75
2013 жылы даму мүмкіндіктері шектеулі
балаларға
арналған
инклюзивті білім беру, жетім балаларды және ата-аналарының қарауынсыз қалған
балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселлері бойынша жергілікті атқару
органдарымен видеоконференция байланысы режимінде ВАК-тың 12-ші отырысы
өтті.
Жергілікті атқару органдары ВАК ұсыныстарын орындау бойынша жұмыс
жүргізеді.
Мектепте тамақтандыруды жаңғырту мәселелері бойынша ВАК-тың 13-ші
отырысы желтоқсанға жоспарланған.
ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалар құқықтарын сақтау жөніндегі
комитетінің жанында құрылған
ҮЕҰ кеңесі әрекет етеді, оның құрамына 37
үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кірді. 2013 жылғы сәуірде Павлодар
қаласында «Әлеуметтік жетімдік профилактикасында ҮЕҰ және мемлекеттік
органдар жігерінің бірігуі» тақырыбына Кеңестің
IV кеңейтілген отырысы өтті.
2013 жылғы 23 қазанда Шығыс Қазақстан облысында «Балалар үйінде
тәрбиеленушілерді өмірде орналасу, әлеуметтік интеграция және бейімдеу
мәселелерін шешудің инновациялық тәсілдері» ҮЕҰ Кеңесінің
V кеңейтілген
отырысы өтті.
Екі жобаны іске асыру бойынша
БҰҰ Балалар қорымен
(ЮНИСЕФ)
жұмыс жалғасуда:
- «Балаға достас қала»;
- «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулердің ықпалдандырылған үлгісін іске
асырудың бес қадамы»
Достарыңызбен бөлісу: