Байланысты: 4.2 Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама
2006 2007 2008 2009 2010 2011 2012 2012 - 9 ай 2013 - 9 ай Бұдан басқа, бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін 3,9 мыңнан астам ата-ана мен оларды алмастыратын адамдар әкімшілік
жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚК 111-бабы), ата-аналардың немесе олардың
міндеттерін орындайтын адамдардың балаларға қатыгездікпен қарау фактілері
бойынша 34 (2012 ж. – 20) қылмыстық іс қозғалды (ҚР ӘҚК 137-бабы). Құқық бұзушылықтың ерте профилактикасы мақсатында берекесіз және
табысы аз отбасылардан шыққан балалар мен жасөспірімдерді бос уақыттарын
пайдалы жұмсауға тарту жөнінде жұмыс жүргізілуде. Айталық, ағымдағы жылы кәмелетке толмаған 700 мыңнан астам баланың
бос уақыты қамтылды, оның ішінде 7 мыңға жуығы ІІБ есепте тұрған балалар
және 16 мыңнан астамы берекесіз отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балалар. «Динамо» ведомстволық спорт залдарына бір мыңға жуық кәмелетке
толмаған бала барып тұрды, олардың ішінде 233 бала ішкі істер органдарында
есепте тұрғандар. Сонымен қатар, ІІБ есепте тұрған және берекесіз отбасыларда тәрбиеленіп
жатқан кәмелетке толмаған 6 мыңнан астам бала аула клубтарына барады. Өңірлердің әкімдіктерімен бірге білім беру мекемелері мен оларға іргелес
аумақтарда бейнебақылау камераларын орнату, сондай-ақ пластикалық
карточкаларды пайдалану арқылы бақылау-өткізу режимін енгізу жөніндегі іс-
шаралар жүргізілуде. Бүгінгі күні жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен бейнебақылау
камералары 1131оқу орнында орнатылған. Бұдан басқа, еліміздің барлық өңірлеріндегі білім беру ұйымдарында
сабақтан тыс уақытта балалармен және жасөспірімдермен өзін-өзі қорғау
амалдарына оқытып, шұғыл жағдайлардағы оңтайлы мінез-құлық дағдыларын
қалыптастыру мақсатындағы арнайы сабақтар өткізіледі. Бүгінгі күні мұндай іс-
шаралармен 14 мыңнан астам оқушы қамтылған.
60
Пилоттық жобаны іске асыру мақсатында
(АҚШ-тағы Кадет мектептері сияқты) Ақтөбе облысының ІІД Оқу орталығының базасында