60
ФИЗИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ
САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ
Манат Айдана Қанатқызы,
«№ 37 Жалпы орта білім беру мектебі» КММ, Павлодар, Қазақстан,
aidana_1011_10_10@mail.ru
Аннотация: Қазіргі кезде физика пәнін оқытуда оқушылардың
функционалдық ойлау қабілеті мен шығармашылық тұрғыдағы жұмысын
дамытуда өз бетімен жұмыс жасаулары және логикалық тапсырмаларды
орындаудың маңыздылығы қарастырылды.
Түйін сөздер: АКТ пайдалану, PISA тапсырмалары
Қазіргі кезде физика пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық ойлау
қабілеті мен шығармашылық тұрғыдағы жұмысын дамытуда өз бетімен жұмыс
жа- саулары және логикалық тапсырмаларды орындаудың маңызы зор. Бұл
тапсырмаларды қалай ұйымдастыру керек, тарау бойынша тақырыпқа сай етіп
деңгейлеп, саралап таңдай білу ол мұғалімнің шеберлігіне бай- ланысты.
Бүгінгі таңдағы алда тұрған басты міндет – оқушылардың функционалдық
сауаттылығын дамыту.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығы ең алдымен біріншіден,
үйден отбасынан бастала- ды. Өйткені, ата - аналардың балаларды оқытуы және
тәрбиелеуі ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың негізгі
тетіктерінің бірі болып көрсетілген. Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ десек,
жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – нәтижелі білім беру, білім
сапасын арттыру және рухани дүниесі бай жан - жақты дамыған тұлға
тәрбиелеу, оқытудың жаңа технологиясын енгізу,білім беруді ақпараттандыру.
Бүгінгі ақпараттандыру заманында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін
дамыту білім берудің ең жоғарғы мақсаттарының бірі болып отыр.
Ұлттық жоспардың мақсаты - Қазақстан білім са- пасын жетілдірудегі,
оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс
– шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамасыз ету .
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 8-бабында «Білім
беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар,
ғылым мен іс - тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға,
дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар
жасау» деп атап көрсетілген.[2.5б] Осыған байланысты еліміздің 15 жастағы
оқушыларының білім жетістіктерінің деңгейін анықтауға Қазақстан PISA –
2000 халықаралық зерттеуін тұңғыш рет 15 жастағы оқушылардың білім
сапасын анықтау үшін дәйекті ақпарат алу мақсатында атсалысты.
PISA халықаралық зерттеуі оқушылардың қабілеттерін емес, ол оқу
барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана
білу ептіліктерін бағалауға бағытталған.
PISA зерттеуінің негізгі бағыттары: Математикалық сауаттылығы;
Жаратылыстану сауаттылығы:
61
Оқу сауаттылығы.
PISА мақсаты : әлемдік деңгейде салыстырылатын әр мемлекеттің оқыту
нәтижелері жөніндегі сенімді мәліметтерді алу, саралау.
Ал, енді PISA тапсырмаларына келетін болсақ, тапсырмаларды зерделеп
отырсам, оқушылардың ой- лау қабілеттерін дамытып отыратын, логикалық
тест тапсырмалары ашық немесе жабық күйінде берілген. Оқушылардың
білімді игеруіне байланысты деңгейлік тапсырмалар берілген және олардың
орындау қабілеттеріне қарай қойылатын талаптар деңгейлері де әртүрлі.
Жоғары деңгейге қойылатын талап: Бұл деңгейге жеткен оқушылар
білімді қабылдауға және көрсетуге қабілетті, күнделікті өмірде кездесетін
құбылыстарды түсіндіре білуі, өсімдіктер, жануарлар, тіршілік үрдістер
құрылымы туралы кейбір түсініктері, заттардың қасиеттері мен физикалық
құбылыстар тура- лы білімдері, Күн жүйесі мен Жер құрылысы, үрдістер мен
құбылстар туралы білімдері, зерттеуді жүргізуге байланысты бастапқы
түсініктерінің болуы,кейбір жаратылыстану түсініктерін күнделікті өмірден
алынған физикалық және биологиялық үрдістер туралы ақпараттармен
байланысын түсіндіру қабілетінің болуы, қысқаша жауап құрастыруы тиіс.
Орта деңгейге қойылатын талап: Бұл деңгейге жеткен оқушылар білімді
қабылдауға және көрсетуге қабілетті, жаратылыстануға байланысты
тәжірибелік жағдайларды және негізгі ұғымдарды түсінуі, тірі ағзаларды
сипаттауға және олардың қоршаған ортамен байланысын анықтауы, адам
биологиясы мен оның денсаулығы туралы кейбір түсініктері, жалпыға таны-
мал физикалық құбылыстар туралы кейбір түсініктері, күн жүйесі мен Жер
туралы негізгі дәлелдерді білуі, суреттерді түсіндіру және тәжірибелік
жағдайларда білімін қолдану қабілетінің болуы тиіс.
Төмен деңгейге қойылатын талап: Бұл деңгейге жеткен оқушылар
қарапайым білімді болады, адам денсаулығына және жануарлардың мінез-
құлық және физикалық сипаттарына байланысты кейбір қарапайым фактілерді
білу, заттардың кейбір қасиеттерін көрсете білу қабілеттерінің болуы, белгілері
бар суреттерді, қарапайым диаграммаларды түсіндіру, қарапайым кестелерді
толтыру қабілетінің болуы,нақты дәлелдерді қажет ететін сұрақтарға қысқаша
жауаптар құрастыруы тиіс.
РISA есептерінің шарты: өмірден алынған қандай да бір ситуацияның
жазбасы; не есептің шарты, не сұрақтың мазмұны нақты бір пәндік білімге
сүйенбейді; есептің шарты тұлғалық тәжірибемен сәйкестендірілген – ашық;
әрбір есеп немесе тапсырма өзіндік шешімді талап ететін қандай да бір жағдай
болып табылады.
Жалпы оқытудағы мақсат оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға
тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша
деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол
оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын білім
саласының дамуын қамтамасыз етеді.
Сабақтың ерекшелігі мен тиімділігі және оның тиімділігін
арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі оқушыларға деңгейлік тапсырмалар
62
беру. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше жұмыс жасауға
дағдыландыру барысын- да өз іс тәжірибемде жаңа технологияларды сара- лап
оқыту әдісін қолданамын. Деңгейлеп оқыту технологиясының өзіндік ықпалы
зор. Оқушыларға өзіндік жұмысты ұйымдастыруға және оны өткізуге көмегін
тигізеді. Оқушылар өзіндік жұмыстарын орын- дап, білімдерін мониторингтік
жүйе арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткізеді. Педагогика
ғылымдарының докторы, профессор Ж.А.Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту
технологиясы мынадай 4 түрге бөлінген: [7]:
репродуктивті деңгей – жалпыға бірдей стандартты білім негізінде
тапсырма беріледі. Мұндай тап- сырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда
алған білімдеріне және оқушыға байланысты;
алгоритмдік деңгей – мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен
қабылданған ақпаратты пайдалана оты- рып орындайды;
эвристикалық деңгей – оқушы қызығып ізденіп, қосымша әдебиеттерді
қолдана отырып жауап береді;
шығармашылық деңгей – оқушының таза өзіндік шығармашылығын
байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде
өздігінен меңгереді. Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады.
Функционалдық сауаттылық дегеніміз - адамдардың әлеуметтік, мәдени,
саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, бүгінгі жаhандану
дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы.
Бүгінгі күнде физика пәнін сапалы оқыту ізденістері – пән мұғалімін
толғандырып отырған келелі мәселелердің бірі. Осы орайда кез - келген
педагогикалық
жаңа
технология
оқушылардың
сабақ
барысындағы
белсенділігін арттыруға тікелей әсер етуі керек. Әлемдік деңгейдегі білім
берудің қазіргі парадигмасы білім беруді оқушының жеке тұлғасына бағыттау,
ал оқыту әдістерін тұлға аралық қарым - қатынастарға бейімдеу болып
табылады. Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай,
өзінің өмірлік тәжрибесіне сүйену арқылы танымдық шығармашылық
тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы арқылы алуға тиіс.
Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы
қалыптасады. Теория мен практиканың байланыста болуын қамтамасыз ету
үшін әрбір пән бойынша берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда
теориялық қағидалардың, заңдылықтар мен ережелердің, яғни ұғымдық -
ақпараттық материалдардың бала өмірінде кездесетін түрлі проблемалық
мәселелерді шешуге көмегі тиетіндей, бала оны қолдана алатындай
практикалық маңызы ескерілуі тиіс. Сыни тұрғыдан ойлау барысында, бала өз
заманының озық өнегесін санасына сіңіреді, функционалдық сауаттылығы
артады, басқаның пікірін тыңдауға дағдыланады және өзі де пікір айтуға
үйренеді.
Физика сабағында бағдарлама материалын са- палы меңгерту үшін оқыту
мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы арқылы және
басқа да белсенді педагогикалық технологиялардың әдістерін кірістіре отырып,
63
оқушыларды бір – бірімен пікірлесе білуге, ойларын нақты, ашық жеткізе
білуге, тұжырымдарын жасауға үйрету.
Тәжірибемнің негізгі компоненттері:
1. Әрбір баланың мүмкіндік деңгейін ескеріп, сыни тұрғыдан ойлауын
тудыру үшін уақыт беру, қолайлы мүмкіндік жасау. Оның ойының, пікірінің
мәнділігін түсінуге, сыни көзімен қарау қабілеттілігіне сенім білдіру.
2. Физика пәнінің мазмұнына сай түрлі идеялар мен пікірлерді назарға
алу, ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылдыру.
3. Оқушылардың жеке шығармашылық қабілеттерін ескере отырып,
олармен жеке жұмыс түрлерін жүргізу.
4. Әрбір жеке тұлғаны физиканың білімімен қамтамасыз ету. Тиянақты,
нақты және жан – жақты болуына жағдай туғызу.
Менің педагогикалық жұмысымның негізгі принциптері: физика пәнінің
білімін ізгілендіру; оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру; сыни тұрғыдан
ойлау іс - әрекеттерін жүзеге асыру; Жаңа технологияның басты мақсаты —
өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушы тарихты
«зерттеп үйрену» кезінде оқу материалын «жаттап, қайталай бермей» өткеннің
оқиғалары мен адамдарына өзінің көзқарасын білдірсе, өткенмен сұхбат құра
отырып оның тәжірибесін өз бойына дарытып іштей нәр алса, оқушы рухани
жағынан биіктей түседі.
Ақпараттық қатынастық технология құралдарын оқу, тәрбие үдерісіне
қолдану әдістері сан алуан. Осы әдістерді жіктеп көрсетудің мәні зор:
1. Оқушыға берілетін білімнің сапасы артады;
2. Оқушымен жүргізілетін жұмыстың дәлдігі артады;
3. АКТ-ны пайдаланғанда мұғалімнің атқаратын қызметі жеңілдейді.
АКТ - ны пайдаланып жаңа сабақты түсіндіру сәті. Білім мен дағдының
өзара бірігуі арқылы мұғалім теориялық және практикалық әдістерді са-
ралап пайдалануға жаттығады. Оқушыларға алатын уақытыңды орынды
пайдаланып, оларға тың мағлұмат, тың дүние беру – ақпараттық қатынастық
технологиялардың жетістігі.
Физика пәнінің оқыту процесін жетілдіру оқушылардың танымдық
белсенділігі мен іздемпаздығын арттыруға негізделген. Оқу танымдық қызметі
барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді игеріп қана қоймастан,
танымдық қабілеті мен шығармашылдық ойлауы да дамытылады.
Сыни тұрғыдан ойлау барысында, бала өз заманының озық өнегесін
санасына сіңіреді, функционалдық сауаттылығы артады, басқаның пікірін
тыңдауға дағдыланады және өзі де пікір айтуға үйренеді.
Физика сабағында бағдарлама материалын сапалы меңгерту үшін оқыту
мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы арқылы және
басқа да белсенді педагогикалық технологиялардың әдістерін кірістіре отырып,
оқушыларды бір – бірімен пікірлесе білуге, ойларын нақты, ашық жеткізе
білуге, тұжырымдарын жасауға үйрету.
Қазіргі XXI ғасырдағы оқушылардың шығармашылық қабілетін, ойлауы
мен шығармашылық тұрғыда жұмысын дамыту – уақыт талабы. Оқу үдерісінде
64
оқушылардың
функционалдық
сауаттылығын
арттыру
сипатындағы
тапсырмаларын жүйелі түрде ұйымдастыру және оны болашақтағы кәсіби
бағдарымен сабақтастыра қарастыру мұғалімнің педагогикалық құзіреттілігіне
байланысты.
Бүгінгі шәкірт – ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі. Ұлы ағартушы
Ы. Алтынсариннің « Егер балалар бірдеңе түсінбейтін болса», оқытушы оларды
кіналауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кіналауға тиіс» – деген
қанатты сөздерді ұмытпауымыз керек.
Қазіргі таңда мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты: білімнің жаңа үлгісін
жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу
материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін бақылаудың сан түрлі жаңа әдіс
– тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдалана білу.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда -
қатысымдық, рөлдік ойын, дара тұлғаға бағдарланған оқыту және сұрақ- жауап
әдістері арқылы жүзеге асатын жағдаяттық , сұхбаттық, құзыреттіліктерді
қалыптастыратын тапсырмалар кешенді жүргізіліп отырса, онда білім - білік,
дағдыларды игерту нәтижелі болатыны және әлемнің дамыған 30 елінің
қатарынан көрінеріміз анық.
Достарыңызбен бөлісу: |