Әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған отбасылардың оқушыларына тегін ыстық
тамақ беруді ұйымдастыру туралы мәліметтер
Облыстардың атауы
2012 жыл
2013 жыл
балалар
саны
%
балалар саны
%
Ақмола
10 325
100,0
10 623
91,7
Ақтөбе
18 258
99,0
11 379
99,8
Алматы
31 770
99,2
31 770
99,2
Атырау
9 289
70,4
8 969
100,0
Шығыс Қазақстан
25 157
97,2
25 423
98,8
Жамбыл
20 873
100,0
20 780
100,0
Батыс Қазақстан
16 805
99,3
17 247
99,5
Қарағанды
18 050
86,0
17 967
100,0
Қызылорда
20 222
100,0
21 303
100,0
Қостанай
10 074
112,9
10 562
100,0
Маңғыстау
8 346
100,0
8 346
100,0
Павлодар
13 972
100,0
14 274
100,0
Солтүстік Қазақстан
10 067
93,4
8 822
100,0
Оңтүстік Қазақстан
25 958
100,0
25 958
100,0
Астана қ.
2 600
95,7
1 289
100,0
Алматы қ.
14 358
96,5
14 770
99,2
Жиыны
256 124
97,0
249 482
99,0
Астана және Алматы қалалары, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан
облыстары әкімдерінің бастамасы бойынша бастауыш сыныптардың барлық
оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.
Мектеп тамағының сапасын бақылауды ұйымдастыру, сондай-ақ
оқушылардың жекелеген санаттарын тегін тамақпен қамтамасыз ету мақсатында
ҚР Үкіметі Санитариялық эпидемиологиялық қағидаларды, балаларға арналған
азіқ-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы техникалық регламентті, мемлекеттік
қызметтер көрсету стандартын бекітті.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жергілікті
атқарушы органдар мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру үшін жауапты болып
табылады. Тамақтың сапасын бақылау денсаулық сақтау органдарына жүктеледі.
45
Балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау саласындағы мемлекет
саясаты
Қазақстан Республикасында әлеуметтік шығыстарды қаржыландыру көлемі
жыл сайын ұлғайып отырады, балалы отбасыларды әлеуметтік қолдаудың жаңа
шаралары қабылданады.
Қазақстанда балалы отбасыларды қолдау «Балалы отбасыларға берілетін
мемлекеттік жәрдемақылар туралы» ҚР Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл
заңда төлемдердің бірнеше түрі көзделген: бала тууына байланысты, бала бір
жасқа толғанға дейін оны күтіп-бағу жөніндегі жәрдемақы, мүгедек баланы
тәрбиелейтін адамға төленетін жәрдемақы.
2013 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жәрдемақы алғандар:
1) бала тууына байланысты – 284,1 мың адам, бұл 2012 жылдың осындай
кезеңіне қарағанда 3,1 %-ға аз. Төленген шығыстардың сомасы 16,0 млрд. теңгені
құрады;
2) бала күтімі бойынша – орта есеппен 152,1 мың адам, бұл 2012 жылдың
осындай кезеңіне қарағанда 2,9 %-ға артық. Төленген жәдемақылардың сомасы
20,0 млрд. теңгені құрады;
3) он сегіз жасқа толмаған мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамға –
орта есеппен 61,4 мың адам алды, бұл 2012 жылдың осындай кезеңіне қарағанда
4,7 %-ға артық. Төленген жәдемақылардың сомасы 10,7 млрд. теңгені құрады.
Айталық, 2013 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорынан жүктілігіне және босануына байланысты 31,9 млрд. теңге
46
мөлшерінде
әлеуметтік
төлемдер жүргізілді, бұл 2012 жылдың осындай
кезеңіне қарағанда 0,6 %-ға артық; бала күтіміне байланысты – 28,4 млрд. теңге,
бұл 2012 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 5,7 %-ға артық.
Бұдан басқа, «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік
жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі ҚР Заңына сәйкес мыналарға
арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді:
1) «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгісімен марапатталған, бұрын «Батыр
ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен
наградталған көп балалы аналарға 6 АЕК мөлшерінде немесе 10 578 теңге
(ағымдағы жылдың 9 айында 23,5 млрд. теңге сомасына орта есеппен 246,6 мың
адамға төленді. Бұл көрсеткіштер 2012 жылдың осындай кезеңімен
салыстырғанда тиісінше 1,3 %-ға және 8,3 %-ға жоғарылады);
2) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның
ішінде орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, жоғары оқу
орындарында оқып жатқан балалары бар, балалары оқу орнын бітірген уақытқа
дейін кәмелеттік жасқа толған, бірақ жиырма үш жасқа толмаған көп балалы
отбасыларға 3,9 АЕК мөлшерінде немесе 6 876 теңге (ағымдағы жылдың 9 айында
орта есеппен 211,4 мың адамға 13,2 млрд. теңге сомасына төленді. Бұл
көрсеткіштер 2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда тиісінше 6,2 %-ға
және 12,8 %-ға ұлғайды).
Табысы аз балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау мақсатында
қолданыстағы заңнамада мыналар көзделген:
1) әлеуметтік атаулы көмек (бұдан әрі – АӘК) – жан басына шаққандағы
орташа табысы кедейшілік шегінен төмен отбасыларға (күнкөріс деңгейінің 40 %-
ы) жан басына шаққандағы орташа табыс пен кедейшілік шегі арасындағы
айырма түрінде.
2013 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша табысы кедейшілік шегінен төмен
56,2 мың азаматқа 1,1 млрд. теңге сомасына АӘК тағайындалған. Бұл
көрсеткіштер 2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда тиісінше 38,4 %-ға
және 27,1 %-ға азайған. Сондай-ақ, АӘК енгізілген уақыттан бері (2002 жылғы 1
қаңтар) жан басына шаққандағы орташа табысы кедейшілік шегінен төмен
азаматтар саны 12 есе (1179,9 мың адамнан 2012 жылы 97,3 мың адамға дейін),
оның ішінде «18 жасқа толмаған балалар» санаты бойынша алушылар 11 есе
немесе 668,7 мың баладан 60,6 мың балаға дейін азайды.
АӘК алушылардың арасында балалардың үлес салмағы мейлінше жоғары–
64,2 %, бұл былтырғы
жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда
1,7 %-ға
жоғары.
АӘК алушылардың негізгі бөлігін ауылдық жерлердің тұрғындары құрайды
– 57,4 %, тиісінше, АӘК-ге бөлінген негізгі шығыстардың жалпы сомасының 57,3
%-дан астамы ауыл тұрғындарына көмек көрсетуге бағытталған.
47
2 ) 18 жасқа толмаған балаларға жәрдемақылар
–
жан
басына
шаққандағы орташа табысы азық-түлік қоржынының құнынан төмен отбасыларға
(күнкөріс деңгейінің 60 %-ы), әрбір балаға 1 АЕК (1731 теңге) мөлшерінде.
2013 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша табысы аз отбасылардан
шыққан 18 жасқа толмаған балаларға арналған жәрдемақымен (бұдан әрі – МБЖ)
539,0 мың бала қамтылған, бұл 2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда
6,7 %-ға төмен, бұл ретте тағайындау сомасы 6,5 млрд. теңге құрады.
Төленген МБЖ жалпы сомасының 76,1 %-ы ауылдық жерлерде тұратын
балаларға жіберілгенін атап өткен жөн, МБЖ алушыларының арасынан олардың
үлесі 75,1 %-ды құрады.
3) тұрғын үй көмегі – коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге арналған
шығыстары (осы мақсаттарға) шығыстардың шекті жол берілетін үлесінен асып
түсетін отбасыларға. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін жергілікті
өкілді органдар айқындайды.
2013 жылғы 2 тоқсанда тұрғын үй көмегі 101 мың отбасыға тағайындалды,
бұл 2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2,5 %-ға жоғары,
тағайындалған сома 1,7 млрд. теңгені құрады. Көрсетілген кезеңде тұрғын үй
көмегінің орташа мөлшері 2798,9 теңгені құрады, бұл өткен жылдың осындай
кезеңімен салыстырғанда 2,1 %-ға жоғары.
Балалы отбасыларды әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін дамыту елдегі
демографиялық ахуалға және бала туудың жоғарылауына оң ықпалын тигізді.
Айталық, егер 2003 жылы елде 247,9 мың бала туса, 2012 жылы жаңа туған
балалар саны 1,5 есе дерлік ұлғайды (379,1 мың бала). 2013 жылғы 1 қыркүйектегі
жағдай бойынша 261,1 мың бала туды.
Достарыңызбен бөлісу: |