48
төленеді. Бала білім алған кезеңде төленетін төлемдердің орташа айлық
мөлшері 3,5 мың теңгеден асады.
Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедек балаларды техникалық
көмекші құралдармен қамтамасыз етуге және әлеуметтік қызметтер көрсетуге
байланысты мәселелерге үнемі назар аударылып тұрады.
Айталық, 2012 жылы 1,2 мың балаға протездік-ортопедиялық көмек
көрсетілді. Көру және есту қабілеті бұзылған 900-ден
астам бала сурдо-,
тифлотехникамен қамтамасыз етілген
– бұл есту аппараттары, көп функциялы
сигнал беру жүйелері, мәтіндік хабарламасы бар және хабар қабылдайтын ұтқыр
телефондар, диктофондар, дыбыс жазбасын шығаруға арналған плейерлер және
тағы басқалары.
Кемтар балаларға 1054 кресло-арба берілді.
Жыл сайын 1000-ға жуық бала санаторийлік-курорттық емдеуге жіберіледі.
Бүгінгі күні әлеуметтік мекемелер желісі орнықты жұмыс істейді, олардың
қататында тірек-қимыл аппаратында ауытқу бар мүгедек балаларға арналған 4
интернат үйі, 17 балалар психоневрологиялық интернат үйі, 16 сауықтыру
орталықтары, 165 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері бар.
Мүгедек балалардың 30 %-ға жуығы (20 мың адамнан астам) арнаулы
әлеуметтік қызметтермен қамтылған.
Интернат үйлеріндегі мүгедектердің өмір сүру сапасын арттыру мақсатында
2009 жылдан бері республикалық бюджеттен Мүгедек балаларды әлеуметтік
қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын енгізуге 2,5
млрд. теңгеден астам сомаға қаражат бөлінген.
Мұндай қомақты қаржыландыру медициналық-әлеуметтік ұйымдарда
әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандардың, әдіскерлердің, дефектолог
мұғалімдердің, логопедтердің, дене шынықтыру мұғалімдерінің, еңбек бойынша
нұсқаушылардың,
музыкалық жетекшілердің, невропатологтардың, педиатр
дәрігерлердің, физиотерапевтердің, диетологтардың қосымша штат бірліктерін
енгізуге жұмсалды. Баланың әлеуметтік даму деңгейін негізге ала отырып, бір
топта жасына байланысты 6 – 12 бала болатын топтарды жиынтықтау
ұйымдастырылды, сол арқылы әр балаға жеке көңіл бөлінетін болды. Интернат-
үйлерін
заманауи қосалқы, медициналық, оқу жабдықтарымен жарақтандыру
кемтар балалардың оңалту қызметтеріне мұқтаждығын неғұрлым толық
қанағаттандыру үшін жағдай жасауға мүмкіндік берді.
Ағымдағы
нысаналы
трансферттердің
қаражаты
есебінен
психоневрологиялық ауруға шалдыққан және (немесе) тірек-қимыл аппаратында
кемшіліктері бар кемтар балаларға жартылай стационар шарттарында да – күндіз
болатын бөлімшелерде, отбасыны қолдау қызметтерінде, үйде қызметтер көрсету
шарттарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Бұл мақсаттарға 2011 –
2012 жылдары республикалық бюджеттен 1,5 млрд. астам теңге бөлінді.
Жартылай
стационарларды,
үйде
әлеуметтік
қызметтер
көрсету
бөлімшелерін дамыту, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде
49
дамыту
интернат
мекемелерінде тұратын
мүмкіндігі
шектеулі
балалардың санын азайтуға бағытталған.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді бәсекелі нарығын қалыптастыру
мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындауға үкіметтік емес
ұйымдар барған сайын кеңінен тартыла түсуде.
Айталық, арнаулы әлеуметтік қызметтермен мыналар қамтылды:
2009 жылы 156,9 млн. теңге сомасына психоневрологиялық сырқатқа
шалдыққан 1,5 мыңға
жуық бала;
2010 жылы 445,6 млн. теңге сомасына психоневрологиялық сырқатқа
шалдыққан 2,0 мыңнан астам бала;
2011 жылы 354,5 млн. теңге сомасына 2,3 мың адамға қызметтер көрсетілді;
2012 жылы 429,9 млн. теңге сомасына 2,7 мың адам қамтылды.
2013 жылы осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 653,4 млн. теңге
сомасында қаражат бөлу көзделген.
Белгілі бір жағымды өзгерістерге және қолданыстағы құқықтық база
қарамастан, мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуде
проблемалар да бар:
- мүгедектерге арналған оқыту бағдарламаларының болмауы;
-
әлеуметтік және көліктік инфрақұрылымның дамымауы, бұл
мүгедектердің қоғамға интеграциялану деңгейін төмендетеді.
Бұл проблемаларды шешу үшін Мүгедектердің құқықтары туралы
конвенцияға қол қойылуына байланысты Министрлік
Қазақстан Республикасында
мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту
жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға
арналған іс-шаралар жоспарын
іске асыруда.
Жоспарға сәйкес:
-
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің
құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы» заң жобасының тұжырымдамасын әзірленді, ол Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
жанындағы
Заң
жобалау
қызметі
мәселелері
жөніндегі
ведомствоаралық комиссияның 2013 жылғы 28 наурыздағы отырысында
мақұлданды, оның шеңберінде Қазақстан Республикасының мүгедектерді
әлеуметтік қорғау мәселелеріне қатысты 24 нормативтік құқықтық актісіне
өзгеріс енгізу көзделеді
;
- әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне түгендеу жүргізу (паспорттау)
жөніндегі әдістемелік ұсынымдар әзірленіп, өңірлерге жіберілді;
- объектілер қолжетімділігінің жай-күйіне бағалау жүргізудің тиімділігі
үшін халықтың ұтқырлығы төмен топтарына арналған мемлекеттік ҚНжЕ жинағы
әзірленіп, онда қолжетімді орта құруға қойылатын талаптар қамтылды.
Барлық
өңірлерде әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілеріне түгендеу
(паспорттау) жүргізілуде. 2014 жылы мүгедектерге қызмет көрсетуге
бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде 10 мыңнан астам арнаулы жол
белгілерін (сілтегіштер) орнату және жаяу жүргіншілер өтетін жолдарға 136
дыбыс беру құрылғыларын орнату, өңірлік телеарналарда жаңалықтар тізбегін
50
сурдоаударуға тапсырыс орналастыру, инватакси
қызметтерін
көрсетуді
дамыту көзделеді;
-
Мүгедектердің проблемаларына қоғамның оң көзқарасын қалыптастыруға
бағытталған қоғамдық ағарту науқанын өткізу, бұқаралық ақпарат құралдарында
жарияланымдар мен баяндамалар дайындау жөніндегі медиа-жоспар
іске
асырылды, сондай-ақ 2013 жылға арналған осындай
Медиа-жоспар қабылданды
(ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен ҚР Мәдениет және
ақпарат министрлігінің бірлескен бұйрығымен);
- жоспардың екінші кезеңін іске асыру жұмыстары жүргізілуде.
Ағымдағы жылы мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуетін дамыту және
олардың өзін-өзі көрсетуі әрі қоғам өмірінің барлық салаларында мүгедектер,
оның ішінде мүгедек балалар үшін басқа адамдармен бірдей мүмкіндіктер
жасауға жұртшылықтың назарын аудару мақсатында ағымдағы жылдың шілде
айында мүмкіндігі шектеулі балалар, жастар арасында «РАЗНЫЕ-РАВНЫЕ» деп
аталатын тұңғыш республикалық конкурс бастау алды. Конкурсқа 6 мыңнан
астам адам қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: