145
білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе
жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай
сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке
адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады. Мектеп оқушыларының
функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну
қабілетін дамыту, алған
білімін сыныптан тыс жерде , кез келген жағдайда
тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.Егер осы шарттар бастауыш сыныпта
орындалғанда оқушының функционалдық сауаттылығы қалыптасады.
Функционалдық сауаттылық- оқушылардың мектепте алған білімдерін
өмірде тиімді қолдана білу қабілеті.
Болашақта мамандығына,жасына
қарамастан үнемі білімін жетілдіріп отыру дағдысын қалыптастыру біздің
міндетіміз.
Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының
бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімделу мәселелері тұр,
өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер
қабылдау үшін жоғары кәсіптілік және интеллектуалдық
әрекеттерді қажет
ететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуде.
Осыған байланысты еліміздің білім алушыларының білім жетістіктерінің
деңгейін анықтау үшін Қазақстан PISA халықаралық зерттеуіне қатысып келеді.
PISA халықаралық зерттеуі оқушылардың білім жетістіктерін бағалауды
«математикалық сауаттылық», «жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы» және
«оқу сауаттылығы» бойынша жүргізіледі.
Функционалдық сауаттылықтың құрамдас бөлігінің бірі -оқушылардың
математикалық сауаттылығы.
Достарыңызбен бөлісу: