«Функционалдық сауаттылық – білім беру сапасының көрсеткіші» жаратылыстану-математикалық цикл және бастауыш сынып пәндері



Pdf көрінісі
бет24/131
Дата27.01.2023
өлшемі3,39 Mb.
#63298
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   131
I. 
Кіріспе бөлім 
Ұлы Абай үнемі сынға алған масылдық қоғамға ешқашан жақсылық 
әкелген емес. Соны түсінетін жастарымыз тек біліммен қаруланып, еңбекке 
ғана арқа сүйеуі тиіс. Адам капиталына, білім саласына қойылатын талаптар 
мүлдем өзгеше. Сапалы білім қарқынды дамудың басты шартына айналды. 
Тәрбие – сапалы білімнің негізгі арқауы, діңгегі.
Әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген сөзі 
барша білім саласы қызметкерлерінің бой түзер бағдары болуы тиіс. Ұстазсыз 
адам болмайды. Бәріміз де кезінде мұғалімнің тәлімін алып, білімін үйрендік. 
Сондықтан, болашаққа жол сілтейтін мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау – өте 
маңызды міндет. "Бұл үшін бір орында тұрып қалмай, ілгерілеуіміз керек. 
Сондықтан білімі мен ойы озық ұрпақты тәрбиелейтін мұғалімдер қауымына 
зор жауапкершілік жүктеледі. Сіздердің бүгінгі шәкірттеріңіз – Қазақстанның 
жарқын болашағы. Сапалы білім – жетістікке жетудің жолы әрі экономиканы 
дамытудың басты құралы. 
Қазіргі оқыту үрдісіне жаңа педагогикалық-инновациялық технологиялар 
кеңінен енуде.Оқушыны пәнге қызықтырумен қатар, саналы ойлауға 


55 
тәрбиелейтін, қоғамдық көзқарастарын қалыптастыра алатын, өзіндік пікірі бар, 
қоғамдағы болып жатқан түрлі қарама-қайшылықтарды түсіне білетін, 
еркін сөйлеп, өз пікірін ашық айта алатын ойлы ұрпақ тәрбиелеуде 
сабақтың маңызы зор. Әрбір сабақ мұғалімнің шығармашылық жұмысы. 
Сондықтан да әр сабақты оқушылардың есінде қалатындай етіп түрлендіріп 
отырған жөн. Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында оқушылардың 
білім деңгейін тереңдету, ғылыми тұрғыда дамыту, өз бетімен жұмыс істеуге 
дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін арттыру, өз 
беттерімен ізденушіліктерін, ақпараттық құралдарды іздестіру және оны 
пайдалана білу мақсатында жаңа технология әдістерін тиімді пайдалану- ұстаз 
шеберлігінің белгісі. Әр мұғалім оқушыға көпқырлы сабақ беретін болған соң, 
қазіргі жаhандану саясатына сәйкес жаңа технологияны өз ыңғайына, пәніне 
лайықтап пайдалануы тиіс. Мұғалім шеберлігі – ізденіс нәтижесі. 
Бүгінгі заманда жаңа компьютерлік технологияларды енгізумен бірге 
«технология» деген ұғым жиі кездеседі. ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы АҚШ 
пен Англияда пайда болып, содан бұл термин өмір қажеттілігіне байланысты 
дүниежүзіне таралып кетті. Педагогикада бұл ұғым оқушылардың аз ғана күш 
жұмсап, ең жақсы жоғарғы нәтижеге жетудің тиімді принциптері мен әдістерін 
анықтауға бағытталған. Егер материалдық өндіріс саласында еңбек затын 
біртебірте терең меңгеру негізінде еңбек өнімінің өсуіне әкелетін жаңа 
технологиялар жасалса, ол білім беру саласында басқаша, технологиялар ұстаз 
іс-әрекетінің жеке жақтарына сай жасанды, қолдан істелген конструкциялар 
ретінде жасалынады. «Технология» деген термин гректің түп тамыры techne – 
өнер, шеберлік, кәсіп және logos – ғылым, білім деген сөздерінен шыққан. Екі 
түп тамырының бірлігін шеберлік туралы ғылым немесе білімді беретін деген 
сөзді құрайды. Ол өндірістік үдерістерді жүргізудің тәсілдері мен құралдары 
туралы білімдер жиынтығы.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың педагогокалық негізгі 
қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; 
баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен 
әрекеттену әдістерін меңгеру; баланың танымдылықжәнешығармашылық 
икемділігін дамыту; әр оқушының даму жүйелері жұмыс істеу; оқу үдерісін 
оқушының сезінуі. Білім беру саласындағы инновациялық бағыттың 
қажеттілігін анықтайтын себептер қазіргі таңда бүкіл халыққа белгілі болып 
отыр. Оларға төмендегілер кіреді. - білім беру жүйесінің жаңаруы, яғни 
жоғарғы оқу орындарының кредиттік оқу жүйесіне көшуі және орта білім беру 
жүйесінің 12 жылдыққа өтетіндігі; - білім беру мазмұнының ізгілендірілуі; - 
мұғалім мен оқушыға қойылатын талаптың жаңа тұрғыдан қарастыруды, яғни 
оқушы тек тұтынушы ғана емес, ортақ іс-шара субъектісі де. Қазіргі кезде 
технологияда білімді меңгертудің шығармашылық деңгейіне жету үшін Блум 
жүйесі пайдаланылады. 
Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер білім беру жүйесін 
қайта қарау қажет керек екенін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім 
саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде 


56 
мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе. Болашақ ұрпақты сан 
көрсеткіші емес, сапалы жеміс беретініне мән беріп, тәрбиелеуде барлық 
мұғалімдерді ойлантатын мәселе болып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет