76
арасында қатты ұстау және зорлық- зомбылық актілерінің көрінісін анықтау
бойынша әлеуметтік зерттеулер өткізілді.
Сонымен қатар, 2009 жылы қол қойылған «Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым, Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктерінің және
Қазақстан Республикасындағы
БҰҰ Балалар қорының
(ЮНИСЕФ) арасындағы
өзара түсінушілік туралы» үш жақты меморандумын іске асыру шеңберінде 2013
жылдың басынан бастап әзірленіп жатқан 12-жылдық білім берудің білім беру
стандартына апаттық тәуекелді төмендету блоктарын ықпалдандыру бойынша
бірлескен жұмыс жүргізілуде.
Халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында 2013 жылы балалар
құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халықаралық сарапшылармен және
халықаралық ұйымдарының өкілдерімен
20-дан астам кездесулер өтті.
2013 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
жергілікті атқару органдарымен және ҮЕҰ-мен бірігіп балалық шақ мәселелері
бойынша
350-ден астам әлеуметтік маңызды іс-шаралар өткізілді, олардың
ішінде мыналар:
- «Қазақстан Республикасындағы асырап алу мәселелері» тақырыбына
республикалық дөңгелек үстелдің отырысы (2013 жылғы 28 ақпан);
- Балаға достас қалалардың IV форумы (Карағанды қаласы);
- жетім балаларға және ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға
арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері арасында «Таң Шолпан»
республикалық конкурсы (Қостанай қаласы);
- 8-ші бала еңбегін жою мәселелері жөніндегі Ұлттық ақпараттық кампания
(ҰАК);
- педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері мен оқушылар
арасында «Өзін өзі тану» бойынша бірінші республикалық олимпиада;
- даму мүмкіндіктері шектелген балаларға арналған «Жұлдызай» балалар
шығармашылығының республикалық фестивалі (Астана қаласы);
- Халықаралық отбасы күніне арнаулы «Мөлдір бұлақтан» отбасылық
шығармашылықтың өңірлік фестивалі;
- «Менің идеяларым менің еліме» балалар әлеуметтік бастамасының өңірлік
қоғамдық тыңдаулары;
- «Өзін өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бойынша Республикалық
Кеңестің төрт отырысы және басқалар.
- қорғаншылық және қамқоршылық, мектепте тамақтануды ұйымдастыру,
КБО-дың қызметі, бала еңбегінің ең жаман түрлерінің профилактикасы, суицидтік
көріністер, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық, балалардың
ерікті қозғалысы мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен 8
интерактивті мәжілістер, семинарлар, конференциялар, форумдар.
Достарыңызбен бөлісу: