«Жұмыспен қамту» акциясы өткізілді.
Акция барысында бос уақытты ұйымдастырудың түрлі нысандарына
кәмелетке толмаған 50 мыңнан астам бала тартылды, оның ішінде 9 мыңнан
астам бала ІІБ есепте тұрады, сондай-ақ 12 мыңға жуығы берекесіз отбасылардан
шыққан.
Ішкі істер органдары мүдделі мемлекеттік органдармен бірге берекесіз
отбасыларда тұрып жатқан балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған іс-
шаралар кешенін жүзеге асыруда.
Айталық, 2013 жылдың 9 айында ішкі істер органдарында 12 мыңнан астам берекесіз отбасы есепте тұрады, оларда тұрып жатқан балалардың саны 19 мыңнан астам, мұндай балалармен жағдайды жақсартуға және балаларды
тұрмыстық зорлық-зомбылық пен отбасындағы қатыгездіктен қорғауға
бағытталған профилактикалық жұмыс жүргізіледі.
Білім беру ұйымдарының өкілдерімен бірге берекесіз отбасылардың тұрғын
үй-тұрмыстық жағдайын 10 мыңға жуық тексеру жүргізілді.
Жүргізілген жұмыс нәтижесінде түзелуіне байланысты 6,6 мыңнан астам берекесіз отбасы ішкі істер органдарының есебінен шығарылды, оларда тұрып
жатқан балалардың саны – 11 мыңға жуық. Сонымен қатар, 2013 жылы ата-аналық міндеттерін орындамайтын, сондай-
ақ өз балаларына қауіп төндіретін 734(2012 ж. – 786) ата-ана өз құқықтарынан