27
Бұл
жағдай
дене
тәрбиесі бойынша міндетті сабақтарды өткізуді
толық қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.
Қалалар мен ауылдарда балалардың тұрғылықты жеріндегі бос уақытын
ұйымдастыру бәсең дамуда. Қазіргі уақытта елімізде
477 аула клубтары жұмыс
істейді, олардың балаларды қамтуы
64,8 мың оқушыны қамтыды.
Клубтардың бірігуіне және персоналдың штат санының қысқаруына
байланысты олардың саны жыл сайын азайып келе жатқанын атап өту қажет.
Аула клубтарының материалдық-техникалық базасы заманауи талаптарға
сай келмейді, олар негізінен тұрған ғимараттардың жертөле қабаттарында және
төменгі бөліктерінде орналасқан. Бұл жағдайларда балалар мен жасөспірімдердің
бос уақытын сапалы ұйымдастыруға мүмкіндік жоқтың қасы.
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі
жергілікті атқарушы органдар мен ҚР БҒМ-ге «Қазақстан Республикасында
бұқаралық спорттық дамыту туралы» және «
Балалар-жасөспірімдер клубтарын
(БЖК) құру туралы» хат жіберді
.
Жоғарыда көрсетілгендермен қатар, әртүрлі деңгейдегі спорттық-бұқаралық
іс-шараларды ұйымдастыру балалар спортын дамытудың маңызды факторы
болып табылады. Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша жыл
сайын облыстық деңгейде оқушылардың жазғы және қысқы Спартакиадалары,
спорттың әр түрінен турнирлер мен жарыстар өткізіліп тұрады.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде Агенттік «Кока-Кола
Алматы Боттлерс» компаниясымен бірге «Папа, Мама, Я - спортивная семья»
атты отбасылық жарыстар өткізу жөніндегі жобаны іске асыруда.
Бұдан басқа,
«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға ортақ
Достарыңызбен бөлісу: