Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00


К.Гельвеций (1715-1771), П.Гольбах



Pdf көрінісі
бет8/159
Дата30.01.2023
өлшемі1,41 Mb.
#63890
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   159
Байланысты:
Бабаев С. Б., О албек Ж. К

К.Гельвеций (1715-1771), П.Гольбах (1723-1789), əсіресе Ж.Ж.Руссо 
(1712-1778) болды. «Затқа назар! Затқа! Мен ешқашанда біздің 
мылжың тəрбиемізбен сөзге аса көп маңыз беріп, құрғақ сөзді 
адамдарды жасайтынымызды қайталап айтудан жалықпаймын» -деп 
ұрандады ол. 


Педагогиканың қалыптасуында И.Г.Песталоцийдің (1746-1827) 
есімі аса құрметпен аталады. «О сүйікті халқым! Сенің қаншалықты 
төмен жасап жатқаныңды мен байқап жүрмін, мен саған көтерілуге 
жəрдем беремін»-деп, ол жан айқайын салды. И.Г.Пестолоций өз 
дегеніне жетті: мұғалімдерге оқыту мен адамгершілік тəрбиесінің 
ізгілікті теориясын ұсынды. 
«Өзгерістерден басқа тұрақты ешнəрсе жоқ», -деп үйреткен неміс 
педагогы Фридрих А.В.Дистервег (1790-1886) барша педагогикалық 
құбылыстарға тəн тəрбиенің қозғаушы күштері мен қарама-
қарсылықтарын зерттеген. 
Орыс ойшылдары, философтары жəне жазушыларының арасында 
педагогикалық 
шығармаларымен 
белгілі 
болған 
есімдер: 
В.Г.Белинский (1811-1848), А.И.Герцен 
(1812-1870), 
Н.Г.Чернышевский (1828-1889), Н.А.Добролюбов (1836-1561). Бүкіл 
əлемде 
Л.Н.Толстойдың (1828-1910), Н.И.Пироговтың 
педагогикалық идеялары əйгілі. Олар таптық мектепті қатаң сынға 
алып, халықтық тəрбие саласын түбегейлі өзгерту қажеттігін ұрандады. 
Қазақ халқының да тəлім-тəрбиелік жүйесі ұланғайыр да мəуелі. 
Бұл салада халқымыздың тəлім-тəрбиелік алтын қорына елеулі үлес 
қосқан арыстарымыз А. Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, С.Торайғырұлы 
жəне т.б. Олардың тəлім-тəрбиелік өсиеттері талай зерттеулерге арқау 
болған. Кемеңгер Ахмет Байтұрсынұлының өткен ғасыр басында –
«Мектептің жаны мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі həм сондай 
болмақшы…əуелі біз елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз 
керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі. Қазақ ісіндегі 
неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде, оқумен түзеледі» – деген ұлағатты 
ескертпесі бүгінгі қазақ мектебінің ұлттық білім стратегиясының тұғыры ретінде 
қабылдануда. 
Орыс педагогикасын əлемдік даңққа бөлеген Константин 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет