Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті



Pdf көрінісі
бет50/60
Дата28.01.2023
өлшемі2,33 Mb.
#63492
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   60
Байланысты:
4.2 Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама

хабардарлығы болып табылады. 
Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясының ережелері мен баптары 
туралы балалар мен жасөспірімдердің хабардарлығын жоғарылату үшін 
республикалық іс-шаралар өткізіледі: форумдар, басқосулар, конференциялар, 
пікірталастар және басқалар. Іс-шараларды өткізуге халықаралық және үкіметтік 
емес ұйымдар мен бірлестіктер, ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері, 
меценаттар және басқалар белсенді қатысады.
Саяси-құқықтық білімнің қажетті көлемін әрбір балаға беру мақсатында 34 
сағат көлемінде 9-11 сыныптарда «Адам. Қоғам. Құқық» пәні, 5-9 сыныптарда 
«Өзін өзі тану» пәні бағдарламасында оқылады. Осылай, 7-9 сыныптарда «Өзін 
өзі тану» пәнінің шеңберінде «Адам және қоғам» бөлімі оқылады.
Сондай-ақ білім беру ұйымдарында қосымша сабақтар, сынып сағаттары, 
мектептен тыс іс-шаралар өткізіледі. Оқушылар арасында құқықтық түсіндіру 
жұмыстарын жүргізетін мектептік үгіттеуші бригадалары жұмыс істейді. 
Жыл сайын республикада «Конвенциямен бірге балалық шақ әлемі» 
онкүндігі өткізіледі, оның негізгі мақсаты – Конвенцияның негізгі ережелері 
туралы балалар мен олардың ата-аналарының құқықтық мәдениеті және 
хабардарлық деңгейін жоғарылату.
Конвенцияның ережелері туралы балалардың хабардарлығы туралы жыл 
сайын республиканың қалалық және ауылдық өңірлерінің 800 мыңнан астам 
балаларды қамтитын әлеуметтік зерттеулер балалардың өз құқықтары туралы 
құқықтық білімділік және хабардарлық деңгейі жоғарылап келе жатқанын 
көрсетеді. Егер 2010 жылы ол 56%-ды құраса, 2011 жылы – 68% , 2012 жылы – 
76%, 2013 жылы – 81% құрады. 
Балалармен жұмыс істейтін мамандардың хабардарлығын жоғарылату 
мәселелріне маңызды назар бөлінеді. 
Өңірлерде және орталық деңгейде балалар құқықтарын қорғау мәселелері 
бойынша педагогикалық, ата-аналар жұртшылығының, сот және құқық қорғау 
органдарының өкілдерімен үйретуші семинарлар, тренингтер үнемі өткізіледі.


74 
Балалар құқықтары мәселелері бойынша 
материалдар 
«Қазақстан 
балалары» (ҚР БҒМ Балалар құқығын сақтау жөніндегі комитетінің журналы), 
«Ребенок и право» және басқа да мерзімдік журналдар мен газеттерде 
жарияланады. 
Балалар құқығын сақтау жөніндегі комитеттің www.bala-kkk.kz және 
балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқарманың сайтында балалар мен ата-
аналарға қажетті ақпарат орналастырылған айдарлар құрылған.
Сондай-ақ, балалар құқықтарын қорғау тетіктерінің бірі шағымдар мен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет