8-мысал: Қазір қызы 8 жаста, ал шешесі 38 жаста. Қанша жылдан кейін
шешесінің жасы қызының жасынан үш есе үлкен болады?
Шешуі: 3(8+х) = 38+х Жауабы: 7 жыл.
9-мысал: Ләйлә атасынан 6 есе кіші. Егер оның жасының цифрларының
ортасына 0 қойса, онда атасының жасы шығады. Ләйлә неше жаста?
6-сыныпта «Жиын» тақырыбын өткен кезде жиын арқылы
шығарылатын есептер кездеседі. Бір қалаға 100 турист келді. Олардың 10-ы
неміс тілін де, француз тілінде білмейді. 75 адам неміс тілін біледі, 83 адам
француз тілін біледі. Неше турист осы екі тілдің екеуінде білетінін анықтаңыз.
Шешуі: 100-10=90; (75+83)-90=68. Жауабы: 68
9-сыныпта «Тізбектер» тарауын өткен кезде сандардың қатары белгілі
бір заңдылықпен орналасатынын айтып, бір-екі мысалмен шектелмеуіміз
керек. Сандар тізбегінің белгілі бір заңдылықпен орналасатынына көптеген
тапсырмалар беруге болады.
10-мысал: Сандар белгілі бір заңдылықпен орналасқан. Сұрақ белгісінің
орнына сәйкес келетін санды табыңыз. 1;3;7;13;21; ...?
Шешуі: 21+10= 31(жұп санды қосу).
11-мысал: Дүйсенбі күнгі сабақ кестесін құру кезінде үш мұғалім мынадай өтініш
айтты:
1) математика бірінші не екінші,
2) тарих бірінші не үшінші,
3) әдебиет екінші не үшінші болсын. Қанша тәсілмен мұғалім өтінішін
орындауға болады?
1-СУРЕТ
Шешуі: Математика, тарих, әдебиеттің бас әріптерінен бір жиын
сабақтардың 1,2,3 –деген ретінен екінші жиын құралық (1-сурет)
Математиканы 1-сабаққа (онда ол 2-бола алмайды) қойсақ, онда тарих тек
үшніші ғана болады, тарих 1-қойылмайды, онда әдебиет 2-сабаққа қойылған
209
болады, ол 3- сабаққа қойылмайды. Сонымен математика- бірінші, әдебиет-
екінші, тарих-үшінші болады.
Теңдеуді граф арқылы шешу, яғни бұл бағытталған граф болып
табылады.