12
Ата-аналарға
консультативтік
көмек көрсетуді қамтамасыз ету,
сондай-ақ балаларды тәрбиелеу мен оқыту процесіне ата-аналарды тарту үшін
республикада үлгілік балабақшалардың жанынан ашылған
1046 консультациялық
пункт жұмыс істейді.
«Мектепке дейінгі балалық» республикалық орталығы «Консультациялық
пункттер жағдайында ата-аналардың сауатын ашу бағдарламасын», «Балалар
ойынының тілі» білім беру курсын, «Тәрбиеші-гувернер бағдарламасын» және
басқаларын әзірледі.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша балаларды мектепке дейінгі
тәрбиелеумен 100% қамтуды қамтамасыз ету мақсатында «Балапан»
бағдарламасын іске асыру мерзімі 2020 жылға дейін ұзартылды.
Бүгінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесінің
мазмұнына баса
назар аударылып отыр.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Мектепке дейінгі
тәрбиелеу мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты және шетел
тілдерін оқытуды қамтитын Мектепке дейінгі білім берудің үлгілік оқу
жоспарлары бекітілді.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен
оқытудың стандарты мен оқу
бағдарламалары мектепке дейінгі және мектепте бастауыш білім берудің
арасындағы сабақтастық проблемаларын тиімді шешуге ықпал етеді.
Бүгінде республиканың мектепке дейінгі ұйымдарында «Балбөбек»,
«Қайнар», «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз»
бағдарламалары, 90-нан астам басылымды қамтитын әдістемелік кешендері бар
«5-6 жастағы балаларды мектеп жағдайларында және 5-7
жастағы балаларды
балабақша жағдайларында мектепалды даярлаудың жалпы білім беру
бағдарламасы» қолданылады.
«Балапан» бағдарламасын іске асырудың аса маңызды міндеттерінің бірі
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту үшін мамандар даярлау болып табылады.
Қазіргі уақытта кәсіптік және техникалық білім беретін (КжТБ) 31 оқу
орнында «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту» мамандығы бойынша кадрлар
даярлау жүзеге асырылады.
Сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдар үшін мамандар даярлауды 32 жоғары
оқу орны жүзеге асырады.
«Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту»
мамандығы бойынша кәсіптік
және техникалық білім беретін оқу орындарына оқуға қабылдаудың ұлғайғаны
байқалып отыр
.
Осы мамандық бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының жыл
сайынғы көлемі
240 грантты құрайды.
Бүгінде мектепке дейінгі ұйымдарда 60
мыңнан астам педагог жұмыс
істейді.
13
«Өрлеу»
БЖҰО
деректері бойынша
2014
–
2020
жылдар
аралығында 56 795 педагог біліктілікті жоғарылатудың қысқа мерзімді
курстарымен қамтылатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: