Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Асламазов Л.Г., Варламов А.А. Удивительная физика. //Москва.
Добросвет. Издательство МЦНМО, 2005.
2. Н. В. Гулиа «О чём молчали учебники» // Москва. Владос. 2007г
3. Елькин В.И. Необычные учебные материалы по физике.// Москва.
Школа-Пресс, 2000.
139
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН
АРТТЫРУ - САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
«Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия» КММ
Химия пәні мұғалімі Асанова А.А.
Аннотация: Бұл мақалада қазіргі кезде дүниежүзі бойынша білім
саласындағы барлық мамандарды ойландырып отырған ең маңызды мәселе -
«ХХI ғасырда нені оқыту керек және ХХI ғасырға оқушыларды қалай
дайындайды?» деген сұрақтар қозғалған. Күнделікті сабақта алған білімді
өмірде қолдана білуге мектеп қабырғасынан дағдыландыру, келешекте бәсекеге
қабілетті білімді ұрпақ дайындауда өз көмегін берері сөзсіз. Тұлғаның ең басты
функционалдық сапалары белсенділік, өз ойын ғылыми түрде жеткізе алуы,
кез-келген жағдайда шешім таба алуға және білімге құштарлығын арттыру
болып табылады. Мақалада химия сабақтарында химиялық заттардың
қасиеттерін біле отырып, химиялық айналулар және оларды реакция
теңдеулері арқылы өрнектей алуға арналған тапсырмалар да берілген. Өз
кезегінде бұл жерде берілген тапсырмаларды жас ұстаздар өз тәжірибесіне
қолдануға мүмкіндік алады және өздері тапсырма құрастыруға мысал ретінде
қолдана алады деп ойлаймын.
Кілтті сөздер: функционалдық сауаттылық, тапсырмалар, судың
кермектігі, қышқыл, негіз, тұз
«Функционалдық сауаттылық» деген не және ол қазіргі оқушыға қандай
көмегі бар? Оны мектепте қалай қалыптасады және қолданылады? Ересек
өмірде академиалық білім неге жеткіліксіз? Осы сұрақтар бүгінгі таңда кез
келген мұғалімді толғандырары сөзсіз.
Заманның тез өзгеріп жатқан уақытында функционалдық сауаттылық
адамдардың әлеуметтік, саяси, мәдени және экономикалық іс әректтерге тез
араласуына негізгі фактордың бірі болып табылады.
«Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60-
жылдары Юнеско құжаттарында пайда болды және кейіннен зерттеушілердің
қолдануына енді Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адамдардың
әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы,
яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп
отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп
отыруы.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз –
оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс
жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Пәндік
білімдеріне, ептіліктеріне және дағдыларына сүйене отырып, оқу пәндері
арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту үдерісі ойлау дағдыларын
қалыптастыру және дамыту құралдарына тапсырма түрінде беріледі.
140
Функционалдық сауаттылық тұжырымдамасына негізделген анағұрлым
танымал
халықаралық
бағалау
зерттемелерінің
бірі
Экономикалық
ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) қолдауымен өткізілетін 15
жастағы
оқушылардың
оқу
жетістіктерін
бағалаудың
халықаралық
бағдарламасы (PISA) болып табылады.
Оқушылардың
функционалдық
сауаттылығын
дамытуда
оқу
бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Химия пәні өмірмен байланысты
болғандықтан әрбір заттың өмірмен байланысын білу маңызды.
Функционалдық сауаттылық тапсырмалары.
1Тапсырма.
Үй шарауасындағы екі қыз кір жууға дайындалды. Біріншісі суды 60
градусқа дайін қыздырып, суға кірін салып қойды. Екіншісі суды қайнағанша
ысытып, 5 мин қайнатып, одан соң 60 градусқа дейін салқындатып содан кейін
ғана жуды бастады. Кімнің кірі жақсы ашылады.? Қандай қарапайым әдіспен
дәлелдеп, түсіндіруге болады?
Жауап: Сабын және басқа да жуғыш заттар жұмсақ суда жақсы әсер
біріді. Судың кермектілігі құрамында кальций мен магний гидрокарбонаттары
болуымен ерекшеленеді. Оны қайнатқанда карбонаттар тұнбаға түседі:
Ca(HCO3)2 = CaCO3+H2O+CO2
Mg(HCO3)2 = MgCO3+H2O+CO2
Суды 60 градуықа дейін қызыдырғанда су кермек болып қалады.
Сондықтан суды қайнатқан қыздың кірі жақсы ашылады. Бұны қарапайым
тәжірибемен дәлелдеуге болады: сабынның кішкене кесегін ысытылған және
алдын ала қайнатылып, салқындатылған суға малады.Қайнаған суда сабын
қалдықсыз ериді, ал шикі суда үлпілдек тұнба түзеді.кальций мен магний
стеараттары тұнбасның түзілуі, кальций мен магнийдің ерімтал тұздарымен
әрекеттесуден түзіледі.
Карбонатты немесе уақытша кермектілікті қайнату, ал тұрақты
кермектілікті, кальций және магний сульфаттары және хлоридтері бар тұздар,
тек сода арқылы жоюға болады.
СaSO4+Na2CO3=CaCO3+Na2SO4
MgSO4+Na2CO3=MgCO3+Na2SO4
2 тапсырма.
Екі шелекте жөндеу жұмысына арналған заттар: бөлмені әктеуге қажетті
бор суспензиясы және ас бөлмені әктеуге сөндірілген әк бар. Оларды қалай
ажыратуға болады?
Жауап: Екі затты бір-бірнен сірке қышқылы арқылы ажыратуға болады:
Карбонатқа қатты немесе ерітіндіде болса да қышқылмен әрекеттескенде
быжылдауық газ СО2 түзіледі, ал әкті су (Са(ОН)2 суспензиясы бейтараптану
реакциясы жүреді. Ол сыртқы белгі арқылы байқалмайды. (тек аздап жылу
141
бөлінетіні болмаса)
3 тапсырма.
Қышқылтым жемістерді жегенде ауызды қуыратын сезім болатыны
белгілі және тістер суық пен ыстық тамақтарға өте сезімтал болады. Бірақ бұл
сезім тісті күніне екі рет фторлы тіс пастасымен тазартақанда кетеді. Тіс
эмалінің құрамы гидроксиапатит (Ca5OH(PO4)3) деген минералға ұқсас екенін
біле отырып, осы құбылысты химия тұрғысынан қалай түсіндіруге болады?
Жауап: Тіс эмалі құрамы бойынша негіздік тұзға жатады, себебі
гидроксотоп бар. Негіздік тұздар қышқылтым жемістерде болатын әлсіз- алма,
лимон, қымыздық қышқылдарында да жақсы ериді. Тістердің суық пен
ыстыққа сезімталдығы эмалдің ішінара еруінен болады. Тіс пастасында
болатын фторид-ион тіс эмаліндегі гидроксид -ионның орнын басады:
Ca5OH(PO4)3+Na2PO3F=
Ca5F(PO4)3+NaOH(PO3)
Нәтижесінде қышқылдарда аз еритін кальций фторапатиті түзіледі.
Соның әсерінен тістер біраз уақытқа дейін сезімталдығы азаяды. Бірақ бұл
әрекетті күнде қайталап отыру керек.
4 тапсырма.
Жұмыртқаның қабығы кальций карбонатынан СаСО3 тұрады. Қабықтың
массасы орташа алғанда10 г болса, тауық ағзасы әр жұмыртқалаған сайын
қанша кальций жоғалтады? Орта есеппен 220 жұмыртқа басатын болса, мекиен
тауыққа жылына жеммен бірге қанша кальций берілу керек? Үйде 5 мекиен
тауық болса, жылына қанша бордың қоры болу керектігін анықта.
Жауап: Кальций карбонатының молярлық массасы 100 г/моль.
10 г жұмыртқа қабығында 4 г кальций болса, кальцийдің массалық үлесі
40%
Әр жұмыртқадан тауық 4 г кальций, ал жылына 220 х 4= 880 г 220 х 4 =
880 г. жоғатады. Мекиен жылына осындай мөлшерде кальций алу керек.
Бордың жылдық қорын анықтау үшін, кальций карбонатынан тұратын
жұмыртқа қабығының салмағын пайдаланды.
10г х 220 х 5 = 11000 Осыдан 11 кг борды қорға жинау керек.
5 тапсырма.
Йодтың ашылу тарихы. Француз оқымыстысы Бернар Куртуа әдеттегідей
химия кабинетіндегі жұмыс үстелінде таңғы асын ішіп отырған. Оның иығына
сүйікті мысығы жайғасады. Үстелде тамақтың жанында екі бөтелк тұрған еді.
Оның бірінде теңіз балдырларының спирттегі тұндырмасы, екіншісінде –
концентрлі күкірт қышқылының темір жоңқалары. Мысық иықта отырудан
жалығып, секіріп түседі. Сол кезде бөтелкелерді қағып өтеді де, сұйықтықтар
еденге төгіліп араласады. Нәтижесінде ауаға күлгін газ бөлінеді.Олар тұнғанда
оқымысты күлгін тұнбаны байқады. Йод осылай ашылды. Дегенмен Куртуа
бірнеше қауіпсіздік ережелерін бұзды. Олар қандай? Күкірт қышқылымен
142
әрекеттескенде йод бос күйінде бөлінетіндей балдырларда қандай заттар
болады? Осы реакция теңдеуін құрастыр.Осы реакцияны тотығу-тотықсыздану
реакциясына жатқызуға болады ма? Йод кристалының буға айналуын қалай
атайды? Зерханадағы құралдарды шаңнан қалай тазартуға болар еді?
Жауап:
Куртуа бұзған ҚТЕ
1. Химия лабораториясында концентрлі қышқылдарды зертханалық
үстелде сақтамайды, олар арнайы шкафта немесе тартпа шкафта сақталу керек.
2.Химиялық зертханада тамақ ішуге қатаң тиым салынады.
3. Зертханада жануарлардың жүруіне тиым салынады. Тотықтырғыш пен
тотықсыздандырғыш заттарды бір-біріне жақын ұстауға болмайды.
Теңіз балдырларының құрамында І- ионы түрінде йод көптеп кездеседі.
Осы ионы бар қосылыстың күкірт қышқылымен әрекеттесуі нәтижесінде йод
иондарының тотығуы нәтижесінде йод молекуласы түзіледі:
2NaI+H2SO4=Na2SO4+I2+SO2+2H2O
Бұл тотығу-тотықсыздану реакциясы.
Будан кристалдың түзілуі кристалдану процесі, керісінше кристалдың
буға айналуы- возгонка деп аталады.
Йод шаңын органикалық еріткіштер арқылы оңай кетіруге болады.
6 тапсырма.
Егер бұзаулар ақталған қабырғаны жалайтын болса, олардың жем-шөбіне
қандай элементтерді қосып беру керек?
Жауап: Бұзауларға кальций жетпейді, Себебі әктеуге ізбестасты СаСО3
немесе әктіті Са(ОН)2.қолданады.
7 тапсырма.
Көршіңіз бағбаншылардың кітабын оқып, жемісті ағаштарды немесе
бұталарды отырғызғанда қазылған шұңқырға тыңайтқышпен қатар жаншылған
және отқа қыздырылған бірнеше консерві банкаларын салу қажеттігін айтты.
Оның қандай себебі болуы мүмкін? Химия ғылымы тұрғысынан қалай
түсіндіруге болады. Бөлме өсімдіктері де қыш құмыраға қарағанда металл
ыдыстардағы жақсы өседі?
Жауап: Консерв банкасы темірден басқа жемірілуге төзімді қалайы және
тағы басқа металдардан жасалған. Осы элементтердің бәрі өсімдіктердің өсуіне
қажетті (микроэлементтер) қоректік зат ретінде пайдаланады. Біртіндеп сумен
және топырақ қышқылымен әрекеттескенде, олар қосымша қоректік минерал
болып табылады. Соның есебінен өсімдік жақсы өседі. Жемірілуді
баяулататын бояуларды кетіру үшін банканы қыздырады.
8 тапсырма.
Шаш бояуының құрамында n-фенилдиаминнен басқа да заттар болады:
• 1,3-диоксибензол, бояудың тұрақтылығын күшейтетін;
• n-аминофенол, шашқа сұр рең береді
143
• n-диоксибензол (гидрохинон) – ақ шашты жақсы бояйды.
Осы қосылыстардың бәріне химиялық табиғатына не ортақ ?
Жауап: Бұл қосылыстардың бәрі ароматты көмірсутектер болып
табылады және молекуласында бір немесе бірнеше ОН тобы бар. Бұлар фенол
туындаларына жатады.
Сонау б.ғ.д. ІV ғасырда грек философы Сократтың оқушысы , әрі досы,
Аристипп «оқушыларға есейгенде қажетті білімдерін беру керек» деген. Бүгінгі
таңда функционалдық сауаттылық қоғамда қолайлылықтың индикаторы болып
отыр, ал оқушының функционалдық сауаттылығы- білім сапасының маңызды
көрсеткіші болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |