«Функционалдық сауаттылық – білім беру сапасының көрсеткіші» жаратылыстану-математикалық цикл және бастауыш сынып пәндері



Pdf көрінісі
бет32/131
Дата27.01.2023
өлшемі3,39 Mb.
#63298
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   131
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
«ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ТҰЛҒА 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ» 


76 
 
Оразова Гулден Нурмахамбетовна 
Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы,
биология пәнінің мұғалімі, жаратылыстану магистрі 
Болашақтың бүгінгіден де жарқын болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын 
алға апаратын күш тек білімде ғана. Қазіргі кезде білім беру жүйесі өзгеруде. 
Оқушы тұлғасының маңызды құзыреттілігі - бұл оқуға қабілеттілік, сондықтан 
қазіргі заманғы мектеп әр түрлі мәселелерді өз бетінше шеше алатын, сыни 
тұрғыдан ойланып, кез-келген ақпаратты қолданып, білімдерін толықтыра 
алатын, өздерін қорғай алатын шығармашыл тұлғаны қалыптастыру бойынша 
жұмыс жасауы керек. Адамның сенімі, өзін-өзі дамытуы, білімді практикада 
қолдана білуі, яғни теориялық білімді күнделікті өмірде қолдану керек болған 
кезде білім функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталады. 
«Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60-
жылдарының аяғында ЮНЕСКО құжаттарында пайда болып, кейін 
зерттеушілердің күнделікті өміріне енді. Функционалдық сауаттылық 
анықтамасында білім берудің адамның көп қырлы қызметімен байланысын 
біріктіретін жеке тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде көрсетіледі. 
Қазіргі қарқынды дамып жатқан әлемде функционалдық сауаттылық 
адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметке белсенді 
қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін негізгі 
факторлардың біріне айналуда. 
Функционалдық сауаттылықты дамыту процесі пәндік білім, білік және 
дағдыларға негізделген академиялық пәндер арқылы ойлау қабілеттерін 
қалыптастыру негізінде жүзеге асырылады.
Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың әр түрлі кезеңдерінде 
мұғалім мен оқушының іс-әрекеті арасындағы байланыс сабақтың әр кезеңінде 
жүреді: мақсат қою, жоспарлау, шешім қабылдау, іске асыру, нәтижелерді 
бағалау. 
Жаратылыстану - ғылыми сауаттылығы – жаратылыстану ғылымдарын 
тану және сұрақтар қою, жаңа білімді меңгеру, жаратылыстану құбылыстарын 
түсіндіру және жаратылыстану мәселелеріне қатысты ғылыми дәлелдемелерге 
негізделген қорытындыларды тұжырымдау үшін жаратылыстану білімін 
меңгеру және пайдалану қабілеті; жаратылыстану ғылымының адам 
танымының бір түрі ретіндегі негізгі белгілерін түсіну; Жаратылыстану 
ғылымдары мен техниканың қоғамның материалдық, интеллектуалдық және 
мәдени салаларына әсер ететіндігі туралы хабардарлығын көрсету; 
жаратылыстануға қатысты мәселелерді қарастыру кезінде белсенді азаматтық 
ұстанымды көрсету. Биологиялық сауаттылық дегеніміз - адамның өзі өмір 
сүретін әлемдегі биологияның рөлін анықтау және түсіну, дұрыс биологиялық 
пайымдаулар жасау және биологияны қазіргі және болашақтағы қажеттіліктерді 
қанағаттандыратын етіп пайдалану қабілеті, шығармашыл, қызығушылығын 
білдіретін және ойлайтын тұлғаны дамыту.


77 
Қазіргі кезде функционалдық сауаттылыққа негізделген тапсырмалар 
күнделікті сабақ барысында, қорытынды аттестаттау мен ұлттық бірыңғай 
тесттерінде кездеседі. Сондықтан, оқушыларды күнделікті тапсырмаларды 
орындау барысында, функционалды сауаттылықтарын дамыту – ең негізгі 
міндеттердің бірі деп білемін. Биология сабақтарында оқушылардың 
функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың көптеген мүмкіндіктері бар: 
алған білімдерін практикада қолдана білуге,оны әлеуметтік бейімделу 
процесінде қолдана білуге үйрету, құбылыстарды, үдерістерді түсіндіру, 
болжам жасау қабілеттерін қалыптастыру, сұрақтар қою және оларға жауап 
беру, талдау және жинақтау, зерттеу, эксперимент жасау және бұрын алған 
білімдерін пайдаланып қорытынды жасау.
Биологияны 
оқыту 
үдерісінде 
оқушылардың 
функционалдық 
сауаттылығын дамыту проблемасы ситуациялық тапсырмаларды шешу және 
білімді жаңа жағдайларда өз бетінше қолдану қабілетін қалыптастыру 
аспектісінде жүзеге асырылады. Мен сабақтарымда түрлі жағдаяттық 
тапсырмаларды құрастырып, оқу сауаттылығы мен жаратылыстану - ғылыми 
сауаттылықтарын дамытатындай тапсырмаларды құрастырып, қолдана 
бастадым. Жағдаяттық тапсырмалар оқушылар үшін болашақ өмірде маңызды, 
олар оқу материалын, қосымша ақпараттар мен қажетті білімдерді зерттеу 
жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Тапсырмалар оқушылар оқулық 
мәтіні және басқа да ұсынылған ақпарат көздері арқылы жұмыс істейтін
сұрақтарға жауап таба алатын, эксперимент жүргізетін, ақпаратты талдай және 
жинақтай алатындай жасалған. Оқушылар жаңа нәрселерді білуге және оларды 
практикада, күнделікті өмірде қолдануға үйренеді. 
Тапсырма құрастыру барысында төмендегі критерийлерді назарға алу 
керек: 
- Тапсырма оқу мақсатына, бағалау критерийлеріне, көрсетілген ойлау 
дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келе ме? 
- Сұрақтың немесе тапсырманың берілуі түсінікті ме (екі жақты теріс 
пайымдау, қажетсіз қиын сөздер, күрделенген синтаксис, жаргон сөздер, 
диалект сөздер, анық емес сөздер және т.б.)? 
- Тапсырманың берілуінде түсінік беретіндей тұстары жоқ па (тура, 
ауыспалы)? 
- Тапсырмалардың күрделілік деңгейі жеткілікті ме? 
- Суреттер, диаграммалар, сызбалар және т.б. анық па? 
- Грамматикалық және орфографиялық қателер жоқ па? 
- Балл қою кестесі/ дескрипторлар тапсырмаға сәйкес пе? 
- Жауап нұсқаларының ішінде дұрыс жауабы бар ма?
- Дистракторлар дұрыс құрастырылған ба? 
- Жауап нұсқалары логикалық реттілікпен орналасқан ба? 
Функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмаларды 
әзірлеу алгоритмінің үлгісі:
1.Тапсырмаңыздағы ақпараттық және сұраулы бөліктерін ойша 
анықтаңыз. 


78 
2. Оқу мәселесін немесе тапсырмасын тұжырымдаңыз, яғни оның мәнін 
оқушыларға түсіну үшін мүмкіндігінше дәл анықтау. 
3. Сұрақтың немесе тапсырманың тұжырымы анық па (қажетсіз қиын 
сөздер, күрделі синтаксис, анықталмаған сөздер және т.б. жоқ па) ? 
4. Тапсырманың ақпараттық бөлігін суреттермен, диаграммалармен, 
графиктермен және кестелермен толықтырыңыз. 
5. Тапсырманың сұраулы бөлігін құрастырыңыз. Ол нақты және әрекетке 
бағытталған болуы керек. 
6. Әзірленген тапсырманы талдау. Тапсырманы орындау кезіндегі 
оқушылардың оқу әрекетін болжау. 
7. Орындау кезінде көрсете алатын дағдыларды тұжырымдаңыз. 
8. Оқушылар тапсырманы орындауға кететін уақытты анықтаңыз. 
9. Тапсырманы орындауда нұсқаулық қажет ететін оқушылар үшін 
нұсқаулық әзірлеңіз.
Қорыта айтқанда, функционалдық сауаттылықты жүзеге асырудың басты 
міндеті - оқушылардың теориялық білімдерін практикалық тұрғыда 
қолдануымен қатар тәуелсіз еліміздің келешегіне үлкен жауапкершілікпен 
қарауға үлестерін қосу болып табылады. Осы ретте, жаратылыстану 
бағытындағы пәндерін дұрыс жүргізе білудің маңызы зор. Оқушылардың 
функционалдық дағдылары мектеп қабырғасында қалыптасады. Жас ұрпаққа 
сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай 
жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет