеп
жүрген тұлғалардың орташа еңбекақысы көлемінде есептелінеді;
пара беруші де, пара алушы да жақтарға қатаң шаралар қолданылады;
мемлекеттік лауазымдық тұлғалардың мүлкі, активтері,
қарыздары туралы жыл
сайын тексеруші есеп жүргізіледі;
саяси сатылмайтын көшбасшылардың моральдық беделін қолдау үшін жоғары
лауазымдардағы шенеуніктердің жемқорлыққа қатысты әрекеттеріне қатаң түрде қарау;
сыбайлас жемқорлық жағдайлары туралы хабарлаған адамдар жайлы құпия
ақпараттарды қатаң сақтау;
шенеуніктерді алмастыру, «кездейсоқ сан әдісі бойынша»
жоспарланбаған
тексерулер жүргізу;
экономиканы дамыту үшін артық әкімшілік кедергілерді жою;
әр 3-5 жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қатысты жүргізілген шараларға
мониторинг, талдау, сараптама жүргізу.
Сингапурдің мемлекеттік қызметі меритократия (жеке еңбегінің жүйесі),
бейтараптық, қоғамға есеп беру, адалдық, жемқорлыққа қарсы тәртіптілік негізінде
қызмет етеді. Ол халықтың әр арызына мұқият көңіл бөледі. Әр Министрлікте жұмыс
сапасын арттырумен шұғылданатын бөлімдер қызмет атқарады. Жұмыс сапасын арттыру
мақсаттарының бірі- қызмет көрсету тұтынушыларын 15-20 минуттан артық күттірмеу.
Мемлекеттік
қызметті дарынды, қабілетті мемлекеттік қызметшілермен қамтамасыз ету
үшін, мектеп қабырғасындағы келешегі зор, озық оқушыларды анықтап, оларды оқу
барысында қолдап, университеттерге түсу үшін
шәкіртақылар тағайындап, шетелдерде
оқыту мәселесіне көңіл бөлген. Біртіндеп Сингапурдің мемлекеттік қызметінде ең
дарынды
әрі
қабілетті,
білікті
мамандар
жұмыс
істей
бастады.
Сингапур ақша саясатына қатаң бақылау қоя білді. Мысалы, сайлау кампанияларында
шығындарға қатаң шектеулер қою, жеке министрліктер мен парламент мүшелері үшін
емес, тек саяси партиялардың пайдасына ғана қайырымдылық көрсету, үкімет
саясатына
пара
беру
арқылы
әсер
етпек
болғандардың
әректтеріне
жол
бермеу.
Бұл мәселе төңірегінде қоғамдық пікірді қалыптастыруда, сыбайластық фактілерін
әшкерелеуде БАҚ-ның атқарар мәні зор.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес - Сингапурдің экономикалық өсуінің басты
факторларының бірі. Сингапурдің сыбайлас жемқорлықпен күрес тәжірибесі күшті саяси
ерік-жігер мен жалпы қоғам тарапынан түсінушілік пен қолдау болса,
жемқорлықтың
тамырына балта шабуға болатынын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: