III.Қорытынды бөлім ХХІ ғасыр - қатаң бәсеке ғасыры. Бұл ғасыр – марғаулықты көтермейтін
ғасыр. Демек, әлемдік бәсекелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді
де тапқыр, дара тұлғаның тағдыры біздің қолымызға аманат ретінде
тапсырылып отырғаны анық. Бүгінгі мектептің басты міндеті - өзіндік ой-
көзқарасын ашық айта алатын, өмірге бейім тұлға қалыптастыру болса, оған
мұғалімнің шәкіртіне деген сүйіспеншілігі, оны тұлға ретінде бағалауы
баланың адамдық қасиеттерінің дамуына басты кепіл болуды көздейді. Ойын
еркін айтатын, сын тұрғысынан ойлануға бейім, интеллект қабілеті дамыған,
қоғамдық өмірде өз орнын табатын жеке тұлғаны қалыптастыру мектеп
мұғалімдері үшін үлкен жауапты іс.
Қорыта келгенде, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту –
бүгінгі заман талабы. Осы орайда, ана тілі пәнін дұрыс үйрете білу өте
маңызды. Педагогтің сабақ өту шеберлігі, яғни шығармашылық пен
жауапкершілікті ұштастыруы, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе.
Өз мамандығын толық меңгерген жоғары деңгейлі оқытушының алдынан
шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып
қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абырой, яғни үмітінің ақталғаны, әрбір мұғалім
осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені. Мұғалімнің сабағының
өн бойындағы негізгі мақсаты, оның негізгі мәнін естен шығармай, әрбір сәтті
тиімді пайдаланғанда өз мақсатына жетеді.
«Сабақ беру - үйреншікті жай шеберлік емес, ол - үнемі жаңадан жаңаны
табатын өнер»,-деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, әрбір мұғалім үнемі
ізденісте болса нұр үстіне нұр болары сөзсіз.
Қолданылған әдебиеттер 1. Хуторской А.В. «Технология проектирования ключевых и предметных
компетенций».
2. Мельникова Е.Л. «Проблемный урок или как открывать знания с
учениками» (2006)
3. Б.М.Таскенова «Формирование функциональной грамотности
школьников в условиях среднего образования». Актог. Район.