«Функционалдық сауаттылық – білім беру сапасының көрсеткіші» жаратылыстану-математикалық цикл және бастауыш сынып пәндері



Pdf көрінісі
бет98/131
Дата27.01.2023
өлшемі3,39 Mb.
#63298
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   131
12 - мысал:
Бірнеше ұл балалар вокзалдың алдында кездесті. Олар бір-бірімен қол 
ұстасып амандасты. Егер 10 қол амандасып ұстасса, онда қанша ұл бала қалаға 
кетті? 
Шешуі: Осы есепті граф арқылы шешеміз. Ең алдымен қағазға екі 
нүктесін белгілейміз. А мен В және оларды қосайық. Нүктелерді балалар деп, 
ал кесіндіні балалардың қол ұстасқаның деп есептейік. Тағы бір С нүктесін А 
мен В нүктелерімен қосамыз. Оларға тағы бір Д нүктесін қосамыз. Енді алты 
кесінді шықты. Енді бес нүктені Е нүктесін белгілеп, А,В,С,Д нүктелерімен 
қосамыз. Енді 10 кесінді шықты. Яғни вокзалда 5 ұл бала кездесіп, қол ұстасып 
амандасты.(2-суретте)
2-СУРЕТ 
Графтың яғни нүктелердің математика саласындағы алатын орны ерекше. 
Себебі графтың логикалық ой қабілеттігін арттыруда үлкен үлес қосады. 
М.И.Калинин "математика ойлауды тездетіп, логикалық ойлауға үйретеді" және 
"математика – ақыл-ой гимнастикасы" деп бекер айтылмаған. логикалық 
есептердің мағынасын оқушыларға түсіну қиын. Оны түсіну үшін граф ұғымы 
көп дәрежеде мүмкіншілік береді 
Сонымен қатар, граф ұғымы тек математика саласында ғана емес, тіпті 
күнделікті өмірде де және техникада да басқа да атаулармен қолданылады. 
Және де графпен біздің өміріміз тікелей байланысты.
PISA есептері математика ғылым салаларының, әсіресе табиғат, техника 
ғылымдарының анасы іспеттес. Бірде-бір ғылым саласы математикасыз дами 
алмайды. Әсіресе техниканың негізі – математика, информатика сияқты ғылым 
салалары математикалық ойлау негізінде дамиды. Мысалы ғарышты игеру тек 


210 
математикалық ойлау, модельдеу негізінде құрылған есептеу арқылы ғана іске 
асырылады.
Математикалық есептеусіз тәжірибе жасау өте қымбатқа түскен болар еді.
Математика жалпы білім беретін пәндердің ішіндегі күрделі пәндердің бірі 
болғандықтан оқушыларды математикаға қызықтыру мақсатында күнделікті 
сабақтарда логикалық есептермен байланыстыра оқытуға көңіл бөлген
дұрыс. Мұндай байланыстың басты міндеті оқушылардың осы пәннен 
меңгерген білім, білік, дағдыларын орынды қолдана білуін қамтамасыз ету. 
Қазіргі кезде тест кітапшаларында есептер сызба түрінде беріледі. Оларды 
шығару теориялық білімімізге сүйенуді қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет